Исламият пен басқа діндер...

Шынтуайтына келгенде, тегі мұсылман бір адамның ақыл-ойы
Исламияттан алыстап кетсе де, ішкі болмысы мен ар-ожданы
Исламнан безбейді. Ең азғын-ақымақтың өзі арқа сүйер қорғанымыз
болған Исламға бар болмысымен жақтасады. Әсіресе, саясаттан
хабары барлар жақсы біледі... Сонау Бақыт ғасырынан бері бір де
бір мұсылманның саналы, дәлелді түрде басқа дінді қабылдаған кезі
болмаған. Діннен безгендер болған. Ол басқа мәселе. Еліктеушілер
мән беруге тұрмайды. Ал басқа діннің өкілдері саналы түрде,
дәлелдерге сүйене отырып, топ-тобымен Исламға кірген. Егер біз
нағыз Исламды және Исламға лайық түрдегі дұрыс бағытты көрсете
алсақ, олар бұдан кейін де топ-тобымен Ислам дінін қабылдайтын
болады.
Тарих мынаны да көрсетіп беріп отыр: Мұсылмандардың дамуы,
өз дініне беріктігіне тікелей байланысты. Басқалардың дамуы,
діндерінен қаншалықты алыстауына байланысты. Ақиқатына келсек,
адам баласы дінсіз өмір сүре алмайды. Көзі ашық, адамгершілікті
түсінген, болашақтан, мәңгі өмірден үміті бар адамның дінсіз өмір
сүруі мүмкін емес. Ал, көзі ашық жан, әлемдегі қыспақтарға қарсы
және шексіз арман-тілектерінің орындалуын қалайды. Сондай-ақ,
арқа сүйер тірекке, яғни хақ діндегі ақиқаттарға қол жеткізбесе өмір
сүруі қиынға соғады...
Сондықтан кез келген адам хақ дінді табу жолында ізденеді. Бұл
адамзаттың болмысына сай діннің Ислам екендігіне дәлел.

- Ей, найсап, арсыздар! Бүкіл әлемді құшағына алып, біріктіретін,
қамқор болатын, нұрға бөлейтін ерекшеліктерге ие Ислам
ақиқаттарын қалай азсынасыңдар? Кедей-кепшікке, кейбір
бірбеткей молдаларға меншіктеп беріп, мұсылмандардың
жартысын сыртқа тепкілерің келеді. Бүкіл кемелдіктердің кені,
адамзаттың бүкіл сезімдерінің нәрі болған Исламды кедей-кепшіктер мен бәдәуилердің, дамудан кенже қалған адамдардың
діні деп ойлайсыңдар. Иә, әркім өз айнасынан көргендеріне
сенеді. Демек, сендердің айналарың солай көрсетіп тұр.


Өмір Тарихы-77бет

rebrand.ly/omirtarihi



866 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Құран адамзатқа түскен. Олай болса, неліктен адамзат үшін маңызы зор ғылым жетістіктерін анықтап айтпаған? Неге тек жасырын рәмізбен, кейде мегзеп қана, жай бір ишарамен немесе астарлы ескертумен шектеледі?

Жауап: Өйткені, мәдени жетістіктер…

Görüntüle

Хазіреті Адамның халифа болуы және жәннаттан шығарылуы

Құрандағы көптеген шағын оқиғалардың…

Görüntüle

басқа тілдерде