Ұстаз Кастамонуда

Бәдиүззман Саид Нұрси Ескішеһир түрмесінен шыққаннан кейін
Кастамонуға жер аударылады. Біраз уақыт полиция бөлімшесінде
тұруға мәжбүр болады. Кейінірек сол бөлімшенің қарсы
алдындағы, әр дайым полицейлердің бақылауында тұрған үйге
орналастырылады.
Сол жерде сегіз жыл полицияның көз алдында қатаң бақылауда
қиын күндер өткізеді. Бірақ мұнда да қарап отырмайды. Жасырын
түрде Құранның нұрларын елге таныстырумен болады. Әсіресе,
Инеболыдан өте еңбекқор шәкірттер шықты. Спартадағы шәкірттер
сынды бар ынта-жігерлерін Рисалей-Нұрдың жазылып, таралуына
жұмсады.Осылайша, Қара теңіз жағалауларында да Рисалей-Нұрға деген
қызығушылықтар арта түседі.
Ұстаз Қастамонуда жүргенде Спартадағы шәкірттерін қатты
алаңдайтын.
Ол кісі Аллаһтың сездірумен, Рисалей-Нұрды бүкіл
әлемге паш етіп, сол жолда жан аямай еңбек ететін шәкірттердің
басым көпшілігі Спартадан шығатынын немесе иман қызметі
Спартадағы шәкірттердің бастамасы арқылы дами түсетінін сезетін.

Нұр шәкірттері Құрметті Ұстаздарының хал-жағдайына қатты
алаңдайтын.
Ұстаздан және басқа да Нұр шәкірттерінен хат-хабар
алып тұруға тырысатын.Бәдиуззаман жиырма жеті жыл бойы Нұр
шәкірттеріне арнап ғылыми, имани, ислами тақырыптарда және
иман жолында қызмет етулеріне байланысты көптеген хаттар
жазған еді.
Шәкірттері де бұл хаттарды қолмен көшіріп тарататын.
Дінімізге қастық ойлаушы қасгөйлердің, почта бөлімшелері арқылы
Нұр шәкірттерінің өзара хат алысуларына тыйым салдыртуларына
дейін барған ауыр күндерде Нұр шәкірттері бұл хаттарды ауылдан
ауылға, қолдан қолға, аймақтан аймаққа өздері тасумен айналысты.
Тіпті өзара «Нұр» почтасын ұйымдастырды. Бұл іске жан-тәнімен
кіріскен «Нұр» почташылары өз істерін қасиетті борышымыз
деп білетін. Өте маңызды ақиқаттарға толы бұл хаттар Рисалей-
Нұр жинағына “Лахикалар” (Қосымшалар) деген атпен енген еді.
Бұл хаттар Нұр шәкірттерінің рухани қажеттіліктерін толық
қанағаттандырып, оларға Иман, Құран жолында қалай қызмет ету
керектігін түсіндіретін нұсқаулыққа айналды.
Сондай-ақ халықтың,
Ислам дұшпандары ұйымдастырған шындыққа жанаспайтын, ойдан
құрастырған азғыру-алдау жоспарларына алданбай, керісінше
ақиқаттарға көз жеткізуі үшін де бұл хаттар өте пайдалы еді.
Осылайша дінсіздіктің уақытша сән-салтанат құрған кезеңінде
(көптеген кісілердің үмітсіздікке түсіп, жалқаулыққа бой алдырған
кезінде) жүректерге үміт ұялатып, шаттық сыйлады. Иман жолында
қызмет етуге талпындырды. Мұсылмандарды үмітсіздіктен
құтқарып, Рисалей-Нұр арқылы болашақта Исламның жеңісті де
жемісті күндері болатынына ишара жасап, сүйіншілеп жатты
.


rebrand.ly/omirtarihi



730 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Ризық

2 түрлі ризық бар. Біріншісі:…

Görüntüle

Мағынасын Сүю (Manayı-i Harfi/Manay-i İsmi)

Дүниені және ондағы жаратылысты…

Görüntüle

Махаббат және жанұя

МАҢЫЗДЫ БІР СҰРАҚ: Махаббат пен…

Görüntüle