Аласапыран заманға қарсы қалқан

بِاسْمِهِ سُبْحَانَهُ

Әзиз, сыддық бауырларым!

Құранның өлшемі бойынша, иманнан кейінгі ең негізгі мәселе
– тақуалық пен салих амалдар.
Соңғы күндері осылар жайлы көп
ойландым.


Тақуалық – шариғаттың тыйым салған нәрселері мен күнәлардан
аулақ болу. Салих амал – Аллаhтың әмір еткен істерін орындау,
игі амал жасау. Жамандықтан тыйылу, қашан да пайдалы нәрсеге
ұмтылудан артық тұрады. Сондықтан, мына аласапыран, бұзықтық
етек алған әуесқойлық заманда тақуалық, яғни жамандықтан
сақтану, ауыр күнәларды тәрк ету негізгі мәселе болып, алдыңғы
қатарға шығып отыр.


Қазіргі таңда бұзғыншылық мен келеңсіз көріністер етек
алғандықтан, тақуалық - осы бұзғыншылықтарға қарсы тұратын
өте күшті қалқан. Парыздарды орындап, ауыр күнә жасамаған
адам құтылады.
Ауыр күнәлар барлық жерде емін-еркін жасалып,
азғындаған мына заманда салих-ізгі амалдарды ықыласпен
орындаушылар өте сирек. Һәм осындай ауыр шарттар ішінде
жасалған салих амалдардың сауабы да арта түспек. Білген адамға,
тақуалықта бірқатар салих амалдар бар. Өйткені, харамнан қашып,
олардан аулақ тұру – уәжіп. Бір уәжіпті орындау көптеген сүннеттерді
орындаумен бірдей.


Мынандай заманда (мыңдаған харамдардың шабуылына қарсы),
аз ғана амал жасаса да жүздеген харамдардан қашу арқылы жүздеген
уәжіпті орындайды. Бұл маңызды мәселе тақуалық ниетімен,
харамдардан қашу мақсатымен жасалғанда ғана салих амал болып
есептеледі.


Бүгінгі таңда «Рисалей-Нұр» шәкірттерінің ең басты міндеті –
күнәлар мен жөнсіздіктерге қарсы тақуа болу. Бір минутта мыңдаған
күнәлар жасалып жатқан қазіргідей ортада адамдар жүздеген
күнәларға бірден батады. Бұл әрине, тақуалық арқылы харамнан
қашу ниетімен жүздеген салих амалдар жасауға болады деген сөз.
Бір адамның бір-ақ күнде тас-талқанын шығарған сарайын жиырма
адам жиырма күнде қалпына келтіре алмайтыны белгілі. Сондай-ақ
бір адамның бұзғандарын қалпына келтіру үшін, жиырма адам керек
болса, бүгінгі таңда мыңдаған орта бұзғыншыларға қарсы «Рисалей-Нұр» секілді бір ғана жөндеушінің ерліктері таң қалдырардай.
Егер қарама-қарсы күш, саны жағынан тең болғанда, жөндеушінің
кереметі сонда көрінер еді.


Қоғам өмірінің ең маңызды негіздері мейірім мен сыйластық тым
азайып кетті. Кей жерлерде тіпті сорақы. Құрметке мұқтаж бейшара
қарттар мен әжелеріміз қиын жағдайларға душар болуда. Аллаhқа
шүкір, «Рисалей-Нұр» осы бір қорқынышты апатқа қарсы тұрып,
жөнге келтіру жолында табыстарға жетуде.


Зұлқарнайын қорғанының құлауы нәтижесінде Ежуш-Мәжуш
қауымының дүниені билеп, зұлымдық жайлайтыны секілді,
Құранның қамалындай болған Мұхаммедтің (с.ғ.с.) шариғатының
зақымдалуы нәтижесінде қоғам өмірі мен адам абыройына жасалып
жатқан қастандық пен дінсіздік, Ежуш-Мәжуштен де бетер зұлымдық
жасауда.


Осы жағдайларға қарсы «Рисалей-Нұр» шәкірттерінің рухани
тұрғыдағы жихадтары, сахабалар заманындағыдай аз ғана амал
істеп, көп сауап алып, салих амалдар жасауына дәнекер болады.


290-бет


1023 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Шешендігі туралы

Құранның шешендігі мұғжиза дәрежесінде…

Görüntüle

Еркек пен әйел міндеті

Әйел мен еркек арасындағы сүйіспеншілік,…

Görüntüle

Ата-ана ақысы

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ23)…

Görüntüle