Тағдырға иман

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

وَاِنْ مِنْ شَىْءٍ اِلاَّ عِنْدَنَا خَزَۤائِنُهُ وَمَا نُنَزِّلُهُۤ اِلاَّ بِقَدَرٍ مَعْلُومٍ

1-Өйткені, біздің қасымызда әр нәрсенің қорлары бар. Бірақ белгілі мөлшерде ғана түсіреміз./Хижр, 15: 21/

وَكُلَّ شَىْءٍ اَحْصَيْنَاهُ فِۤى اِمَامٍ مُبِينٍ

2-Әр нәрсені ашық бір Кітапта түгендеп қойдық./Иасин, 36: 12/

Тағдыр мен жүз­и ықтияр (яғни адамның болар­
болмас таңдау­еркі )тақырыбы дін Ислами һәм Имани мәселелердің ең соңынан келетін, ар­ұжданға қатысты және хал­жағдайға байланысты имани мәселе болып есептеледі. Мұны ғылыми және теориялық тұрғыдан қарастыруға болмас. Яғни, мүмин барлық нәрсесін, тіпті, іс-­әрекетін, жанын Хақ Тағалаға тапсырып, "бәрі соның қолында" дей келе мойнына жүктелген міндет пен жауапкершіліктен қашпауы үшін, оның алдынан жүз­и ықтияр шығып: "Жауапкерсің, атқарар міндетің бар" дейді. Сосын, жүз­и ықтияр деген өзі болмашы таңдау еркі арқылы болып жатқан жақсылықтарға, кемелдіктерге сеніп мақтанып кетпеуі үшін қарсы алдынан тағдыр шыға келеді де: "Әліңді біл,
жақсылықты жасаған сен емессің
" дейді.

Иә, тағдыр мен жүз­и ықтияр иман мен дін Исламда ең соңынан
қарастырылатын мәселе дедік. Тағдыр нәпсіні тәкаппарлықтан сақтау
үшін, ал жүз­и ықтияр болса нәпсіге жауапкершілік жүктеу үшін иман
мәселелерінің қатарына қосылған.
Әйтпесе, қырсық, бірбеткей, жаман­
дыққа итермелуші нәпсінің бүлдірген жамандықтарын мойындамай тағ­
дырға жаба салу, ал жақсылықтарды өзінің жүз­и ықтиярына беріп, игі амалдармен мақтанып, паңдану; әрине тағдыр ұғымына мүлдем керағар,
жүз­и ықтияр түсінігіне қарама­қайшы әрекет. Бұл ондай қарама­қайшы­
лық туғызатын ғылыми мәселе еместігін о баста айттық.

Рас, рухани кемелденбеген қарапайым халық арасында тағдырға сенудің
өзіндік орны бар. Ол үмітсіздіктен сақтап, қайғыға төтеп беруге себеп
болады. Яғни, өткен шақ пен бәле­жалаға қатысты тағдырды қолдануға
болар. Ал, бірақ күнәға келгенде немесе келешекке қатысты жағдайларда
қолданса ол адамды азғындыққа не болмаса жалқаулыққа салынуына
себеп болатындықтан орынсыз боп есептеледі. Демек, тағдыр мәселесі
адамды жауапкершіліктен, атқаруы тиіс міндеттен босату үшін емес,
керісінше, мақтанудан, тәкаппарлықтан сақтау үшін, иман негіздері боп
саналады. Жүз­и ықтиярды жамандықтың көзі ретінде қабылдау керек, ол
сол үшін иман негіздерінің арасына кірген. Әйтпесе, оған жақсылықтың
қайнар көзі деп қараса, ол адамды перғауынға ұқсатып, тәкаппар қылып
жіберуі әбден мүмкін.

