Ұлтшылдық және Ислам

    Ұлтшылдық пікірі осы ғасырда тым асқынып кетті. Әсіресе Европа залымдары мұсылмандардың арасына іріткі салып, жекежеке билеп төстеу  үшін осы пікірді қоздырып тұр. Сондай – ақ ұлтшылдық пікір, нәпсіге ұнайды. Алдамшы ләззат бар, қатыгез күш бар. Сондықтан қазіргі таңда қоғамдық өмірге араласып жүргендерге “Ұлтшылдық пікірді таста“  деуге болмайды. Бірақ, ұлтшылдық пікірі екі түрлі. Біріншісі – болымсыз, қатыгез, зиянды. Өзгені жұтумен қоректенеді. Басқаларға дұшпандық ету арқылы жалғасады. Сақ жүреді. Бұл қастасу мен аласапыранға себеп болады.

    Өйткені Кемел де қасиетті Исламият қауымдастығы, оған мұқтаж емес. Үш жүз елу милионнан асатын қандай ұлт бар! Исламияттың орнына нәсілшілдік пікірі, сол пікір иесіне осыншама бауырларды, оның үстіне мәңгілік бауырларды тауып бере ала ма? Тарихта болымсыз ұлтшылдықтың зардаптары көп.

    Болымды ұлтшылдық, қоғамдық тіршіліктің ішкі қажеттілігінен бастау алады, өзара көмекке, ауызбіршілікке себеп болады. Пайдалы бір күш алуға себі  тиеді, Ислами бауырластықты одан сайын бекіте түсуге дәнекер болады. Осы болымды ұлтшылдық пікірі  Исламға қызметші болуы керек. Қамалы, сауыты болуы тиіс. Алайда оның орнын баспауы керек. Өйткені, Ислам бауырластығының  ішінде мыңдаған бауырластық бар, мәңгілік әлемде және барзах әлемінде сол бауырластық жалғаса береді. Сондықтан, ұлттық бауырластық қаншалықты қуатты болса да, Исламның бір бөлшегі ғана бола алады. Әйтпесе, Исламның орнына ұлтшылдықты әкелу қамалдың тастарын, қамалдың ішіндегі алмас қазынасының орнына қойып,  алмастарды сыртқа тастағандай ақымақтық, қылмыс.

    Ей, Құранға мойынсұнған Осы Отанның перзенттері! Алты жүз жыл емес, расында Аббасилер заманынан бері, яғни, мың жылдан бері Құран Хакимнің ту ұстаушысы ретінде бүкіл жиһанға қарсы майдан ашып, Құранды жарияладыңдар. Ұлтшылдықтарыңды Құранға және Исламиятқа қамал еттіңдер! Бүкіл әлемді ауыздарыңа қаратып, сұмдық шабуылдарды тойтардыңдар.

     Кесірлі ұлтшылдар мен әсіре патриот сымақтарға айтарымыз: егер өз ұлтыңызды  шын сүйсеңіз, оларға жаныңыз ашыса, онда олардың басым көпшілігіне жанашырлық болып саналатындай ізгі сезімді ұстаныңыз. Әйтпесе, басым көпшілігіне қаталдық жасап, жанашырлыққа мұқтаж емес, ат төбеліндей топтың уақытша салтанаты мен тамаша тіршіліктеріне қызмет ету, тіпті де, патриоттық емес. Өйткені, болымсыз нәсілшілдік пікірімен жасалатын патриоттық әрекеттің, сол ұлттың шамамен сегізден екеуіне ғана уақытша пайдасы тиуі мүмкін. Лайық болмағандар ғана сондай жасанды патриоттардың қамқорлығына бөленеді. Әлгі сегіздің алтауы, я қарт, я науқас, я бейнет шегуші, я бала-шаға, я өте әлсіз, я  шынайы түрде ақыретті ойлайтын тақуалар... бұлар дүниелік тіршіліктен гөрі, өздері бет бұрған ақыреттік өміріне қатысты нұр, жұбаныш, жанашырлық сұрайды және қамқоршы қолдарға мұқтаж күйде болады. Бұлардың осы үміттерін үзуге, жұбаныштарын жоюға қандай ұлтжандылық жол береді? Жо-жоқ! Мұндай  жағдайда, қайдағы ұлтқа жанашырлық, қайдағы ұлт жолындағы жанкештілік!

    



1217 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Мысал әлемі

Қандай бір нәрсе болмасын ғылыми…

Görüntüle

Неге Рисалей Нұр өте әсерлі?

[Осы инаят сыры бұрынырақта жеке…

Görüntüle

Молла Саидтың принциптері

1. Ешкімнен ешқашан сыйлық алмау,…

Görüntüle