Мағынасын Сүю (Manayı-i Harfi/Manay-i İsmi)

Дүниені және ондағы жаратылысты есімдік мағы­насымен емес, әріптік мағынасымен сүй. Яғни "Қандай тамаша жаратылған!?" деп айт! "Қандай тамаша!" деп айтпағын. Жүрегіңе өзге махаббаттардың орнауына жол берме! Себебі жүректің іші, тұнық жері Самедтің айнасы, тек оған тиесілі.

اَللّٰهُمَّ ارْزُقْنَا حُبَّكَ وَ حُبَّ مَا يُقَرِّبُنَا اِلَيْكَ деп айт. Сонымен, жоғарыда айтып өткен махаббаттар суреттегеніміздей болатын болса, әрі өкінішсіз, әрі ләззатты болып, Аллаhқа деген махаб­батты арттыра түседі. Һәм орынды махаббат болып табылады. Һәм ләззаты
мол шүкір, hәм сүйіспеншілікке толы пікір.

Мысалы: жоғары мәртебелі патша саған бір алма сыйласа, (Сілтеме)
бұл алмада екі махаббат және онда екі ләззат бар. Біріншісі: тәтті алма
болғандықтан, жақсы көресің, алмаға тән ләззаты да бар. Бұл махаббаттың
патшаға қатысы жоқ. Алманы жеген адам патшаны емес, алманы жақсы
көреді. Сыйлаушы патшаны ұмыттырады. Кейде патша ондай нәпсіқұмар
махаббатты ұнатпай, одан жиіркенеді. Әрі алманың дәмі өткінші болған­
дықтан, ләззаты қашып, өкініш қалдырады. Екіншісі: Алма арқылы көрі­ніс тапқан оны сыйлаушы патшаға деген махаббат. "Үлкен ілтипаттың
белгісі" деп, алманы басына көтерген адам Патшаға деген сүйіспеншілігін
де көрсетеді. Патша ілтипатының белгісі болғандықтан, бір алма мың
алмадан да артық тәтті ләззат қалдырады.

Сол секілді барлық нығметтер мен жемістерді тек дүниеуи жағынан
бағалайтын болсақ, мұндай сүйіспеншілік нәпсіқұмарлық. Ондағы ләз­
заттар да өткінші әрі өкінішті. Егер Аллаhтың мейірімділік ілтипаты мен
жарылқауының жемістері ретінде сүйсе, сый­сыяпат пен жарылқауларының
ілтипат дәрежесінің қадірін түсіну арқылы тәбеті ашылып, ләззат алса,
онда әрі рухани шүкір, әрі өкінішсіз ләззат болып табылады.

Сілтеме. Баяғы бір заманда екі ру басы патшаның алдына келіпті. Жоғарыдағы мы­салды айтылған жағдай шынында да болған екен.

/Отыз екінші сөздің үшінші тарауы,
ЕКІНШІ НОҚТА, ЕКІНШІ БӨЛІМ, ЕКІНШІ НҮКТЕ/


1358 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Әрбір өліктің рухын Хазреті Әзрейіл алейһиссәлам тікелей өзі ала ма? Әлде көмекшілері ала ма?

Бұл жөнінде үш ұстаным бар: Бірінші…

Görüntüle

«Үлкен күнәні істеген адам қалай мүмин болып қала береді?» деген сұраққа жауап

О баста күнә істеген адамды кәпірге…

Görüntüle

Керемет бір мінәжат

О, Мейірімді де Рахымды! О, уәдесіне…

Görüntüle