Иә, Құранның айтқанындай, пенде жасаған жамандығына толығымен
жауап береді.
Өйткені, жамандықты қалаған өзі. Жамандық болса бұзу,
қирату түрінен болғандықтан, пенде бір жамандық арқылы қыруар
бұзықтық жасайды, мысалы, бір шырпымен бір үйді өртеп жіберу секілді.
Сөйтіп өзін ауыр азапқа душар қылады. Алайда, жақсылыққа келгенде
мақтануға ешбір хақысы жоқ. Ол жерде ешқандай рөл ойнамайды десе
болады. Себебі, жақсылықты қалаған және оны қажет еткен де Аллаһтың
рақымы, әрі оны жарататын да Оның құдіреті. Олай болса жақсылықты
қалаған да, жауап берген де һәм қажет қылған да, себеп болған да Хақ
Тағала, яғни, бәрін Аллаһ істеді. Адам тек дұға етіп сұрауымен, иманымен,
парқына барып сезіну арқылы, соған риза болуымен жақсы амал жасаған
болады. Бірақ жамандықты қалаған бәрібір пенденің өз нәпсісі. Мұны ол я
қабілетімен, я қалауымен істейді. Иә, Күннің жарқыраған аппақ нұрынан
кейбір нәрселер қарайып, даттанып, тіпті, кейбіреуі иістеніп кетеді емес
пе! Олардың қарайып, иістеніп кетуі қабілеттеріне байланысты. Сол
сияқты көптеген жақсы нәтижелер беретін ондай жамандықты Иләһи
заңдылықпен жарататын да Хақ Тағаланың өзі. Алайда, оған себеп болу,
Соны қалау нәпсінің ісі. Сондықтан кінәлі сол боп табылады. Ал, Хақ
Тағалаға тиесілі жоқтан бар ету, жарату болса, оның басқа да пайдалы,
жағымды нәтижелері болатындықтан Оның ісі әдемі әрі қайырлы болады.
Міне, осы сырға байланысты, жамандықты жарату жаман емес, оны
кәсіп қылу, шұғылдану жаман.

Егер тағдыр мен жүз­и ықтияр туралы сөз қозғаған кісі, өзін әрдайым Аллаһтың алдында екенін сезетін иманы кәміл жан болса, ол әлемді және өзін Хақ Тағалаға тапсырып, бәрін Ол басқарып тұрғанына кәміл сенеді. Сол кезде ғана тағдыр туралы, жүз­и ихтияри
жайында сөз етуіне болады.
Өйткені, ол өзін яғни нәпсісін және барлық
нәрсені Хақ Тағаладан деп біледі. Сөйтіп, өзінің жүз­и ықтиярынан кө­
ріп, жауапкершілікті мойнына алады. Оның жамандық атаулыға негіз
екен дігін қабылдап Раббысын пәктейді, Аллаһ титтей де зұлымдық
жаса майтынына еш күдіктенбейді. Құлшылықтың шегінен аспай, Хақ
Тағаланың тәклифін, бұйрық­әмірлерін мойындайды. Һәм, өзі арқылы жа­
салып жатқан жақсылықтарға, кемелдіктерге сеніп мақтанып, дан дайсып
кетпеуі үшін тағдырды ойлап, мақтанудың орнына шүкіршілік етеді. Және
басына бәле келсе "тағдырымда бар екен" деп сабыр сақтайды.

Егер, тағдыр мен жүз­и ықтияр туралы сөз қозғаушы кісі ғапыл яғни
бейқам адам болса, оның тағдыр мен жүз­и ықтияр жайында сөз айту­
ға хақысы жоқ.
Өйткені, оның жүгенсіз нәпсісі ғапылдықтың яки ада­сушылықтың кесірінен бүкіл әлемді себептерге теліп, Аллаһтың жарат­
қандарын оларға бөліп береді. Өзі­өзіне қожайын сезінеді, іс­әре кеттерін я
"өзім жасадым" дейді я себептерге береді. Ал, жауапкер шілікті, кемшілікті
болса тағдырға жүктей салады. Мұндай кісінің, соңында яғни айналып
келгенде бәрібір Хақ Тағалаға тиесілі жүз­и ықтияр туралы айтуы және
істің ақырында ғана қарауға болатын тағдыр мәселесі жайлы сөз етуі
әрине мағынасыз. Бұлай істеу аталған мол хикметтерге мүлдем қарама­
қайшы әрекет, ол нәпсінің жауапкершіліктен құтылу үшін ғана жасаған
өзінше айла­әрекеті.


Сөздер-515

rebrand.ly/sozder



1183 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Өмір формуласы

"Иа Иухи" яғни, өмірді берген…

Görüntüle

Қайырымсыз кәпірлердің еліне мұндай сәмауи пәлекет­тер неге келмейді. Неге мына бейшара мұсылмандардың басына келеді?

اِذَا زُلْزِلَتِ اْلاَرْضُ زِلْزَالَهَا…

Görüntüle

Құран Хакимнің шәкірттері мен қызметшілеріне нұсқау ретінде және алданып қалмаулары үшін жазылған [Аясофия мысалымен]

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың…

Görüntüle