Түстер әлемі

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ

Юсуф Сүресінің маңызды бір бөлімі, Юсуф (А.С.)-ның түсі.
Сондай-ақ وَجَعَلْنَا نَوْمَكُمْ سُبَاتًا (Ұйқыларыңды дем алыс қылдық. /Нәбә', 78: 9/)

аяты секілді көптеген аяттар түс арқылы астарлы түрде маңызды ақиқаттардың жеткізілетінін көрсетеді.

Қиял араласып кете беретін түстерді ақиқат алаңында зерттеу, зерттеудің қағидаларына толық үйлеспейді. Ұйқыдағы кішкене құбылыс арқылы өлімнің інісі болған ұйқыға қатысты ақиқаттарды ғылыми заңдылықтарға сүйене отырып, Құран аяттары ишара еткен жақтарын негізге ала отырып баяндаймыз.

Құран ашып, жорамал айтуды және түске арқа сүйеуді тура жолдағылар құптамайды. Өйткені, Құран Хаким кәпірлерге қайта-қайта қатаң соққы беруде. Кітап ашқан кезде, кәпірге қатысты қатаң сөздер шықса, адамның көңілін астан-кестең етеді, үмітсіздікке түсіреді.

Сондай-ақ, түс негізінде жақсылық бола тұра, кей кезде шындыққа қайшы келетін бейнеде көрінетіндіктен жамандық деп қаралады, үмітсіздікке түсіреді, жаман ой береді. Көптеген түстердің көрінісі үрейлі, зиянды, лас болғанымен жоруы мен мағынасы өте жақсы болады. Түстің көрінісі мен мағынасының шындықпен байланысын әркім таба алмағандықтан босқа алаңдайды, уайымдайды, қайғырады.

Сахих хадис бойынша, пайғамбарлықтың қырықтан бір бөлігі ұйқыдағы ақиқат түстері арқылы білдірілгені белгілі. Демек, аян берілетін шыншыл түстер ақиқат және пайғамбарлық міндетке де қатысы бар.

Түс үш түрлі болады. Екеуі жоруға татымайды.Мағынасы бар болса да, маңызы жоқ. Я, жан мен тәндегі бір ақаудың салдарынан адамның науқастығына байланысты қиял күші көрініс, бейне түзеді. Күндіз не болмаса бұрынырақта, тіпті екі-үш жыл бұрын басынан өткен оқиғаларды есіне түсіріп, түсінде көргендей суреттейді, сан-саққа жүгіртеді.

Үшінші түрі – аян берілетін ақиқат түс. Адамның болмысындағы Раббани жарылқаулардың материалдық әлемге байланған және сол әлемде жүрген сезімдердің жабылуы мен өз істерін тоқтатуы арқылы ғайып әлемімен байланыс орнатуы, саңылау ашуы. Сол саңылау арқылы жүзеге асуға дайындалып жатқан құбылыстарға қарайды және Левһул Махфуздың көріністері мен Тағдыр жазбаларының үлгілерінің біріне кезігеді, кейбір шындық оқиғаларды көреді. Қиял сол оқиғаларды иемденеді, бейне береді. Бұл жағдайлардың түрі де, дәрежелері де көп. Кейде дәл көрінгеніндей болып шығады, кейде жұқа перденің артынан бұлдырап көрінеді, кейде қалың пердемен жабылып қалады.

Хадис шәрифте: Расул Әкрам Алейһиссәлату Уәссәламның уахи келер алдында көрген түстері таңның атуы секілді анық, тура шығатын.

Ақиқатқа сай түс, алдын ала сезудің жетіле түсуі. Алдын ала сезу болса, барлық адамда да азды–көпті бар. Тіпті, хайуандарда да бар. Бір кездері мен осы алдын ала сезу сезімін сыртқы және ішкі белгілі сезімдерге қосып, адамда және хайуандардағы «есту» мен «көру» секілді «саиқа (итермелеуші)» және «шаиқа (тартушы)» атты тағы екі сезімді іліми түрде тапқан едім. Дінсіздер мен дінсіз философтар, бұл беймәлім сезімдерді «инстинкт» дейді. Астағфируллаһ, инстинкт емес, расында ол өзіндік бір «фытри илһам», адамдар мен хайуанатты Иләһи жазымышқа итермелейді.

