Әйел мен еркек арасындағы сүйіспеншілік, махаббат, терең әрі тығыз байланыс тек бұл дүниелік өмірдің қажеттілігінен туындамайды. Иә, әйелі күйеуіне тек дүниелік өмірде ғана серік емес. Ол оның о дүниедегі мәңгі өмірде де серігі болмақ. Олай болса әйел, мәңгілік серігі болатын күйеуінен тыс, басқаның назарын өзіне аудартпауға мiндеттi. Оны ренжітпеуі, қызғандырмауы тиіс.
Ұрпақ жаю әркімнің қалауы. Ұрпақ санын көбейтуге қарсы ешбір ұлт, ешқандай да ел жоқ. Бұл тұрғыда Ардақты Пайғамбарымыз Саллаллаһу Ғалейһи Уәссәламнің өзі – “Үйленіңдер, көбейіңдер! Қиямет күні мен сендердің көп болғандарыңды мақтан тұтамын” – деген. Алайда, тәсәттүрді тастау яғни ашық-шашық киіну үйленуді көбейітпейді, керісінше мүлдем азайтып жібереді. Өйткені қазіргі жастардың ең бұзығы да үйленетін қызының ар-намысты, таза болғанын қалайды. Өзі сияқты модашыл, ашық-шашық болуын қаламайды. Сөйтіп бойдақ болып өтеді немесе жеңіл жүріске түсуі мүмкін. Ал, әйел заты олай емес. Өйтіп, күйеуіне талап, шарт қоя алмайды. Өйткені әйел заты үйдің ішкі істеріне қарайтын болғандықтан күйеуінің тапқан табысына, балаларына, мал-мүлкіне иелік ету, сақтау қызметін атқарады.
Демек, иман саясында мүминдердің отбасылық жұптасуы, тек дүниелік өмірмен шектелмейді. Жануарға тән немесе сұлулығына шақталған өткінші махаббатқа негізделмейді, мәңгі әлемде де жалғасын тауып, арта түсетін берік те шынайы махаббатқа, адалдық пен сыйластыққа негізделеді. Сондай-ақ, тек жас кезінде, көрікті шағында ғана емес қартайып, өңі тая бастаған кезде де сол шынайы махаббат пен құрмет жалғаса бермек. Олай болса, оған жауап ретінде ол да өзінің көркін, махаббатын күйеуіне арнауы керек. Адамгершілік қасиет осыны талап етеді. Әйтпесе, ұтары аз, жоғалтары көп болады. Шариғат бойынша, ерлі-зайыптылар куфув, яғни бір-біріне сай болуы тиіс. Куфувта ең бастысы – діни тұрғыдағы теңдік.
Бақытты еркек деп әйелінің діндарлығына қарап, ұқсап бағатын және мәңгі өмірде жұбайынан айырылып қалмау үшін өзі де діндар болған кісіні айтады. Бақытты әйел деп отағасының діндарлығына қарап, мәңгілік жұбайымнан айырылып қалмайын деп өзі де тақуа болған әйелді айтады. Сорлы, бейшара еркек деп салиқалы әйелінен мәңгілікке көз жазып қалуға себеп болатын азғындыққа салынған адамды айтады. Сорлы әйел деп тақуа күйеуіне ұқсауға тырыспай, ақырында сол мүбарак, кішіпейіл, мәңгілік досынан айырылатын әйелді айтады. Бір-бірінің пасық әрі азғын іс-әрекеттерін өнеге тұтқан екі сорлы ерлізайыптылардың өмiрi өкінішті әрі аянышты. Олар бір-бірінiң лаулаған отқа түсуiне жәрдем етеді.
Сондықтан оның басты міндеті, қасиеті, адалдық пен сенімділік. Ал, ашық-шашық киіну, адалдық пен сенімділікке шәк келтіреді. Ондай әйел, күйеуінің алдында сенімді жоғалтып, оның арожданын азапқа салады. Тіпті, ер адамда жақсы қасиет болып саналатын батырлық пен жомарттық, әйел затында сенімділік пен адалдыққа зияны тиетіндіктен жаман мінез, жағымсыз қылық боп саналады. Бірақ, еркектің басты міндеті мал-мүлкін күзету, адал болу емес. Оның міндеті әйелін қорғау, жанашырлық ету, құрметтеу. Сондықтан ер адам шектеуге келмейді. Демек басқа әйелді де некелей алады.
Біздің халықты Еуропалықтармен салыстыруға болмайды. Өйткені, ол жерде дуэль секілді қатаң жолмен ашық-шашық әйелдерін жезөкшеліктен тиып, аз да болса, намысты қолдан жібермеуге тырысады. Ар-намысты кісінің әйеліне жаман оймен сұқтана қараған адам өлімге бас тігіп, сосын барып қарайды. Оның үстіне ол жердің ауа-райы салқын. Сондықтан, Еуропа халқының табиғаты да ауа-райы сияқты салқын. Ал, Азия яғни мұсылман елдері оған қарағанда ыстық. Географиялық аймақ адам мінезіне әсері ететіні белгілі. Әлгі суық жердегі, суық қанды адамдарда хайуани әуестікті, нәпсіні қоздыратын әлгіндей ашық-шашықтық, әлем-жәлем киіну бәлкім қисық жолға түсіп, ысырап қылуына айтарлықтай әсер ете қоймас.