Неге Рисалей Нұр өте әсерлі?

[Осы инаят сыры бұрынырақта жеке жазылған еді. Он төртінші
Сөздің соңына тіркелген болатын. Қалай екенін қайдам, көшірмешілердің
көбі ұмытып кетіп, жазылмай қалған еді. Демек, лайықты орны осы жер
болса керек, сол үшін жасырын қалыпты.]

Сұрақ: «Неліктен сенің Құраннан жазған Сөздеріңде жиі ұшырасатын қуат
пен әсер, басқа тәпсіршілер мен ғалымдардың сөздерінде сирек кездеседі?
Кейде бір жолда бір беттің, бір бетте бір кітаптың әсерін беруінің сыры
не?» - дейсің.

Жауап: (Тамаша жауап) Ондай бедел, Құранның мұғжизалығына тиісті
болғандықтан маған қатысы жоқ. Сондықтан тартынбастан айтарым, солай
екені рас. Өйткені: Жазылған Сөздер суреттеу емес, растау. Тәсілім емес,
иман. Таным емес, куәлік ету, көз жеткізу. Еліктеу емес, зерттеу. Жақтасу
емес, ұғыну. Сопылық емес, ақиқат. Дауласу емес, дәлел.
Бұл сырдың
хикметі мынау: Бұрынғы уақытта иман негіздері мызғымастай мығым
және шабуылдардан аман еді, тәсілім күшті еді. Ішкі ұсақ мәселелерде
ғалымдардың түсіндірулері дәлелсіз болса да оңай қабылданатын еді.
Бірақ, бүгінгі таңда ғалымсымақтар туындатқан адасушылықтың қолы діни
негіздер мен тіректерге жармасқандықтан әрбір дертке лайықты емді ихсан
етуші Хаким-і Рахим болған Зат-ы Зүлжәлал, Құран Кәримнің ең ашық
мұғжизасына мазһар болған тәмсілдерінің бір сәулесін, әлсіздігім мен
пақырлығыма және мұқтаждығыма мейірім түрінде құран қызметіне қатысты
жазуларыма сыйға тартты. Сонымен, Аллаһқа хамд етемін, тәмсіл сырының
дүрбісі арқылы ең ұзақ ақиқаттар өте жақыннан көрсетілді. Ең шашыраңқы
мәселелер үйлесімін тауып бірікті. Және де, тәмсіл сырының баспалдағы
арқылы ең биік ақиқаттарға оңай қол жеткізілді. Және де, тәмсіл сырының
терезесі арқылы, ғайби ақиқаттарға көз жеткізіп, Ислами негіздерге көзбен
көргендей имани яқин сенім қалыптасты. Ақылмен қоса, қияли, тіпті нәпсілік
құмарлық та берілуге мәжбүр болды. Шайтан да өз қаруын тастауға мәжбүр
болды.
Қорытынды: Жазбаларымда қанша әсемдіктермен әсерлілік болса,
олардың бәрі тек қана Құрани тәмсілдердің сәулелерінен тарап жатыр.
Менің үлесім, тек аса мұқтаждығым мен тілек тілеуім және өте әлсіздігім
мен жалбарынуым. Дерт менікі, Дауа Құрандікі.

28-мектуб,7-мәселе

https://teletype.in/@risalekz.com/f5QLZ3w2


1180 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Тасаввуф (Сопылық)

Тариқат деген не? Тариқаттың түп…

Görüntüle

Жәннатта әркім өз сүйгенімен бірге бола ма?

Сұрақ: اَلْمَرْءُ مَعَ مَنْ اَحَبَّ…

Görüntüle

Әһл-и бейт және Имамдық

Имамдық мәселесі негізгі мәселе…

Görüntüle