Исламсыз иман бола ма?

Жауап: Имансыз Исламият тозақтан құтқара алмайды. Сондай-ақ, Исламсыз Иман да тозақтан құтқара алмайды. Иә, Аллаһқа шүкір Құран Кәрімнің тылсым мағыналарының бұлағынан нәр алған Рисалей-Нұр Ислам діні мен Құран ақиқаттарының жемістері мен нәтижилерін көрсетіп бергендігі сонша, егер түсіне алса, дінсіздердің өзі оған қолдау көрсетпеуі мүмкін емес. Сонымен қатар, Иман мен Исламның дәлелдері мен айғақтарын анық түрде көрсетіп бергендігі сонша, егер түсіне алса, мұсылман еместер де мұны мақұл көреді.

Ондайлар мұсылман болмаса да, иман етеді. Яғни, ақиқатты мойындайды. Сөздер жинағында жазылған ақиқаттар Жәннаттағы Туба ағашының жемістері секілді болған Иман мен Исламның жемістерін және екі дүниенің бақытын көрсетіп бергендігі сонша, бұған көз жеткізгендердің қолдау көрсету, қабыл алу, мойынсұну сезімдерін оятады. Жаратылыстардың өзара байланыстары секілді мықты және зәрре бөлшектердің санындай көп дәлелдермен Иман мен Исламның айғақтарын көрсетіп бергендігі сонша, қалтқысыз мойынсұндырып, күшті иман береді.Иман ақиқаттарының қай қайсысының да керісінше болуы ақылға сиымсыз.


Тек қана "Лә Иләха Иллалах" жеткілікті ме? Яғни, "Мұхаммаду Расуллах" демесе де, құтыла ала ма?» деп сұрайсың.

Мұның жауабы ұзақ. Әзірше, мынаны ғана айтамыз:

Шаһадат кәлимасының екі сөйлемі, бір бірінен айрылмайды, бірін бірі дәлелдейді. Бір бірінің кепілі. Бірінсіз бірі бола алмайды. Пайғамбарымыз Алейһиссәлату Уәссәлам, Бүкіл пайғамбарлардың мирасқоры. Ендеше, Аллаһқа апаратын бүкіл жолдардың басында. Оның ұлы даңғалынан сырт ақиқат та, құтылу жолы да жоқ. Зерттеуші имамдар, Сағди Ширази секілді:ﻣُﺤَﺎﻟَﺴْﺖْ ﺳَﻌْﺪِﻯ ﺑَﺮَﺍﻩِ ﻧَﺠَﺎﺕْ ٭ ﻇَﻔَﺮْ ﺑُﺮْﺩَﻥْ ﺟُﺰْ ﺩَﺭْ ﭘَﻰِ ﻣُﺼْﻄَﻔٰﻰ

Хәм


ﻛُﻞُّ ﺍﻟﻄُّﺮُﻕِ ﻣَﺴْﺪُﻭﺩٌ ﺍِﻟﺎَّ ﺍﻟْﻤِﻨْﻬَﺎﺝَ ﺍﻟْﻤُﺤَﻤَّﺪِﻯَّ

дейді. Сондай-ақ, деген.

Әйтсе де, кейде мынадай болады, Мұхаммед Алейһиссәлату Уәссәламның даңғылында жүріп бара жатқанына қарамастан, сол жолда екендіктерін білмейді. Кейде былай да болады. Пайғамбарды білмейді, алайда кетіп бара жатқан жолы, Ахмеди даңғылдың тармақтарының бірі. Сондайақ, өзімен-өзі, және есінен ауысқан халде оқшау жүріп, Мұхаммеди даңғыл жайлы ойланбастан, тек қана деп жүргендерге сол жеткілікті болады. Бірақ, сонымен бірге, ең маңызды нәрсе мынау: Қабыл етпеу бір басқа да, жоққа шығару бір басқа. Олай оқшау жүргендер немесе естімеген яки білмеген адамдар, Пайғамбарымызды білмейді, ол туралы ойланбайды. Ол жағынан мүлдем хабарсыз. Сондықтан оны қабылдамайды Аллаһты тануға қатысты тек, Лә илаһа иллалаһты біледі. Бұлар құтылуы мүмкін. Бірақ, Пайғамбарымызды естіген және ол кісі көтерген мәселені білетін адамдар, Оны растамайтын болса, Жаратушы Хақты танымайды. Олар үшін, тек құтылудың дәнекері болып табылатын Таухидті білдіре алмайды. Өйткені, бұл жағдай, біраз үзірлік себебі болатын білімсіз түрдегі қабыл етпеу емес. Расында бұл, жоққа шығару, мойындамау. Мұғжизалары арқылы, атқарған істері арқылы, ғаламның мақтанышы және адамзаттың құрметті дәрежеге көтерілуіне бастау болған Мұхаммед Алейһиссәлату Уәссәламды теріске шығарушы адам, әлбетте ешбір жөннен ешбір нұрға бөлене алмайды, Аллаһты, танымайды.

Жарайды... әзірге осы жетер.


Сайд Нұрси 


1132 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Жәннатта әркім өз сүйгенімен бірге бола ма?

Сұрақ: اَلْمَرْءُ مَعَ مَنْ اَحَبَّ…

Görüntüle

Рухтар әлемі

بِاسْمِهِ سُبْحَانَهُ وَاِنْ مِنْ…

Görüntüle

Бәдиуззаман Хұтба-и Шамиеде былай дейді

Ей, мына  Әмәуи мешітінде…

Görüntüle