Періштелерге иман

Періштелердің болмысына сену иман шарттарының біреуі.

Періштелер мен рухани жаратылыстың бар екені адам мен хайуанның болмысы тәрізді анық деуге болады. Иә, жердің өзіне тән тұрғындары болғаны секілді аспанның да өзіне тән, сол жерге ыңғайлы тұрғындары болуын ақиқат та хикмет те талап етеді. Шариғат тілінде түрлері өте көп әлгі тұрғындарды "мәләикә" және "руханият" деп атайды. Иә, ақиқат солай болуын керек етеді. Себебі, мына жер шары аспанмен салыстырғанда кіп­кішкене, тіпті елеусіз бола тұра саналы мақұлықтарға толы болуы, кейде босап қайтадан жаңа мақұлықтармен толтырылып безендірілуі бізге мынаны мегзейді тіпті анық түрде білдіреді:

Анау ғажап шоқжұлдыздармен көмкерілген бейне бір сарай тәріздес көк аспанда да болмыс деуге әбден лайық, болмыстың нұры деуге болатын тірі мақұлықтарға, тіпті олардан да жоғары саналы, түйсік иесі мақұлықтарға әлбетте толы болмақ. Ол мақұлықтар адам мен жын секілді мына сарай тәріздес әлемнің көрермендері, мына ғалам кітабының зерделі оқырмандары, осынау Рубубиет салтанатының делдалдары боп табылады. Олар Аллаһқа деген өздерінің ауқымды да күллі құлшылықтарымен ғаламның алып та шексіз жаратылыстарының тәсбихаттарын яғни пәктеп айтқан зікірлерін Оған ұсынып отырады.

Иә, мына әлемнің жағдайы олардың болмысын керек етеді тіпті көрсетіп тұр десе де болады. Себебі, ғаламды мұнша күрделі де нәзік өнермен безендіруі және осынау терең мағыналы, хикмет толы нақыштармен көрікті етуі, сөзсіз өзін талқылайтын, тамсанатын, жақсы көріп қызығатын, бағалайтын назарларды керек етеді, олардың болмыстарын талап етеді. Рас, сұлулық әлбетте ғашық біреуді керек ететіні, тағам болса ашыққан, мұқтажға берілетіні ақиқат. Олай болса мына аса таңғажайып әсемдік пен сұлу өнер яғни рухани азық пен көңілдердің құты әлбетте періштелер мен руханилерге тиесілі, олардың болуын керек етеді.

Иә, мына әсемдік пен керемет сұлулық өзіне шексіз толғаныс, ой жүгірту, құлшылық етуді керек етеді. Алайда, адам мен жын ондай шексіз зор міндеттің, ғибрат ала тамашалап, толғанудың, ауқымы кең құлшылықтың миллионнан бірін ғана жасай алатыны белгілі. Демек, мұндай шексіз әрі сан­алуан құлшылық міндетіне сансыз періштелер мен руханилар керек. Сөйтіп, мына әлем атты алып мешітті сап құрап толтырып көркін келтіруі керек.

Иә, мына ғаламның әр тарапында, әрбір қабатында руханилер мен періштелердің сан қилы түрлері бар және олар әрқайсысы өзіндік құлшылық тармен шұғылдануда. Бұл олардың міндеті. Кейбір хадистердің баяндағанындай әрі әлемнің тәртібі де мегзегеніндей, кейбір жылжыйтын жан сыз денелер, мәселен жұлдыздардан бастап сонау жаңбыр тамшыларына шейін кейбір періштелердің кемесі, көлігі болып табылады. Әлгі періштелер оларға Құдайдың қалауымен мінеді де, шәһадат әлемін яғни көзге көрінетін мына әлемді тамашалап кезеді әрі астарындағы мақұлықтардың тәсбихаттарын ұсынады.

Және кейбір жан­жануарлар, тіпті хадисте арапша "Туюрун худрун" яғни "Жасыл құстар" деп аталған жұмақ құстары және тірі жәндік кішкентай шыбындар да кейбір әруақтарға (рухтар) ұшақ қызметін атқарады екен. Олар бұлардың ішіне Хақтың әмірімен кіріп мына дүниені аралап әлгі денелердің сезім мүшелерін терезе ретінде пайдаланып мына дүниедегі жаратылысты, Иләhи мұғжизаларды тамашалайды.

«Кейбір періштелердің қырық мың басы бар. Әрбір басында қырық мың тілі бар. Демек сексен мың көзі де бар. Әрбір тілінде қырық мың тасбихат бар». Періштелер көзге көрініп тұрған әлемдегі нәрселердің әрбір түріне уәкіл болатын болса, ал, рухтар әлемінде солардың тасбихаттарын бейнелейтін болады. Әлбетте солай болулары керек. Өйткені, жер шары жаратылыс. Хақ Тағаланы тасбих етеді. Олай болса оның басы қырық мың емес, тіпті жүз мыңнан да көп болуы керек, өйткені әрбір жанды түрдің жүз мыңдаған тіл есебіндегі тұлғалары бар. Тағысын тағы... Демек, жер шарына уәкілдік ететін періштенің қырық мың, тіпті жүз мыңдаған басы болуы керек. Әрбір басында жүз мыңдаған тіл болуы керек. Осылай жалғаса береді...

Бір күні: «Уа, Раббым! Жәбрайыл, Микайыл, Исрафил, әзірейіл періштелердің құрметіне және олардың шапағатымен мені жын мен адамдардың бәлесінен сақтай гөр!» дейтін дұғаны айтқан кезімде, жұрттың бәрін елең еткізетін, тіпті қорқытатын Әзірейілдің атын атаған кезімде мені тәтті күй, хош сезім билеп, жұбаныш таптым. «құдайға шүкір!» дедім. Әзірейілді шын жүректен жақсы көріп кеттім.


1026 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Тәсәттүр туралы

Тәсәттүр әйелдерге фытри яғни…

Görüntüle

Адамның 20 күлли ақиқаты

Мынаны көзімізбен көріп, ақылымызбен…

Görüntüle

Әһл-и бейт және Имамдық

Имамдық мәселесі негізгі мәселе…

Görüntüle