Мысал әлемі

Қандай бір нәрсе болмасын ғылыми болмысындағы жағдайларға қарар болсақ, керемет тәртіп, әсем жағдай, тірі жемістері бар екеніне куә боламыз. Міне, бұл олардың өзіне тән мағынауи тірілікке ие екендіктерін көрсетеді. Рас, Әзели тірілік, Күннің шуағы тәріздес көз алдымыздағы тіріліктің қайнар көзі болып табылады. Әлбетте, ондай шексіз тірілік тек мына шәhәдет әлемімен, яғни осы дүниемен, тек осы шақпен, тек қарапайым денемен шектеліп қалуы мүмкін емес.

Әрбір әлем қабілетіне қарай сол сәуленің нұрына бөленген. Ғалам да барлық әлемдерімен бірге сол сәуле арқылы тірі әрі жарық болып тұр.

Әйтпесе, адасқандардың ойлағанындай, уақытша және сырты ғана тірі бір әлем көрініп, бүкіл әлем үлкен әрі қорқынышты жаназа тәрізді қараң қалған болар еді. Міне, осылайша тіріліктің сыры арқылы иманның Тағдыр мен Қазаға деген шартының кеңге жайылған жақтары ашылып, әрі түсінікті болады, әрі бекітіле түседі. Яғни, шәhәдет әлемі мен көз алдымыздағы көрінген денелер өздерінің жүйелі тәртіптерімен және пайдалы нәтижелері арқылы тірі екендіктерін қалай көрсетсе, ғайып әлемі яғни өткен шақ пен болашақ мақұлықтарының да ойша тірі мағынауи бар екені әрі олардың барлығы жанды, рухы бар ғылыми болмыс иелері екені шүбәсіз. Қаза мен тағдыр таспасы арқылы әлгі мағынауи тіріліктің белгілері, тағдыр болып байқалады, көрінеді.

Материялық әлем мен рухани әлемді бір-бірінен ажырата білу керек. Араластырып алса, қателеседі. Мысалы: Сенің тар бір бөлмең бар делік. Бірақ оның төрт жағы да айнамен қапталған. Сен ішіне кірген кезде, ол жер үлкен алаң сияқты болып көрінеді. Егер, мен бөлмемді үлкен алаң сияқты етіп көріп тұрмын десең, дұрыс айтасың. Ал, бөлмем үлкен алаң сияқты кең десең, қателесесің. Өйткені, мысали әлемді шын әлеммен шатастырып аласың. Сонымен жер шарының жеті қабат екендігіне қатысты кейбір Әһли Кәшфтің Кітап пен Сүннеттің таразысынан өткізбей айтқан суреттеулері, тек қана, география ғылымы қарастыратын материялық жағдайдан тұрмайды.

Мысалы, олар «Жердің бір қабаты жындар мен ифриттердікі, кеңдігі мыңдаған жылдық» - дейді. Ал, бір-екі жылда айналып шығуға болатын Жер шарына ондай ғажайып жерлер сыймайды. Бірақ, Жер шарын мағына әлемі мен мысал әлеміндегі және берзах әлемі мен рухтар әлеміндегі қарағайдың дәні деп ойласақ, сол дәннен өніп шыққан мисали ағаш, әлгі дәнмен салыстырғанда зәулім қарағайдай болады. Сондықтан кейбір әһли шуһуд әулиелер, рухани самғау кезінде, мысал әлемінде Жер шарының кейбір қабаттарын өте үлкен, мыңдаған жылдық жол жүретіндей етіп көреді. Көргендері анық.

Бірақ мысал әлемінің көрінісі материялық әлемге ұқсайтындықтан екі әлемді біріктіріп көреді. Солай түсінеді. Өз-өздеріне келгеннен кейін көргендерін сол қалпында жазған кезде, өлшемсіз боп шығады. Басқалар оны шындыққа жанаспайды деп санайды. Кішкене бір айнаға үлкен сарай мен бақшаның сыйып кететіні секілді, материялық әлемнің бір жылдық алаңы, мисали болмыстар мен мағыналық ақиқаттардың мыңдаған жылдық кеңістігін қамтиды.

Бұл мәселеден түсінікті болғанындай, көзбен көрудің дәрежесі, ғайыпқа иман келтірудің дәрежесінен көп төмен. Яғни, тек қана көргендеріне сүйенетін кейбір әулиелердің толық түсініксіз кәшфтері, Пайғамбарлардың ізбасарлары болған Асфиялар мен Ақиқатшылдардың Құранға және Уақиға байланысты, сондай-ақ, ғаиби болғанымен саф, толық түсінікті Иман ақиқаттарына байланысты дұрыс үкімдеріне жете алмайды. Демек, бүкіл кәшфтердің, әр түрлі халдерге кіріп, ғайыпты көрудің, ләззат алудың таразысы – Кітап пен Сүннет. Өлшемдері – Кітап пен Сүннеттің қасиетті шарттары мен ақиқатшыл Асфияның нақты қағидалары.

#18-мектуб,#10-сөз



1065 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Рисалей-Нұрдың ұстанымы

тек қана тәуһид пен иманның негіздерін…

Görüntüle

Рухтар әлемі

بِاسْمِهِ سُبْحَانَهُ وَاِنْ مِنْ…

Görüntüle

Миғраж сыры

ЕСКЕРТУ: Миғраж мәселесі иман…

Görüntüle