Табиғат жаратушы ма әлде жаратылған ба?

Уа, адам! Халық арасында күпірліктің лебі сезілетін қауiптi сөздер тараған. Оны қауiптілігінен бейхабар имандылар да пайдаланады. Сол қауiптi сөздердің ең қатерлi үшеуін баяндап берейін.

Бiрiншi қауiптi сөз: «Әужәдәт-hүл әсбаб», яғни, себептердің ықпалымен пайда болады.

Екiншi қауiптi сөз: «тәшәккәлә би нәфсиhи», яғни, «өздігінен пайда болады».

Үшiншi қауiптi сөз: «иктизат-hүл табиат», яғни, «табиғи құбылыс, табиғат қажет еткен соң солай болады».

Иә, сонымен, әлемнiң бар екенi рас, оны ешкім жоққа шығара алмас. Әрбір болмыс, шебер әрі хикметті түрде, яғни, белгiлi бір мақсатпен, пайдаға асатындай жаратылғаны ап-анық көрініп тұр. Әрі, ежелден бері келе жатқан дүниедей көне емес, жаңадан жасалып, көз алдымызда пайда болуда. Олай болса, ей, дінсіз адам! Қалай болғанда да сен жаратылыс туралы: «Мына болмысты мысалға, мына хайуанды себептер жаратты, яғни, себептер жиналып жаратты не болмаса, өзінен-өзі пайда болды, яғни, табиғаттың әсерінен пайда болды не болмаса, Қадир Зүлжәләлдың құдіретімен жаратылды, яғни, Аллаh жаратты» деуге мәжбүрсің. Ақылға салар болсақ, осы төрт жолдан басқа түсіндіру мүмкін емес.

Егер былай десең: «Жаратылысты табиғатқа телісең қыруар қисынсыздықтар мен шыға алмайтын тығырықтар пайда болады дейсiң. Ал, бұларды Ахад әрі Сәмад бір Аллаһқа бергенде әлгi қиындықтар қалай жоғалып, ұғыну жеңіл болып кетеді?»

Жауабы: «Бірінші мысалда, Күн сәулесі еш қиындықсыз, кіп-кішкене тамшыдан бастап, сонау айдын көл, үлкен теңізге дейін шағылысып, өзінің сәулесін, әсерін өзіне ұқсас көптеген кішкене мысали күндер арқылы жеңіл көрсете қояды. Егер әлгі тамшының және сол сияқты жылтырақ бөлшектердің күнмен байланысы жоқ десе, онда әлгі кішкене күнді көрсетіп тұрған әрбір бөлшектің ішінде күн сыртқы пішінімен бірге орналасуы керек. Сол сияқты әрбір болмысты тікелей Заты-Ахад уа Сәмад бір Аллаһтың жаратқаны, оның құдіретімен болады деген кезде бүкіл болмысқа не керектiң бәрi өте оңай әрі жеңіл түрде қамтамасыз етіледі. Егер мұндай байланыс үзілсе болды әлгіндей қызметшiлiк тоқтап, болмыс атаулы өз бетімен жүр немесе табиғатқа қатысты дейтін болсақ, ондай жағдайда шешілмейтін шексіз байланыстар түйіндерге айналып, ақылға сыймайтын жөнсіздік, яғни, мүмкінсіздіктер алдымыздан шығады. Онда мына керемет хикметке көз жұмып, әлемнің кiшкене үлгісі тәрізді, таңғажайып мәшинеге ұқсас шыбынды сол шыбынның ішіндегі меңіреу табиғат жасады деп сенуге тура келеді. Ендеше бүкіл табиғаттың өзін шексіз әлемді жарататын құдірет пен хикмет иесi деп мақұлдауға тура келеді. Бұл дегеніміз бір емес, бәлкім сансыз есе қисынсыз, санасыз сандырақ болар еді. Олай болса, Заты Уажиб-үл Ужуд жаратқан және оның серігі мен теңі жоқ, болуы да мүмкін емес. Сол сияқты оның құдіретіне және болмысты жарату ісіне де өзгенің араласуы мүмкiн емес, мүлдем ақылға сыймайтын түсінік. Ал, екінші жөнсіздіктегі мүшкілдікке келер болсақ, көптеген еңбектерімде баяндағанымдай, егер болмыс атаулы Уахид Ахад бір Аллаһқа берілсе, барлық нәрсе бір нәрседей жеңіл әрі оңай болады. Егер іс себептерге, табиғатқа жүктелсе бір ғана нәрсе бүкiл болмысты жаратқандай аса зор қиындық туғызады.

Мәселен, бір адам патшаның қызметшісі болып қол астына кiрсе, сол мансаптың арқасында әлгi адамның күш-қуаты жүз есе артып, бұған дейінгі атқарған қызметінен әлдеқайда көп істер тындыра алады. Өйткені, атқаратын ісі мен жұмысына қажетті заттарды, күш-қуатты өзі тасымайды, тасуға да мәжбүр емес. Әлгi байланыс арқылы керегінің бәрін патшаның қазынасынан алып және оны патшаның әскері тасиды. Демек, атқарған істері керемет, бейне бір патшаның өзi iстегендей тыянақты, іс-қимылы бір әскери жасақтың қимылындай керемет басталып, таңғажайып болып аяқталады.

Мысалы, кішкентай құмырсқа, әлгіндей қызметкерлік арқылы Перғауынның зәулім сарайын тас-талқан етеді. Шыбын сондай байланыстың арқасында патша Нәмрудты жер жастандырады. Сондай байланыспен кiп-кiшкене қарағайдың дәнегі, таудай қарағай ағашын арқалап, ішіне сақтап тұр емес пе?. *

Иә, егер мұндай тығыз байланыс үзіліп, әлгіндей зор қызметінен босатылса, онда кішкене дәнек зәулім қарағай ағашына қажетті заттарды өзі арқалап тасуға мәжбүр болар еді, ол да мүмкін емес. Ол кезде, көп болса өзіне шақ сол азғантай күш-қуатының шамасындай ғана iс атқарады. Әрине, мұндай хикаяны қиялға жүйрік сайқымазақ естісе де, осындай жөнсіз қиялдан ол да қатты ұялатын шығар.

Сонымен, болмыс атаулыны Уажиб-үл Ужудқа беру, яғни, бiр Аллаh жаратты деу шарт әрi сөзсіз жеңіл. Ал, табиғат жаратты деу мүшкіл, ақылға қонымсыз.


https://www.rebrand.ly/tabigat

Лемалар-185


1290 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

"Құран Хакимнің сырлары білінбейді, тәпсір жазушылар оның ақиқатын түсінбеген" дейтін пікірдің екі жағы бар.

Оны айтушылар да екі топқа бөлінеді.…

Görüntüle

Саясат және Саид Нұрси

Неге саясатқа осынша немқұрайлылық…

Görüntüle

Дарулхикметте жүргенде сезінген рухани толғанысқа толы бір хат:

Осыдан отыз жыл бұрын, Бұрынғы…

Görüntüle