Христиан дінінде көптеген өзгерістер болды.Әуелде төңкерісшілерді (Ватикан Протестанттарды) діннен шыққандар деп атады да,кейіннен олардыдың Христиан екенін мойындады.Ендеше Исламда да осындай өзгеріс реформалар жасалса ше?

Жауап: Бұл салыстырмаңның қисынсыздығы бірінші ишарадағы салыстырмаңнан да бетер. Өйткені, Христиан діні Хазреті Иса алейһиссаламнан діннің тек негіздерін ғана алды. Шариғаттың қоғамдық өмірге қатысты үкімдерін Иса алейһиссаламның шәкірттері мен рухани көсемдер қалыптастырды. Олардың көпшілігі бұрыңғы киелі кітаптардан алынды. Хазреті Иса алейһиссалам әмірші, сұлтан болмағандықтан қоғамдық өмір заңдарын қалыптастырған жоқ. Мәдени әдеп-ғұрыптар, дәстүрлер Христиандық заңдар есебінде қалды. Өзгеше бейнелер берілді. Ал, бұл бейнелер сыртқы көріністер өзгертілсе де, Иса алейһиссаламнан қалған діни негіздер сақталып қала береді. Хазреті Иса алейһиссаламды жоққа шығармайды. Ал, Ислам діні мен сол шариғаттың Иесі, бүкіл әлемнің мақтанышы Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уассалам екі жиһанның сұлтаны болғандықтан, шығыс пен батыс, Андалус пен Үндістан (Оңтүстік Шығыс Азия) соның билігінде. Ислам дінінің негіздерін тікелей өзі көрсетті. Және діннің ең кішкене мәселелері мен үкімдерін, тіпті ең қарапайым әдеттерін де тікелей өзі көрсетуде, бәрін өзі хабарлап бұйыруда. Демек, Исламның ең кішкентай үкімінің өзі өзгертуге болатын киім емес. Яғни, олар өзгертілсе дін сол таза қалпы қала алмайды. Өйткені, олар діннің өзегі, негізі, ажырамас ағза, тері. Өзегінен ажыратуға келмейтіндей бітісіп, бүтін денеге айналған. Оларды өзгертем деу Ислам шариғатының Иесін жоққа шығару, мойындамау болып шығады. Ал, мәзһабтар арасындағы айырмашылықтар, Шариғат Иесі көрсеткен теориялық заңдарды түсіндіруден туындаған «Діннің өзекті» қағидалары деп аталатын өзгертуге болмайтын қағидаларды, өзгертуге болмайды. Оларға Иждтиһад жүрмейді. Оларды өзгерткен адам діннен шығады.

يَمْرُقُونَ مِنَ الدِّينِ كَمَا يَمْرُقُ السَّهْمُ مِنَ الْقَوْسِ қағидасына сай келеді.

/Садақтан оғы шыққандай діннен шығып кетеді,Бухари,Муслим/


https://rebrand.ly/mektubat

Мектубат-424


313 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

"Неліктен Құран кейбiр мәселелердi қысқа қайырады. Кейбi­реуiн көпшiлiкке түсінікті оларға жағымды, қарапайым халыққа жеңіл, ақылдарын қинамай өте анық та қарапайы тiлмен жеткiзедi?"

ЖАУАП: "Себебi, пәлсапа ақиқаттың…

Görüntüle

Исламсыз иман бола ма?

Жауап: Имансыз Исламият тозақтан…

Görüntüle

Хақ біреу бола тұра, қалайша төрт яки он екі мазхаб пайда болады әрі үкімдері әртүрлі, бірақ бәрінікі дұрыс һәм хақ болады?

Заманға қарай шариғаттар өзгереді.…

Görüntüle