О баста күнә істеген адамды кәпірге санау қате екені нақты түрде түсіндірілгендіктен меніңше қайталаудың қажеті жоқ. Жалпы адамның нәпсісі аз да болса дайын тұрған ләззатқа құмар келеді. Ол тіпті азғантай болса да біраздан соң берілетін мол ләззаттан артық көреді. Сол секілді кейін болатын ауыр азаптан гөрі дәл қазіргі болатын кішкене […]
Ислам
Шешендігі туралы
Құранның шешендігі мұғжиза дәрежесінде керемет. Оның шешендігі ұйқастыра айтылудағы айрықша кіршіксіздігінен, болаттай беріктігінен, сөз саптаудағы теңдессіз тәсілінен, ерекшелігі мен сұлулығынан, баяндауындағы теңдессіздігінен, ешкімге дес бермеуінен, артықшылығы мен нақтылығынан, мағынасының қуаттылығынан әрі мазмұндылығы мен ақиқаттығынан, сөзінің көркемдігі мен үйлесімді һәм ұғынықты жатықтығынан бастау алады. Ол өзінің таңғажайып шешендігімен адамзаттың ең адуынды […]
Сияры нәби туралы
Расулуллаһ Ғалейhиссалату Уәссаламның ахуалы мен сипаттары, «Сияры нәби», яғни, өмірбаяны жайлы кітаптарда жазылған. Алайда ол кітаптардағы сипаттары мен хал-ахуалының көпшілігі адами жағына көп назар аудартады. Дегенмен осы мүбәрәк Кісінің (с.а.у) рухани жағына, Оның (с.а.у) тап-таза жан дүниесі мен асқақ та нұрлы рухына баса назар аударған жөн. Өмірбаяны мен тарих кітаптарында […]
Аласапыран заманға қарсы қалқан
بِاسْمِهِ سُبْحَانَهُ Әзиз, сыддық бауырларым! Құранның өлшемі бойынша, иманнан кейінгі ең негізгі мәселе – тақуалық пен салих амалдар. Соңғы күндері осылар жайлы көп ойландым. Тақуалық – шариғаттың тыйым салған нәрселері мен күнәлардан аулақ болу. Салих амал – Аллаhтың әмір еткен істерін орындау, игі амал жасау. Жамандықтан тыйылу, қашан да пайдалы […]
Сүннет баспалдағы және Бидғат дертінің емі
Иә, пайғамбарымыздың сүннетін ұстану өте манызды. Әсіресе, бидғаттар көбейіп, келеңсіздік өрши түскен кезде маңыздылығы арта түседі. Әсіресе, үммет бүлінген кезде сүннет амалдарының азғантайын орындау адамның тақуалығын, иманының беріктілігін көрсетеді. Сүннетті толық ұғынып, мойынсұну, ардақты Пайғамбарымызды (с.а.у.) еске түсіреді. Оны еске алғанда Илаhи сенім пайда болады. Яғни, пенде өзін Аллаhтың алдында […]
Ирһасат туралы
Ирһасат деп аталатын, пайғамбарлық міндеті жүктелмей тұрғанда пайғамбарлығымен қатысты кәраматтары да пайғамбарлығының дәлелі болып табылады. Бұл да үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім: Тәурат, Інжіл, Зәбур және кейбір әнбияларға түскен парақтардың Мұхаммед Ғалейhиссалату Уәссәләмнің пайғамбарлығы жайында берген хабарлары. Ол туралы Құранда айтылған. Ол кітаптардың Аллаhтан келгені рас. Әлбетте ол кітаптардың иелері […]
Хадистер және Тәуәтур
укути», яғни, үндемеу арқылы қабылданған. Мысалға, бір адам, жамағаттың көзінше бір оқиға туралы айтса, жамағат оны жоққа шығармай үндемесе оны растап, мақұлдаған болады. Әсіресе, хабарлап отырған оқиғаға жамағаттың да қатысы болып әрі оның үстіне жамағат шыншыл, жалғанды жек көретін жандар болса, әлбетте, әлгі кісінің сөзіне үнсіз қалуы оның сөзін растайтын […]
МҰХАММЕД (С.А.У) мұғжизалары түрлері
Хазреті Мұхамедтің (с.а.у) мұғжизалары екі түрге бөлінеді. Біріншісі: «Ирһасат» деп аталатын пайғамбарлық келмей тұрғанда және дүниеге келген кезінде болған таңғажайып оқиғалар.Екіншісі:Пайғамбарлығына қатысты басқа да дәлелдер. Бұл да екі бөлімнен тұрады. Біріншісі: Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін оның пайғамбарлығына дәлел боларлық таң ғажайып оқиғалар. Екіншісі: Бақыт ғасырында, яғни, өзі өмір сүрген кезінде […]
Шайтанның иманды жандарды азғыруына неге Аллаһ рұқсат береді?
Жауап: Шайтанның жаралуында азғантай жамандық болғанымен көптеген жалпыға ортақ болымды мақсаттар мен адамзаттың кемелденуі секілді игі істер көзделген. Рас, бір дәннің сонау зәулім ағаш болғанша қаншама мәртебесі болса, адамзаттың да қабілет жағынан мәртебесі саналуан. Тіпті жер мен көктей ұзыннан ұзақ созылып жатқан дәрежелері бар. Мұндай зор қабілеттің ашылып жетілуі үшін […]
Құран және тәпсір
Ұлы Құран, өткен-кеткен адамзат баласының барлық әлеуметтік-рухани топтарына, халықтарына, жеке тұлғаларға арналып, Ұлы Ғарыштан айтылған, Илаһи жинақ сөз. Баршаға айтылған Раббани үндеу. Оны танып білуге бір адамның немесе шағын жамағаттың шамасы келмейді. Әлемдегі материяларға қатысты көптеген пәндер мен ғылымдарды қамтып тұр. Осы тұрғыдан алғанда, уақытқа, мекенге тәуелді, мамандығы мен ой-өріс […]