«Үлкен күнәні істеген адам қалай мүмин болып қала береді?» деген сұраққа жауап

О баста күнә істеген адамды кәпірге санау қате екені нақты түрде түсіндірілгендіктен меніңше қайталаудың қажеті жоқ.

Жалпы адамның нәпсісі аз да болса дайын тұрған ләззатқа құмар келеді.
Ол тіпті азғантай болса да біраздан соң берілетін мол ләззаттан артық
көреді. Сол секілді кейін болатын ауыр азаптан гөрі дәл қазіргі болатын
кішкене азаптан қатты қорқады. Оның үстіне адамды сезім билесе ақылдың
айтқанын тыңдамай кетеді. Әуестікке беріліп түкке тұрмайтын дайын
кішкене ләззатқа бола кейін болатын үлкен сый-сияпаттан құр қалуға бар.
Алдында күтіп тұрған үлкен күйзеліске қарағанда қазір болатын күйзелістен
қатты әсер алады. Себебі, әуестік пен сезім келешекті ойламайды, тіпті
сенбейді. Оның үстіне нәпсі қозса иманның тұрағы жүрек пен ақыл өшіп
қалады.
Олай болса, үлкен күнәні істеуді имансыздыққа жатқыза алмаймыз. Ол
бір сезім мен әуестік билеген кезде ақыл мен жүректің жеңіліп қалуынан
болатын жағдай. Һәм, жоғарыда айтылғанындай, жамандық жасау, әуестікке
салыну бүлдіру болғандықтан істеу өте оңай. Сондықтан адам мен жын
шайтандары қисық жолға пенделерді тез салады.
Таңғаларлық жәйт, хадистің білдіргеніндей мәңгі әлемнің шыбынның
қанатындай кішкене нұры мәңгі болғандықтан бір адамның дүниеде өмір
бойы алған ләззаты мен байлығынан артық бола тұра, кейбір байғұстар
шыбынның қанатына да тұрмайтын дүнияуи ләззатқа алданып, о дүниясын
бұ дүнияға айырбастап, шайтанның азғыруына ереді.

Осыған байланысты, Қасиетті Құран мүминдерді қайта-қайта ескертіп,
жиі-жиі қорқытып, бірде қызықтырып, бірде құлшындырып жақсы амал
істеуге шақырып, жамандықтан тыйып отырады.
Бірде, Қасиетті Құранның осы қайта-қайта қатаң ескертулері маған
мынадай бір ой салды: «Мұнша қайталана беретін ескертулер мен
нұсқаулар, иманды жандарды тұрақсыз, қасиетсіз көрсетпей ме?» деген
ой туғызады. Адамның абыройын түсіргендей. Өйткені, бір қызметшіге
бастығы бір жұмыс тапсырып, оны бір рет айтуы жеткілікті бола тұра оны
он рет қайталаса. «Маған сенбей тұрсыз ба? Опасыз жан емеспін ғой» деп
шынымен ашуланады. Алайда, Қасиетті Құран қайта-қайта адал мүминдерге
қатаң ескерту жасауда.
Бұл ой мені мазалап жүргенде екі-үш адал достарым бар болатын.
Оларды адам шайтанының арбауына түсіп қалмауы үшін көп ескертіп, жиі
сақтандырып отыратынмын. Олар ешқашан «бізді бекерге жазғырасыз»
демейтін. Бірақ өзім іштей «Бұларға сенбейтіндей қайта-қайта ескерту
жасап, опасыз адамдай жазғырғаным болмас» дейтінмін. Содан жоғарыда
аталған ақиқаттың сыры ашылды да Қасиетті Құранның қайта-қайта
ескертуі өте орынды, ешқандай да артық емес екенін, қайта хикметке толы
әрі шешендік екенін білдім. Әлгі адал достарымның неге ашуланбайтынын
түсіндім.

Ол ақиқаттың қорытындысы былай: Шайтандар әлемді бүлдіру, адамзатты
бұзу үшін әрекет ететіндіктен кішкене амалмен үлкен жамандық жасайды.

Сондықтан тура жолда жүргендер өте сақ болып, жіті мұқият болуға және
көптеген ескертулерге, демеуге мұқтаж болғандықтан, Аллаһ Тағала жөн
сілтеп тура жолға салатын сөздерін қайталай отырып имандыларға өзінің
мың бір есімін көмекке ұсынады, өз қамқорлығына алады. Бұл, адамның
абыройын түсіру емес, керісінше қамқорлық. Адамның қадірін түсіріп
жатқан жоқ, қайта шайтанның бәлесінің жаман екенін көрсетуде.


Міне, Уа, хақ жолдағылар мен һидает нәсіп болғандар! Адам шайтаны
мен жын шайтандарының аталған әзәзілдерінен сақтанудың жолы әһл-і
сүннет уәл жамағаттың жолын ұстану, Қасиетті Құранды паналау,
Пайғамбарымыздың сүннетін басшылыққа алу. Сонда дін аман боласыңдар!


74-БЕТ,13-ЛЕМА


668 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Түстер әлемі

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ…

Görüntüle

Неге Хазреті Әнәс, Жабир, Әбу Хүрейре көп хадис айтып, Хазреті Әбу Бәкір мен Омар аз риуаят еткен?

Һәм үлкен мұғжизалар, жүз жолмен…

Görüntüle

Бәдиүззаман Ескішеһирде

Рисалей-Нұрдың барған сайын халық…

Görüntüle