Зұлқарнайынның қорғаны қай жерде?

Жауап: Бұдан бұрын бұл мәселе жөнінде бір рисале жазғанмын. Сөйтіп, дінсіздердің аузына құм құйған едік. Қазір ол рисале жоқ, ол кездегі жазғандарым да есіме түсе қояр емес. Жиырма төртінші Сөздің Үшінші тармағында бұл мәселе біраз жазылғанды. Сондықтан, оның кейбір маңызды тұстарына ғана қысқаша тоқталып өтеміз.

Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, әрі Зұлқарнайын деп аталуына қарағанда Иемен патшаларынан «Зүл-иезен» секілді «зү» сөзімен басталған атау-есімдерге байланысты бұл Зұлқарнайын, Ескендір Руми емес яғни Македониялық Ескендір емес. Бұл Иемен патшаларының бірі. Ол Хазіреті Ибраһим заманында өмір сүрген, Хазіреті Хызырдан дәріс алған. Ал, Ескендір Руми болса, шамамен милади жыл санаудан үш жүз жыл бұрын болған, Аристотельден дәріс алған. Адамдар жазған тарих нақты түрде үш мың жылдық оқиғаларды ғана қамти алады. Мұндай қысқа тарихпен Хазіреті Ибраһимнің заманынан бұрыңғы дәуірді шолып, нақты хабар беру қиын. Қазіргі тарих я, ойдан шығарылған, я, болмаса болған оқиғаларды жоққа шығарып, я болмаса шала-шарпы қысқа қайырады. Бұл Иемендік Зұлқарнайын тәпсірлерде бұрыннан бері Ескендір атымен әйгілі болуының себебі; я, сол Зұлқарнайынның бір аты Ескендір болса керек, сөйтіп Ұлы Ескендір және Ескі Ескендір осы. Немесе Құранда айтылған шағын оқиғалар жалпыға ортақ әрдайым қайталанатын оқиғалардың ұшы болатындықтан.

Зұлқарнайын атанған Үлкен Ескендірдің пайғамбарлыққа ұқсайтын бастамасымен залым және зұлымдыққа душар қауымдардың ортасына тосқауыл болатын, жауыздыққа жол бермейтін атақты Қытай қорғанындай қорғандар салынғаны сияқты, Ескендір Руми тәрізді жиһангер патшалар дүнияуи тұрғыдан, ал адамзаттың рухани патшалары болған кейбір пайғамбарлар мен құтыптар да рухани тәрбиелеу тұрғысынан сол Үлкен Ескендірдің соңынан еріп, оны үлгі тұтып, зұлымдыққа ұшыраған халықтарды залымдардан құтқарудың шарасы ретінде таулардың арасын қорғандармен жалғаған. * Тау басына қамалдар тұрғызған. Өздерінің күш-қуатымен не болмаса ұйымдастырып үйрету арқылы бекіністер салған. Содан кейін қалалардың айналасын қамалмен қоршайтын болған. Зеңбіректер мен жүзетін қамалдар іспетті кемелер жасаған.

Жер бетіндегі көптеген елдерге шабуыл жасаған жаугер тайпалар болғандықтан Гималайдың мұз басқан жоталарынан бастап, шығыс пен батысты түгел қамтып қаптап келген кезде, үнді мен қытайдың тыныш жатқан елін олардан қорғау үшін Гималай жоталарына жақын бір жердегі екі тау арасына ұзын қорған тұрғызылған. Сол биік қорған олардың ары өтуіне қалай бөгет болса, Қапқаз жоталарының Дербент аңғарына тағы да сондай шабуылшы татар қауымдарынан қорғану үшін Зұлқарнайынның үлгісі бойынша бұрынғы Иран патшалары тағы да сондай бір биік қорған салған. Міне, мұндай қорған бөгеттердің саны көп. Құран Хаким бүкіл адамзатқа сөйлеп тұрғандықтан сырт көзге белгілі бір жеке оқиғаны айта отырып, сол оқиғаны бәріне үлгі етіп жалпылай баяндайды.

Сондай-ақ Құран Хаким өзінің баяндау ерекшелігіне сай бір оқиғадан тағы бір ұзақ оқиғаға үнемі ауысып отырады. Ал, бұл ерекшелікті білмейтін адам, әлгі оқиғаларды бір уақытта болғандай қабылдауы мүмкін. Мысалы, әлгі қорғандардың құлауынан Қияметтің басталуын Құран Хакимнің хабарлауы уақыт жағынан шолақтығынан емес, мәселелердің бір-біріне жақындығынан, яғни бұл қорғандар қалай құласа, дүние де солай қирайды деген мағына айтылуда. Сонымен қатар, аса берік Иләһи қорғандар болып саналатын таулар дүниенің қирауымен бірге қалай күлпарша болса, бұл берік салынған қорғандар да сол кезде жер мен жексен болады. Иә, Зұлқарнайын қорғанының бір үлгісі болған Қытай қорғаны мыңдаған жылдан бері әлі тұр. Бұл да адамның қолымен жер жүзі парағына жазылған берік, мәнді көне тарихтан белгі.


Лемалар-109


827 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Мағынасын Сүю (Manayı-i Harfi/Manay-i İsmi)

Дүниені және ондағы жаратылысты…

Görüntüle

Исламсыз иман бола ма?

Жауап: Имансыз Исламият тозақтан…

Görüntüle

Бәдиүззаман Ескішеһирде

Рисалей-Нұрдың барған сайын халық…

Görüntüle