Қайырымсыз кәпірлердің еліне мұндай сәмауи пәлекет­тер неге келмейді. Неге мына бейшара мұсылмандардың басына келеді?

اِذَا زُلْزِلَتِ اْلاَرْضُ زِلْزَالَهَا وَاَخْرَجَتِ اْلاَرْضُ اَثْقَالَهَا وَقَالَ اْلاِنْسَانُ مَا لَهَا يَوْمَئِذٍ تُحَدِّثُ اَخْبَارَهَا بِاَنَّ رَبَّكَ اَوْحٰى لَهَا .. الخ

/Зилзал, 99-(1) Жер сілкіндіріп қозғалған сәтте,(2) Жер ішіндегі жүгін шығарған кезде,(3) Адам баласы: «Бұған не болды?»,- деген сәтте;(4) Ол күні жер, уақиғасын түсіндіреді;(5) Раббыңның оған білдіруімен./

Бұл сүре анық түрде Жер шарының әрбір қозғалысы, зілзәласы уахи
мен илхам арқылы яғни белгілі бір мақсатта, әмірмен болатынын, кейде
қалтырап діріл қағатынын білдіреді.

Жауабы: Үлкен қателіктер, ауыр қылмыстар кейінге қалып, жоғары
сот орындарына жіберіледі. Ал, жеңіл қылмыстар тез арада шешіліп,
жергілікті орындарда қаралады. Сол сияқты маңызды бір хикметке орай
кәпірлердің күнәларының басым көпшілігі кейінге қалдырып, Хашірдегі
Ұлы сотқа шегерілуде, ал имандылардың жіберген қателіктерінің кейбірі
бұл дүниеде дереу жазалануда. (Сілтеме)

Үшінші сұрақ: Кейбір тұлғалардың кесірінен болған мына пәлекеттің
кінәсіз жандарға да ортақ болуынының себебі не?
Жауабы: Жалпыға келетін пәлекет көпшіліктің қателігінен туындайды.
Сондықтан көпшілік әлгіндей зұлымдықтарды құптап, мақұл көргендей
немесе қарсылық білдірмей оларды қостағандай жағдайда болса, белгілі
бір мағынада олар да ортақ саналады. Осылайша, жаппай келетін пәлекетке
себепкер болады.

Төртінші сұрақ: Бұл зілзаланы қателіктердің жазасы яғни күнәдан
арылу "кәффарат­уз зунуб" дедіңіз.
Ал, бейкүнә, қате істемегендердің
не жазығы бар? Олар да пәлекетке ұшырады емес пе? Аллаhтың әділдігі
мұндайға неге рұқсат береді?
Мұның мағынауи жақтан келген жауабы: Бұл мәселе тағдырға қатысты
болғандықтан, оны тағдыр туралы жазылған Жиырма Алтыншы Сөзге
сілтеп, қазір қысқаша былай деп айтылды:

وَاتَّقُوا فِتْنَةً لاَ تُصِيبَنَّ الَّذِينَ ظَلَمُوا مِنْكُمْ خَۤاصَّةً

/Әнфал, 8: 25Және сендерден жеке залым болғандарға ғана кесірі тиіп қалмайтын фитнадан сақтаныңдар. Сондай-ақ Алланың қатты азап иесі екенін біліңдер./

яғни: Сендер тек залымдарды ғана емес бейкүнә, жазықсыз жандарды да
оңдырмайтын апат­пәлекеттен сақтаныңдар!

Бұл аяттың сыры мынау: Бұл дүние сынақ алаңы, емтихан жері,
"тәклиф" пен күрес орны. Ал, емтихан мен "тәклиф " болса, ақиқаттардың
жасырын қалып, нәтижесінде өзара жарыс пен күрес болып, Әбу Бәкірлер
жоғары өрлеп, Әбу Жаhилдер төмен құлдырап, жаман мен жақсының
бір­бірінен айырылуын талап етеді. Егер, бейкүнә жандар мұндай пә ле­
кеттерден әрдайым аман қала берсе, Әбу Жаhилдер де Әбу Бәкірлер сияқты
ақиқатты мойындар еді. Ақырында күреспен болатын рухани даму жүзеге
аспай, Иләhи тәклифтің мәні қалмас еді.

