Recent Posts

Бедиуззаман Саид Нурси, Рисале-и Нұр

Неге кітаптарыңызда мысалдама, қияс,яғни, салыстыр­малы теңеулерді көп пайдаланасыз?

БіР  САУАЛ:  “Сіз  кітаптарыңызда  мысалдама,  қияс,  яғни,  салыстырмалы  теңеулерді  көп  пайдаланасыз.  Алайда,  тіл  мен  қисын  (логика)  ілімінде  ол  имани  нақтылықты  білдірмейді.  Имани  мәселелерге  қисынды айғақтар  қажет.  Мысалдамалы  қияс,  салыстыру  тәсілі  фикыһ  саласындағы  ғұламалардың  айтуынша  көп  ойласа  ғана  жететін  нәрселерде пайдаланылады. Әрі сіз мысалдамаларды кейбір хикая түрінде баяндайсыз. Алхикая деген қиялмен […]

Ислам, Таухид

Христиан дінінде көптеген өзгерістер болды.Әуелде төңкерісшілерді (Ватикан Протестанттарды) діннен шыққандар деп атады да,кейіннен олардыдың Христиан екенін мойындады.Ендеше Исламда да осындай өзгеріс реформалар жасалса ше?

Жауап: Бұл салыстырмаңның қисынсыздығы бірінші ишарадағы салыстырмаңнан да бетер. Өйткені, Христиан діні Хазреті Иса алейһиссаламнан діннің тек негіздерін ғана алды. Шариғаттың қоғамдық өмірге қатысты үкімдерін Иса алейһиссаламның шәкірттері мен рухани көсемдер қалыптастырды. Олардың көпшілігі бұрыңғы киелі кітаптардан алынды. Хазреті Иса алейһиссалам әмірші, сұлтан болмағандықтан қоғамдық өмір заңдарын қалыптастырған жоқ. Мәдени […]

Ислам, Таухид

Табиғат жаратушы ма әлде жаратылған ба?

Уа, адам! Халық арасында күпірліктің лебі сезілетін қауiптi сөздер тараған. Оны қауiптілігінен бейхабар имандылар да пайдаланады. Сол қауiптi сөздердің ең қатерлi үшеуін баяндап берейін. Бiрiншi қауiптi сөз: «Әужәдәт-hүл әсбаб», яғни, себептердің ықпалымен пайда болады. Екiншi қауiптi сөз: «тәшәккәлә би нәфсиhи», яғни, «өздігінен пайда болады». Үшiншi қауiптi сөз: «иктизат-hүл табиат», яғни, […]

Адам, Ислам, Рисале-и Нұр

Қалайша пенделердің түкке тұрмайтын іс-әрекеттері мен күнәлары бүкіл әлемнің ашуын келтіруі мүмкін?

Жауап: Алдыңғы рисалелер мен ишараларда қайталап айтқанымыздай, күпірлік пен адасушылық, өте үлкен зұлымдық, ол бүкіл әлемге қарсы жасалған жауыздық. Өйткені, жаратылыстың ең үлкен нәтижесі Иләһи Рубубиетке яғни Аллаһқа иман келтіріп, оған мойынұсыну, құлшылық ету. Алайда, адасқандар мен кәпірлер, өзінің күпірлік ниетімен жаратылыстың мақсаты мен себебін яғни құлшылықты жоққа шығарғандығы үшін […]

Ислам, Мұхаммед пайғамбар

Неге Хазреті Әнәс, Жабир, Әбу Хүрейре көп хадис айтып, Хазреті Әбу Бәкір мен Омар аз риуаят еткен?

Һәм үлкен мұғжизалар, жүз жолмен жетуі керек еді, неліктен он – жиырма жолмен келді? Жауабы: Мысалы, адамға дәрі керек болса, дәрігерге барады. Құрылыс үшін құрылысшы инженерге жүгінеді. Шариғат мәселесін мүфтиден сұрайды. Дәл сол сияқты сахабалар арасында, Нәбидің хадистерін келешек ғасырларға дәріс беріп жеткізу үшін ғалым сахабалардың бір бөлігі сонымен шұғылданды. […]

Ислам, Құран

Құран адамзатқа түскен. Олай болса, неліктен адамзат үшін маңызы зор ғылым жетістіктерін анықтап айтпаған? Неге тек жасырын рәмізбен, кейде мегзеп қана, жай бір ишарамен немесе астарлы ескертумен шектеледі?

