Хадистер және Тәуәтур

укути», яғни, үндемеу арқылы қабылданған. Мысалға,
бір адам, жамағаттың көзінше бір оқиға туралы айтса, жамағат оны жоққа
шығармай үндемесе оны растап, мақұлдаған болады. Әсіресе, хабарлап отырған оқиғаға жамағаттың да қатысы болып әрі оның үстіне жамағат шыншыл, жалғанды жек көретін жандар болса, әлбетте, әлгі кісінің сөзіне үнсіз қалуы оның сөзін растайтын күшті дәлел болып есептеледі.

Мағынауи тәуәтурдің екіншісі: Бір оқиғаны бірнеше адамның әр түрлі
жеткізуі. Мысалы, «Бір келі тағам екі жүз адамды тойғызыпты». Бірақ бұл
оқиғаны хабар берушілер түрлі-түрлі сөзбен жеткізсе де, барлығы да оның
шындығын растайды. Бұл оқиғаның болғаны мағынауи түрде расталған
болып табылады. Түрлі-түрлі айтылуының зияны жоқ. Кейбір жағдайда бір
ғана хабар, тәуәтур дәрежесінде ақиқат болып есептеледі.

Міне, Расулуллаһан (с.а.у) бізге жеткен мұғжизалар мен пайғамбарлық
дәлелдердің көпшілігі тәуәтур, яғни, сарихи, мағынауи немесе сукути
жолымен жеткен. Рас кейбірі бір ғана рауи арқылы, яғни, бір ғана адамның
айтуымен жеткен. Бірақ, Хадис имамдары тарапынан қабылданғандықтан
рас екендігі анық. Хадис имамдары мен ғалымдары «Мухаққиқ»,»Әл
Хафыз
» деген атаққа ие болып, ең аз дегенде жүз мың хадисті жадында сақтаған. Осындай мыңдаған мухаққиқ хадисшілер және тақуа, яғни, елу жыл бойы құптан намазының дәретімен таң намазын оқыған хадис ғалымдары және Бұхари, Муслим секілді «Кутуб-ы Ситте-и Хадисиені» жазған хадис ілімінің ғұламалары мойындаған «уахид хадис», яғни, рауиі (жеткізуші) біреу болса да тәуәтур дәрежесінде деп есептеледі.

Хадис ілімінің мухаққиқ мамандары Расулуллаһтың (с.а.у) керемет
түсіндіру әдістерін, Оның (с.а.у) сөз саптау қабілетін терең зерттеп, әбден
меңгергені сонша жүз хадистің ішінен «мәузу хадис» көрсе, «Бұл хадис
емес, Пайғамбарымыздың сөзіне ұқсамайды» деп дереу танитын болған.
Олар сөздің зергері секілді хадистің құрылыс-құрамын танып, басқа
сөздермен шатастырмайтын. Тек Ибн Жәузи секілді хадис мамандары сын
айтуда артық кетіп, кейбір сахих хадистерді «мәузу хадис» деген. Бірақ
«мәузу хадис» деген сөз мағынасы дұрыс емес дегені емес, «Бұл сөз хадис емес» деген сөз.


1391 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Сияры нәби туралы

Расулуллаһ Ғалейhиссалату Уәссаламның…

Görüntüle

Христиан дінінде көптеген өзгерістер болды.Әуелде төңкерісшілерді (Ватикан Протестанттарды) діннен шыққандар деп атады да,кейіннен олардыдың Христиан екенін мойындады.Ендеше Исламда да осындай өзгеріс реформалар жасалса ше?

Жауап: Бұл салыстырмаңның қисынсыздығы…

Görüntüle

Дарулхикметте жүргенде сезінген рухани толғанысқа толы бір хат:

Осыдан отыз жыл бұрын, Бұрынғы…

Görüntüle