Мәселен, мысықтар көзі ауырып, көрмей қалғанда, сол Жазымыштың итермелеуі арқылы көзіне дәрі болатын шөпті тауып, көзіне жағады да жазылып кетеді. Сондай-ақ жер бетінің санитарлары саналатын және жабайы аңдардың өліктерін тазалауға міндеттелген құзғын секілді жыртқыш құстарға, бір күндік жерде бір өлексенің жатқаны, сол жазмыштың итермелеуімен және алдын ала сезудің илһамымен және Иләһи саиқамен білдіріледі, адаспай барып тауып алады. Сондай-ақ, дүниеге жаңа келген бір бал арасы өзі бір күндік қана бола тұра, бір күндік жерге ұшып кетеді, ауада ізін жоғалтпай ұшып, сол жазымыштың итермелеуі және сол илһам арқылы кері қайтады, ұясын дәл табады. Тіпті, көп қайталанатын бір жағдай бар. Біреу жайлы айтылып жатқан сәтте кенет есік ашылады да, ойламаған жерден дәл сол адам келеді.

Демек, алдын ала сезу арқылы яки Раббани латифа бойынша әлгі адамның келетінін сезеді. Алайда, оны ақыл қамти алмаса да, еріксіз түрде сол жайлы айтуға итермелейді. Әулиелер мұндайдың кәрамат секілді келетінін айтады. Тіпті, бір уақыттарда менің өзімде де осындай сезімдер күшті болушы еді. Бұл жағдайды жүйелі түрге айналдырғым келді, бірақ жөн көрмедім және жасай алмадым. Әйтсе де салихтерде, әсіресе, әулиелерде алдын ала сезу қабілеті кемелденеді, кәрамат секілді нәтижелерін көрсетеді. Жалпы, қарапайым адамдардың да өзіндік бір әулиелік жағдайға жету мүмкіндігі бар. Яғни ақиқатқа сай түстер арқылы ғайыпты және болашақ нәрселерді көреді. Ұйқы – қарапайым адамдарды ақиқатқа сай түс көру кезінде әулиелік мәртебеге шығарса, жалпы адамдар үшін өте тамаша Раббани фильмді тамашалайтын жағдай. Алайда, жақсы мінезді адам жақсы ойлайды. Жақсы ойлаған адам жақсы көріністер көреді. Жаман мінезді адам, жаман ойлағандықтан жаман көріністер көреді.

Сондай-ақ кімге де болса, материялық әлемнен, ғайып әлеміне қаратылған терезе. Ұйқыда кедергілермен шектеулі және фәни адамдар үшін шетсіз-шексіз алаң ашылады. Мәңгілік өткеншақ пен болашақ осы шақ секілді көрінетін тамашалау орыны. Сондай-ақ, тіршілік тауқыметінің астында езілген, машақат шеккен рух иелерінің демалыс орыны.

Ақиқатқа сай түс, мен үшін хаққаляқин дәрежесіндегі ақиқат және көптеген тәжірибелерім бойынша Иләһи жазмыштың бүкіл нәрсені қамтитынына нақты дәлел болады. Ондай түстер, бірнеше жыл ішінде сондай бір дәрежеге жетті. Ертең басыма келетін ең кішкене оқиғалар мен ең елеусіз істер, тіпті ең қарапайым әнгіме жазулы екендігі және әлі болмай тұрып-ақ, дайындалып қойғандығы, түнде соларды солай көруім тіліммен емес, көзіммен оқығандай анық еді. Бір емес, жүз емес, тіпті мың мәрте, түнде еш ойламаған жерден көрген кейбір адамдарым немесе айтқан мәселелерім, ертеңіне аз ғана жорулар арқылы дәл солай болып шығатын. Демек, ең кішкене құбылыстар жүзеге аспай тұрып-ақ тіркеуге алынып, жазылып қойылған. Демек кездейсоқтық деген нәрсе жоқ, құбылыстар еш жүйесіз өз-өзінен болмайды.

#28-мектуб


1072 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Шешендігі туралы

Құранның шешендігі мұғжиза дәрежесінде…

Görüntüle

Әһл-и бейт және Имамдық

Имамдық мәселесі негізгі мәселе…

Görüntüle

Яхудилерге қатысты Құранның осы екі үкімі

يُذَبِّحُونَ اَبْنَۤاءَكُمْ وَيَسْتَحْيُونَ…

Görüntüle