мүршид пен мүрид

Ардақты Пайғамбарымыз талай мұғжи­залар көрсеткен, ерекше қасиеттері болған. Бірақ, оның сыртында жүріс­тұрысы, хал­жағдайы адам секілді болып, өмірдің заңдылықтарымен санасқан. Ол да суыққа тоңып, қиыншылық көріп, жапа шеккен және тағысын тағы…

Барлық іс­әрекеті таңғажайып ерекше болмаған. Өйткені,
үмметіне іс­әрекетімен толыққанды имам болып, жүріс­тұрысымен өнеге
болуы керек­ті. Егер әрбір іс­әрекеті таңғажайып болса, шын мәнінде имам
бола алмас еді. Баршаға бірдей нағыз ұстаз, бүкіл болмысымен әлемдерге
Аллаhтың рақымы бола алмас еді.
Дәл сол сияқты Құран Кәрім ақыл иелеріне имам ретінде түскен.
Жындар мен адамдарға жетекші ұстаз, кемелділік іздегендерге жолбас­
шы, адал жандарға мұғалім. Олай болса адамдардың сөзі сияқты болуы,
олардың мәнеріне сай түсуі шарт, әрі дұрыс. Өйткені жындар мен адамдар
Раббысына жалбарынғанда соны үлгі ете отырып мінәжат етеді, дұға
қылады. Арман­тілектерін соның тілімен жеткізеді. Шариғат заңдарын
содан үйренеді. Адамзат оны барлық мәселенің көзі деп біледі.

Егер бір жамағаттың табысы түгел бір адамға берілсе
бұл зұлымдық болар еді. Немесе, жамағатқа тиесілі қорды бір адам алып
қойса, ол да зұлымдық болар еді. Дәл солай, жамағаттың бәріне ортақ
нәтижені жалғыз басшысына яки ұстазына еншілеу жамағатқа да, оның ұстаз
басшысына бір зұлымдық. Өйткені, ондай жағдай менмендікті қоздырып,
мақтаншақтыққа итереді. Өзі қатардағы шаруа, есікші бола тұра Патша
сезінеді. Аллаһқа серік қосуға жол ашуы ықтимал. Иә, бір қамалды бұзып
жеңіске жеткен әскердің абыройлы жеңісін тек бір қолбасшы иемденуге
хақысы жоқ. «иә, ұстазды немесе мүршидті, пірді қайнар бұлақ яғни
негіз деп түсінбеу керек. Оларды негізгіні көрсетуші, шағылыстырушы
деп білу керек
».
Мысалы, жарық, сәуле саған бір айна арқылы түсіп тұр. Сен ол жарықтың
көзі Күнге қарыздар болудың орнына айнаға риза болуың әрине дұрыс
емес, есалаңдық Иә, айнаны сақтау керек оны мүлдем жоққа шығаруға
болмайды, өйткені ол жарықтың түсуіне себеп болуда. Міне, мүршид, пір
мен ұстаздың жүрегі осы айна секілді. Олар Хақтан келген фейз-нұрға
себеп болады. Оларға осындай құрал, себеп ретінде қарап, одан артық мән
беріп нұр-фейздің бұлағы деу қате пікір. Тіпті, кейде қайнар көз саналып
жүрген пір-ұстаздар бұлақ та емес, тіпті, нұрға бөленуші де емес болуы
мүмкін. Бәлкім, мүрид яки шәкіртінің ыстық ықыласының арқасында басқа
бір жақтан берілген нұрды өз ұстазы арқылы келді деп, жүруі бек мүмкін.
Мысалы, кейбір адамдар гипноз арқылы бір айнаға тесіліп қараса оған
мисал әлеміне терезе ашылып әлгі айнадан ғажайып көріністерге куә
болады. Алайда, көріністер айнадан емес, сол айнаға қадалған көзінің
ішіндегі қиялдан ашылған терезеден бір нәрселер көреді. Сол секілді толық
піспеген, шала мүршидтің не бір пірдің кәміл мүриді, ынталы шәкірті
пірінен әлдеқайда биікке самғап кемел болуы әбден мүмкін. Тіпті кейде, өз
пірінің пірі, шейхінің шейхі болуы ғажап емес.


#17-Лема


1490 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Жәннатта әркім өз сүйгенімен бірге бола ма?

Сұрақ: اَلْمَرْءُ مَعَ مَنْ اَحَبَّ…

Görüntüle

Мейірімділік және Ана

Рисалей-Нұрдың негізгі мәселелерінің…

Görüntüle

Ғайбат туралы

Біреудi  жамандау  айып …

Görüntüle