Жауап: Өйткені, мәдени жетістіктер мен техника жаңалықтарының Құраннан алар орны, тиесілі ақысы сол ғана болса керек. Себебі, Құранның басты міндеті – Рубубиет алаңының кемелдігі мен Иләhи басқару істерінің сын­сипатын түсіндіру және құлшылық алаңының атқарар қызметі мен хал­ахуалын үйрету. Енді, адамдар ойлап тапқан әлгіндей жаңалықтардың осы екі алаңнан алар орны жәй […]

Ислам, Құран

“Неліктен Құран кейбiр мәселелердi қысқа қайырады. Кейбi­реуiн көпшiлiкке түсінікті оларға жағымды, қарапайым халыққа жеңіл, ақылдарын қинамай өте анық та қарапайы тiлмен жеткiзедi?”

ЖАУАП: “Себебi, пәлсапа ақиқаттың жолынан тайған. Алдыңғы сабақтар мен сөздерден әлбетте мынаны түсiнген боларсың: Құран Хаким жаратылыс атаулыны Аллаhтың көркем есiм­-сипаттарын түсiндiру үшiн тiлге тиек етедi. Яғни, мына әлем атты кiтаптың мағыналарын түсiндiрiп, оның жазушысын, Жаратушысын таныстырады. Демек, болмысқа оның өзi үшiн қарамайды, Жаратушысын таныстыру үшiн назар аударады. Сондай-­ақ, сөзiн […]

Ислам, Мұхаммед пайғамбар, Рисале-и Нұр

Хақ біреу бола тұра, қалайша төрт яки он екі мазхаб пайда болады әрі үкімдері әртүрлі, бірақ бәрінікі дұрыс һәм хақ болады?

Заманға қарай шариғаттар өзгереді. Тіпті кейде бір ғасырда өмір сүрген қауымдарға түрлі шариғаттар мен бөлек-­бөлек пайғамбарлар келген. Пайғамбарлардың ақырғысы, Хатем­үл әнбияның әкелген ұлы шариғаты әр ғасырға әр қауымға толық жеткілікті болғандықтан өзге шариғаттарға қажеттілік қалмады. Дегенмен негізгі мәселенің тысындағы кейбір ерекшеліктерге байланысты белгілі бір дәрежеде түрлі мазхабтарға қажеттілік туындаған. Иә, […]

Ақыретте, Ислам, Рисале-и Нұр

Қайырымсыз кәпірлердің еліне мұндай сәмауи пәлекет­тер неге келмейді. Неге мына бейшара мұсылмандардың басына келеді?

اِذَا زُلْزِلَتِ اْلاَرْضُ زِلْزَالَهَا وَاَخْرَجَتِ اْلاَرْضُ اَثْقَالَهَا وَقَالَ اْلاِنْسَانُ مَا لَهَا يَوْمَئِذٍ تُحَدِّثُ اَخْبَارَهَا بِاَنَّ رَبَّكَ اَوْحٰى لَهَا .. الخ /Зилзал, 99-(1) Жер сілкіндіріп қозғалған сәтте,(2) Жер ішіндегі жүгін шығарған кезде,(3) Адам баласы: «Бұған не болды?»,- деген сәтте;(4) Ол күні жер, уақиғасын түсіндіреді;(5) Раббыңның оған білдіруімен./ Бұл сүре анық түрде […]

Ислам, Мұхаммед пайғамбар, Рисале-и Нұр

Пайғамбарды көргендер мен көрмегендер бір бола ма?

Сұрақ: Сахабалар Пайғамбарымызды (с.а.у) көрді, сосын иман етті. Ал, біз боласқ көрмей­-ақ иман келтірдік. Олай болса біздің иманымыз әлдеқайда күшті. Әрі иманымыздың қуаттылығына дәлел болар риуаяттар бар. Жауабы: Сахабалар бүкіл ой­-пікірлер, көзқарастар, дүниетаным әбден қалыптасқан, діни нанымдар Ислам әкелген ақиқаттармен мүлдем үйлеспейтін, керағар тіпті дұшпан десе болатын ауыр кезеңде, адам […]