Ғайбат туралы

Біреудi  жамандау  айып  және  нашар  қылық  екенін,  жиіркеніштілігін
Құран Кәрім бір ғана аятымен алты жақты көрсеткендігі «Жиырма бесінші
Сөзде» тәпсiр етiлген. Құранның назарында ғайбаттың қаншалықты жаман
нәрсе  екендiгi  анық  көрiнiп  тұрғандықтан,  басқаша  түсiндiрудiң    қажеті
жоқ. Құранның баяндауынан артық баян болмайды, болуы да мүмкiн емес.

اَيُحِبُّ اَحَدُكُمْ اَنْ يَاْكُلَ لَحْمَ اَخِيهِ مَيْتًا  /Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? (Хужурат, 49: 12)/

аяты  жамандауды  алты  жақтан айыптайды.  Ғайбаттауға  алты  мәрте  қатты-қатты  тыйым  салады.  Бұл аят  бiреудi  сыртынан  жамандайтындарға  назар  салғанда,  мағынасы төмендегідей болады.
 Аяттың басындағы «хамза» сұрау белгісі, «рас па?» деген мағынада. Бұл
сұрау мағынасы су сияқты, аяттың барлық сөздеріне жайылып, әсер етеді.
Әрбір сөзде жасырын түрде тыйым бар.

Біріншісі  «хамза»  арқылы,  «апырым-ай,  бұл  қылық  тым  азғын  нәрсе
екенiн түсiнбейтiн, сұрақ-жауап орны болып табылатын ақылдан шынымен
жұрдай болғансыңдар ма?»- дейдi. 

Екіншісі, يُحِبُّ  сөзімен «сүю не жек көру қасиетiне ие жүректерiңді, 
тым жиiркенiштi нәрсенi сүйетiндей шынымен  қара басқан ба?» - дейдi.

Үшіншісі, اَحَدُكُمْ сөзімен,  «тіршілік  тынысын  улайтын  мынадай  iске
жол беретiндей мәдени, өркендеген қоғамдарыңа не болған?»- дейді.

Төртіншісі, اَنْ يَاْكُلَ لَحْمَ сөзі  арқылы,  «өз  досыңды  айуанша  жұлып
жейтiндей, шынымен адамгершiлiктен жұрдайсыңдар ма?» – дейді.

Бесіншісi اَخِيهِ сөзімен,  «ағайын  туысқа  деген  бауырмалдық,
жанашырлық қайда? Өз бауырыңдай байғұс бiр адамның рухани тұлғасын
аяусыз  тiстелеп  жұлмалайсыңдар  кеп.  Өз  денелерiңді  өздерің  шайнап,
жұлып жейтiндей шынымен есуассыңдар ма?» - дейді.

Алтыншысы, مَيْتًا сөзімен,  «ағайын  туысқа  деген  бауырмалдық,
жанашырлық қайда? Өз бауырыңдай байғұс бiр адамның рухани тұлғасын
аяусыз  тiстелеп  жұлмалайсыңдар  кеп.  Өз  денелерiңді  өздерің  шайнап,
жұлып жейтiндей шынымен есуассыңдар ма?» - дейді.

Демек, бұл аяттың түсіндіруімен және сөздерінің әрқилы дәлелдерімен
жамандау мен ғайбат сөз айту адамның ақылы, жүрегі, адамгершілігi, ар-
ұжданы,  жаратылысы  сүй-мейтiн  және  халық  алдында  да  жаман  қылық.
Осы  аяттың  ғайбаттауды  үстi-үстiне  айыптап,  осындай  күнәға  шешен
тiлмен алты рет тыйым салғанына зер сал.
Ғайбат  –  қара  ниеттi,  күншiл  және  қырсық  адамдардың  өте  көп
қолданатын  жексұрын  қаруы.  Ар-намысты  адамның  бұл  лас  қаруды
қолдануға ұжданы шыдамас. Атақты бір кісі былай деген екен:

«Дұшпанымды ғайбатпенен жазалаудан бойымды аулақ салдым.
Пасық пен арсыздың лас қаруын қолыма неге алайын».
Егер, өзi жайлы бiр сөз айтылған кезде, әлгi адам сол жерде болса немесе
басқа жақта жүріп сол сөз туралы естiгенде ренжісе, онда ол ғайбат боп
саналады.  Егер,  айтылған  сөз  дұрыс  болса  ғайбат.  Ал,  өтірік  болса  һәм
ғайбат, һәм жала. Бұл екi есе күнә.

#22-Мектуб Қосымшасы


2399 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Шайтанның бір айласы (Ұлтшылдық)

Ей, өтipiк ұлтшыл, алаяқ! Сенiң…

Görüntüle

Тәсәттүр туралы

Тәсәттүр әйелдерге фытри яғни…

Görüntüle

Құран Хакимнің шәкірттері мен қызметшілеріне нұсқау ретінде және алданып қалмаулары үшін жазылған [Аясофия мысалымен]

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың…

Görüntüle