Recent Posts

Ислам, Құран, Таухид

Зұлқарнайынның қорғаны қай жерде?

Жауап: Бұдан бұрын бұл мәселе жөнінде бір рисале жазғанмын. Сөйтіп, дінсіздердің аузына құм құйған едік. Қазір ол рисале жоқ, ол кездегі жазғандарым да есіме түсе қояр емес. Жиырма төртінші Сөздің Үшінші тармағында бұл мәселе біраз жазылғанды. Сондықтан, оның кейбір маңызды тұстарына ғана қысқаша тоқталып өтеміз. Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, әрі Зұлқарнайын […]

Ислам, Құран, Рисале-и Нұр

Құран Хакимнің шәкірттері мен қызметшілеріне нұсқау ретінде және алданып қалмаулары үшін жазылған [Аясофия мысалымен]

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Сондай зұлымдық істегендерге бейім сыңай байқатпаңдар. Онда сендерге тозақ кездеседі. /Һуд,11;113/ /Бұл алтыншы бөлім адам және жын шайтандарының «Алты айласын» ИншаАллаһ іске асырмай тастайды және шабуылға шығар жолдарының алтауына тосқауыл қояды./ Адам шайтаны жын шайтанынан сабақ алып, Құран жолында жүрген жанкешті қызметшілерді атаққұмарлық […]

Uncategorized

“Құран Хакимнің сырлары білінбейді, тәпсір жазушылар оның ақиқатын түсінбеген” дейтін пікірдің екі жағы бар.

Оны айтушылар да екі топқа бөлінеді. Біріншісі: Ақиқатшылдар мен ғалымдар тобының айтуы бойынша: «Құран таусылмас қазына, әрбір жаңа ғасыр, ашық мағыналарын қабылдай отырып, толықтырушы мағыналарынан да өз үлесін алады, басқалар үшін жасырын қалған үлесіне тимейді»-дейді. Бұл Құран Хакимнің уақыт өткен сайын, одан да көп мағыналары ашыла түседі деген сөз. Әйтпесе, […]

Адам, Ислам, Рисале-и Нұр

«Үлкен күнәні істеген адам қалай мүмин болып қала береді?» деген сұраққа жауап

О баста күнә істеген адамды кәпірге санау қате екені нақты түрде түсіндірілгендіктен меніңше қайталаудың қажеті жоқ. Жалпы адамның нәпсісі аз да болса дайын тұрған ләззатқа құмар келеді. Ол тіпті азғантай болса да біраздан соң берілетін мол ләззаттан артық көреді. Сол секілді кейін болатын ауыр азаптан гөрі дәл қазіргі болатын кішкене […]

Ислам, Мұхаммед пайғамбар, Рисале-и Нұр

Сүннет баспалдағы және Бидғат дертінің емі

Иә, пайғамбарымыздың сүннетін ұстану өте манызды. Әсіресе, бидғаттар көбейіп, келеңсіздік өрши түскен кезде маңыздылығы арта түседі. Әсіресе, үммет бүлінген кезде сүннет амалдарының азғантайын орындау адамның тақуалығын, иманының беріктілігін көрсетеді. Сүннетті толық ұғынып, мойынсұну, ардақты Пайғамбарымызды (с.а.у.) еске түсіреді. Оны еске алғанда Илаhи сенім пайда болады. Яғни, пенде өзін Аллаhтың алдында […]

Адам, Ислам, Рисале-и Нұр

Шайтанның иманды жандарды азғыруына неге Аллаһ рұқсат береді?

Жауап: Шайтанның жаралуында азғантай жамандық болғанымен көптеген жалпыға ортақ болымды мақсаттар мен адамзаттың кемелденуі секілді игі істер көзделген. Рас, бір дәннің сонау зәулім ағаш болғанша қаншама мәртебесі болса, адамзаттың да қабілет жағынан мәртебесі саналуан. Тіпті жер мен көктей ұзыннан ұзақ созылып жатқан дәрежелері бар. Мұндай зор қабілеттің ашылып жетілуі үшін […]

Ислам, Құран, Рисале-и Нұр

ҚҰРАН дегеніміз не?

ҚҰРАН – мына әлем атты алып кітаптың мәңгі бітпес тәржімесі;ҚҰРАН – жаратылыс аяттарын оқитын түрлі тілдердің мәңгі өшпес тілмашы;ҚҰРАН – мына кітап тәріздес көзге көрінетін және көрінбейтін әлем­дерге түсініктеме беруші;ҚҰРАН – Жердегі және Көктегі жасырын Иләһи көркем есімдердің мағынауи қазыналарын тауып беруші;ҚҰРАН – жазба тәрізді қилы оқиғалардың астарындағы терең ақи­қаттардың […]

Ислам, Рисале-и Нұр, Сенім

Мағынасын Сүю (Manayı-i Harfi/Manay-i İsmi)

Дүниені және ондағы жаратылысты есімдік мағы­насымен емес, әріптік мағынасымен сүй. Яғни “Қандай тамаша жаратылған!?” деп айт! “Қандай тамаша!” деп айтпағын. Жүрегіңе өзге махаббаттардың орнауына жол берме! Себебі жүректің іші, тұнық жері Самедтің айнасы, тек оған тиесілі. اَللّٰهُمَّ ارْزُقْنَا حُبَّكَ وَ حُبَّ مَا يُقَرِّبُنَا اِلَيْكَ деп айт. Сонымен, жоғарыда айтып өткен […]

Ислам, Рисале-и Нұр

Ақырзаманда «Жер бетінде Аллаһ, Аллаһ дейтін ешкім қалмайынша қиямет болмайды»

Сұрақ: Ақырзаманда Хазіреті Иса (а.с) Тажалды өлтіргеннен кейін адамдардың көбі Хақ дінге кіреді. Алайда: «Жер бетінде Аллаһ, Аллаһ дейтін ешкім қалмайынша қиямет болмайды» деп риуяттарда айтылған. Иманға келушілер соншама көбейетін болса, қалай бәрі бірдей кәпір болып кетеді? Жауап: Сахих хадисте риуаят етілген Хазіреті Иса (а.с) келетінін және Ислам шариғатымен амал […]

Ислам, Рисале-и Нұр, Сенім, Таухид

Рақым, шәпқат кімде бар?

Уа, ғапыл Саид! Байқа! Сезім алданып фәни дүнияны мәңгі бақи деп ойлап қалма! Айналаңа, дүнияға қарағаныңда біршама тұрақтылық көргендіктен алданып, өзіңнің де фәни екеніңді ұмытып, мәңгі жа-сайтындай сезінесің. Сосын шығар қиямет күніне дейін өмір сүретін адамдай тек қиямет қайымнан қорқасың. Есіңді жи! Сен де, айналаңдағының бәрі де өтпелі дүние, лезде […]