Яжуж пен Мәжуж

Тарихта Манчжур, Моңғол деп аталған сол кезеңдегі қоғамдық тұр­мыстың астан­кестеңін шығарған тайпалар және Қытай қорғанының салынуына себеп болған тобырлар қияметке жақын анархиялық идеа­логияны ұстанып адамзаттың мәдени тұрмысын тағы да быт­шытын шы­ғарып бұзатыны хадистерден белгілі. Бұған кейбір имансыздар сенбей былай дейді: "Мұнша қырғынды салған және салатын тайпалар қазір қайда?"

Жауап: Шегіртке апаты кей мезгілде жойқын күш алады. Сосын өзінің
мезгілі аяқталған кезде әлгі егін жайды қырып жібере жаздаған жойқын
тайпалардың тұқымы белгілі бір тұлғаларда сақталып қалады. Кейін
тағы бір қолайлы кезеңде Аллаһтың әмірімен манағы белгілі тұлғалардан
өте көп мөлшерде шығып, қайтадан қырғын салады. Бейне бір олардың
тұқымы жіңішкерсе де үзілмейді, құрымайды. Мезгілі болғанда шыға
келеді. Дәл сол секілді баяғы заманда дүниенің тас­талқанын шығарған
әлгі тайпалар оңтайлы сәтті күтіп жатқандай Аллаһ рұқсат бергенде
қайтадан адамзаттың қоғамдық өмірін астан­кестең етеді. Бірақ, бұл жолы
олардың талқандаушылары басқа түрде көрінеді.

Яджуж-Мәджуж оқиғасы Қасиетті Құранда қысқа-нұсқа түсіндірілген. Дегенмен, риуаяттарда біршама түсініктемелер жоқ емес. Ол түсініктемелер Құранның
«мухкемат» аяттары секілді тікелей түсінетін «мухкем» емес,
біршама «мутешабих» аяттар секілді тәуил қажет етеді. Тіпті, риуаят
қылушылардың иджтихаттары араласып кеткендіктен жору керек
болар.

Құранның тілінде «Яджуж-Мәджуж» деп аталатын Манджурия
және Моңғол тайпалары, Шын-Машындағы кейбір тайпаларды
өзіне қаратып, біріге отырып бірнеше мәрте Азия мен Еуропаға шабуыл жасап күл-талқанын шығарғаны тарихта белгілі. Сол секілді,
келешекте де дәл сол тайпалар дүнияның астан-кестенін шығарып
қирататына ишара, соны мегзесе керек. Қазірдің өзінде коммунизм,
анархия жайлаған елдердің бірі сол аймақтар.

Иә, тарихқа үңілер болсақ, Француз революциясында бостандыққа
талпынып, демократия ұғымының іргетасы қаланып социализм пайда
болды. Социализм болса кейбір діни қағидаларды бұзғандықтан
ақырында большевизмге айналып кетті. Және большевизм де
көптеген ахлақи қағидалармен, рухани, адами ұстанымдармен
санаспағандықтан әлбетте нәтижесі сұмдық болып ешбір ережеге
бағынбайтын, кішіге ізет, үлкенге құрмет дегенді білмейтін анархияға
апарып соқтырды.

Өйткені, адамның жүрегінен құрмет пен мейірім кетсе, ақыл мен
ми ол адамды жыртқыш хайуанға, сұмдық айуанға айналдырады.
Енді, ондай адамдарды саясатпен басқару мүмкін болмайды. Жалпы
анархия ұғымының орнығып өркен жаюына ең ыңғайлы жер көп
жәбір көрген әрі халқы тығыз орналасқан әрі мәдениетте артта қалған,
басқару қиын варвар тайпалар қоныстанған елді-мекендер болмақ.
Ал сол шарттарға ең қолайлы халық болса Шын-Машындағы анау
басынан мынау басына шейін қырық күн жүретін және әлемнің жеті
ғажайыбы саналатын Қытай қорғанының салынуына себеп болған
Манджурия мен Моңғол және кейбір Қырғыз тайпалары. Ол туралы
Қасиетті Құранның қысқа қайырған хабарын ашықтап тәпсірлеуші
Мұхаммед Пайғамбар алейһиссалату уассалам таңғажайып түрде әрі
терең талдап хабар берген.

-Ғайыпты білуші тек қана Аллаһ-

/5-Шұға,24-Сөз/



1192 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

басқа тілдерде

Демократия һаққында сұрақтар:

    Демократиядағы еркіндікті…

Görüntüle

Ұлтшылдық және Ислам

    Ұлтшылдық…

Görüntüle