МАҢЫЗДЫ БІР СҰРАҚ: Махаббат пен сүйіспеншілік ықтиярмен болмайды. Жаратылысымнан мұқтаждығым бар тәтті тағамдар мен жемістерді жақсы көремін. Ата-анам мен балаларымды сүйемін. Өмірлік жолдасымды сүйемін. Қимас достарды сүйемін. Пайғамбарлар мен әулиелерге сүйіспеншілігім бар. Өмірді, жастық шақты сүйемін. Көктемнің сұлулығы мен дүниені сүйемін. Бұларды қалай сүймеске? Бұл махаббаттардың барлығын Аллаhтың сипаттары мен […]
Recent Posts
Тәсәттүр туралы
Тәсәттүр әйелдерге фытри яғни табиғи әрі оны жаратылысы талап етеді. Өйткені, әйел заты әлсіз әрі нәзік. Сондықтан өзін және жанындай жақсы көретін балаларын қорғаштайтын ер кісінің жәрдеміне мұқтаж. Ол өзін оған сүйсіндіруге, жиіркендірмеуге, ыңғайсыз жағдайға қалмауға тырысады. Сонымен қатар, он әйелдің алты-жетісінің жасы ұлғайған, не көріксіз. Мұнысын, әрине әркімге көрсеткісі […]
Еркек пен әйел міндеті
Әйел мен еркек арасындағы сүйіспеншілік, махаббат, терең әрі тығыз байланыс тек бұл дүниелік өмірдің қажеттілігінен туындамайды. Иә, әйелі күйеуіне тек дүниелік өмірде ғана серік емес. Ол оның о дүниедегі мәңгі өмірде де серігі болмақ. Олай болса әйел, мәңгілік серігі болатын күйеуінен тыс, басқаның назарын өзіне аудартпауға мiндеттi. Оны ренжітпеуі, қызғандырмауы […]
Мейірімділік және Ана
Рисалей-Нұрдың негізгі мәселелерінің ең бастысы – мейiрiмдiлiк. Сондықтан, әйел қауымында, яғни мейірімділік қаһармандары арасында, Рисалей-Нұрға деген қызығушылық әлдеқайда басым. Құдайға шүкір, бұл фытри (жаратылысына тән) қызығушылық көп жерде байқалуда. Бұл мейірімділіктегі бүкпесіз жанкештілік, шынайы ыстық ықылас пен ақы талап етпейтін риясыз адалдықтан туатындықтан мына заманда оның маңызы өте зор. Иә, […]
Нәзік жандылар қауымына хат
Биыл қоғамнан қол үзіп, жалғыз жүрсем дағы кейбір нұршы достарым мен қарындастарымның өтініштерін қимай дүниеге назар салдым. Әңгімелескен көп достарымның отбасы үстiнен шағым айтқандарын естіп, “әттеген-ай” дедім. “Адамның, оның ішінде мұсылманның қорғаны, сондай-ақ, Жәннаты әрі шағын дүниесі – оның отбасы еді. Бұл да бұзылайын дегенi ме?” деп, қынжыла отырып, себептерін […]
Хазіреті Адамның халифа болуы және жәннаттан шығарылуы
Құрандағы көптеген шағын оқиғалардың әрқайсысының астарында жанжақты да ауқымды ережезаң, ұстануы тиіс дәстүрлер жатады. Әрі олар жалпыға ортақ заңдылықтың ұшы ретінде баяндалады عَلَّمَ اٰدَمَ اْلاَسْمَۤاءَ كُلَّهَا /Ол Адамға барлық заттардың есімдерін үйретті/ (Бақара 31) “талим-ул әсманы” мұғжизасы яғни Хазіреті Адамның Аллаh оған өз есімдерін үйретуін алайық.Былай қарасаң кішкене, шағын оқиға […]
Саясат және Саид Нұрси
Неге саясатқа осынша немқұрайлылық танытып отырсыз? Әлемде мұншалық өзгерістер болып жатса да сіз өз ұстанымыңызды өзгерткен жоқсыз. Осы өзгерістер дұрыс деп ойлайсыз ба, әлде, қорқасыз ба, неге үнсіз отырсыз? Жауап: Құран Хакимге қызмет, менің саясатқа араласуыма қатаң түрде тыйым салды. Тіпті, саясат туралы ойлаудың өзін мүлде ұмыттырды. Әйтпесе, басымнан өткен […]
Жәһәннам қай жерде?
قُلْ اِنَّمَا الْعِلْمُ عِنْدَ اللّٰهِ ٭ لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ Жәһәннамның қай жерде екені, кейбір риуаяттар бойынша жер шарының астында. Басқа жерлерде де айтқанымыздай, жер шары бір жылдық орбитасында болашақтағы махшар алаңын айналып, шеңбер сызып жүр. Жәһәннам, жердің сол жылдық орбитасының астында деген сөз. Ол перделі һәм нұрсыз от […]
Жәннатта әркім өз сүйгенімен бірге бола ма?
Сұрақ: اَلْمَرْءُ مَعَ مَنْ اَحَبَّ сыры бойынша “Жәннатта әркім өз сүйгенімен бірге болады” делінген. Алайда қарапайым бір бәдәуи араб, әз Пайғамбармен бірақ минут сұхбаттасып Аллаһ үшін оған махаббаты оянған болса, енді сол махаббаты үшін жәннатта пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уасәлламның жанында болуға тиіс. Сонда қалай шексіз нұрға бөленген Расулі Әкрем саллаллаһу […]
Хазыреті Хызыр және 5 әлем
БІРІНШІ СҰРАҚ: Хазіреті Хызыр Алейһиссаламның тірі екені рас па? Рас болса кейбір мықты ғалымдар оның тірі екенін неге қабылдамайды? Жауабы: Тірі, бірақ ол біздікінен бөлек әлемде өмір сүруде. Ондай бес әлем бар. Ол екінші мәртебеде. Сондықтан кейбір ғалымдар оның тірі екеніне күмәнмен қараған. Ондай әлем бесеу дедік. Біріншісі: Біздің әлеміміз. […]