Шайтанның иманды жандарды азғыруына неге Аллаһ рұқсат береді?

Жауап: Шайтанның жаралуында азғантай жамандық болғанымен
көптеген жалпыға ортақ болымды мақсаттар мен адамзаттың кемелденуі секілді игі істер көзделген. Рас, бір дәннің сонау зәулім ағаш болғанша қаншама мәртебесі болса, адамзаттың да қабілет жағынан мәртебесі саналуан. Тіпті жер мен көктей ұзыннан ұзақ созылып жатқан дәрежелері бар. Мұндай зор қабілеттің ашылып жетілуі үшін әлбетте бір әрекет, бір қозғалыс керек етеді. Ондай қозғалыстан болатын даму жұмысы күреспен болары анық. Ол күрес болса, шайтандар мен зиянкес нәрселердің болмысымен іске асады. Әйтпесе, періштелер тәрізді адамдардың да мәртебесі бір қалыпты болып адамзат әлемінде мыңдаған түрлі адамдар болмас еді. Кішкене бір жаманшылықты болдырмау үшін мыңдаған жақсылықтан бас тарту, хикмет пен әділдікке керағар іс. Иә, шайтанның кесірінен көп адам адасып жатқаны рас. Алайда маңыздылық пен құндылық жалпы санда емес сапада, санға көп мән беріле бермейді, кейде мүлдем берілмейді.

Мәселен, қолында бір мың он түйір дәні болған адам, дәндерді жерге
егіп олар химиялық өзгеріске ұшырау салдарынан оның он түйірі ағашқа айналып қалған мың данасы шіріп кетті. Әлгі он дәннің иесіне түсіретін пайдасы шіріп кеткен мың дәннің орнын басары анық. Сол сияқты нәпсі мен шайтанға қарсы күрес арқылы адамзат әлемін жұлдыздар сияқты
нұрландырып тұрған он кәміл адам шықса, солардың саясында адам
баласының абыройы артып, мерейі үстем болып жатса әлбетте зиянды
жәндіктер сықылды дәрежесі төмен пенделердің кәпір болу арқылы адамзаттың абыройына дақ түсіретін зиянын жуып-шайып кететіндіктен
Иләһи рахымшылық, хикмет, әділет шайтанның болуына рұқсат беріп, тиісуіне жол ашып қойған.

Уа, иманды жандар! Мұндай қауіпті дұшпандарыңа қарсы қорған,
Құранға сәйкес тақуалық; пана болар нәрсе, Расулуллаһтың (с.а.у) көркем сүннеті; ал қару болса истиазе яғни шайтаннан Аллаһқа сиыну және истиғфар яғни Аллаһтан кешірім сұрау, Иләһи қамқорлыққа сиыну.


13-Лема,68-б


1932 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Әһл-и бейт және Имамдық

Имамдық мәселесі негізгі мәселе…

Görüntüle

Шешендігі туралы

Құранның шешендігі мұғжиза дәрежесінде…

Görüntüle

Ғайбат туралы

Біреудi  жамандау  айып …

Görüntüle