"Жарайды, зұлымдыққа ұшыраған жазықсыз жан, залыммен бірге
пә лекетке ұшырауы Иләhи хикметтің талабы дедіңіз. Ал, енді сол бей-
шаралардың Иләhи рахым мен әділдіктен алар үлесі не болмақ?"
Бұл сұраққа жауап былай болды: Әлгі пәлекет, Иләhи қаhар мен ашудың
көрінісі болғанымен, оның ішінде де бейкүнә жандарға мол мейірімнің бір
шуағы бар. Өйткені, олардың фәни дүние­мүлкі бір садақа болып бақиға
айналады. Сонымен қатар фәни өмірлері мәңгі өмірге қол жеткізетін нәтиже береді. Яғни белгілі бір мағынада шейіт болып, аз әрі уақытша машақат
арқылы мәңгі, зор табысқа қол жеткізеді. Міне, бұл зілзала оларға қаhарлы
азап болғанымен, астарында рахымдылықтың нышаны байқалады.

Бесінші сұрақ: Аса Әділ және Рахымды, Қадир әрі Хаким Аллаh,
не ліктен қателігі үшін айыптының тек өзін ғана жазаламай, үлкен бір
себепті жұмсайды? Бұл құбылыс шексіз рахымның әсемдігіне, құдіреттің
орасандығына нұқсан келтірмей ме?

Жауабы: Қадир­ы Зүлжәлал әрбір себепке өзіндік көптеген міндет
жүктейді және әрбір атқарылар міндеттің де көптеген нәтижелерін
тағайындайды. Бір себептің бір міндетінің бір ғана нәтижесі жағымсыз,
жаман болса да қалған жағымды нәтижелері оны да жағымды етіп жібереді.
Егер әлгі бір ғана жағымсыз нәтиже болмауы үшін адамзатқа төніп тұрған
қауіпті себеп өз міндетінінен босатылса, ол кезде болғалы тұрған қанша
жағымды нәтижелер, пайдалы істер жүзеге аспай қалады да оның орнына
сонша жамандық жасалған болып саналады. Өйткені бір жақсылықтың
болмай қалуы бір жамандық боп табылады. Бір түйір жамандық болмасын
деп қыруар жақсылықтан құр қалу әлбетте хикмет пен даналыққа әрі
ақиқатқа қайшы. Ол жағымсыз әрі кемшілік. Ал, Иләhи құдірет, хикмет,
ақиқат болса кемшілік атаулардан пәк.
Иә, кейбір күнәлар қоршаған ортаны, тіпті Жер шарын ашуландыра­
тындай қырсықтық, бас көтеру әрі көптеген мақұлықтардың ақысын
жеу, абыройын төгу, оларды қорлау болып саналады. Әлбетте, мұндай
қылмыстың тым жағымсыз екенін білдіру үшін үлкен бір себепке жан­
жақты міндет жүктеліп: "Оларды тәрбиелеп, жөнге сал!" деп әмір берілуі,
нағыз хикмет әрі әділдік. Ал, қиын жағдайға ұшыраған бейкүнәларға
арнайы рақымшылық болмақ.


Сілтеме: Орыстардың жәнеде басқа да халықтардың, үкімі жойылып, өзгеріске ұшыраған бір діннен безуі басқа, үкімі мәңгі бақи хақ дін, Исламнан безу, қиянат жасау бір басқа. Бұзылған дінді тәрк ету Аллаhтың ашу­ызасын шақырмағандықтан Жер шары әзірге оларды сілкімей мұсылмандарға ашулануда.

Тәклиф – ауыр жұмыс тапсыру, жауапкершілігі мол, белгілі бір міндет жүктеу.
Аллаh Тағаланың пенделеріне жұмаққа апарар құлшылық міндетін тапсыруы.


Сөздер-183

rebrand.ly/sozder


764 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Рисалей-Нұрдың ұстанымы

тек қана тәуһид пен иманның негіздерін…

Görüntüle

«Үлкен күнәні істеген адам қалай мүмин болып қала береді?» деген сұраққа жауап

О баста күнә істеген адамды кәпірге…

Görüntüle

Рақым, шәпқат кімде бар?

Уа, ғапыл Саид! Байқа! Сезім алданып…

Görüntüle