Адамның 20 күлли ақиқаты

Мынаны көзімізбен көріп, ақылымызбен түсінеміз:

* Адам баласы мына ғалам ағашының ең соңғы, өте мазмұнды жемісі және

* Мұхаммедтің (аләйһиссалату уәссалам) ақиқаты жағымен ғаламның негізі дәнегі, және

* ғалам бейне бір алып Құран десек адамзат оның аят-ул Күбрасы, немесе исм-і Ағзамды қамтитын аят-ул Күрсисі,

* ғалам сарай десек ол оның сыйлы қонағы, әрі сол сарайдың басқа тұрғындарын басқаруға құзырлы тынымсыз таппайтын қызметкері және

* "ғалам" шаһарындағы жер шары аудандағы баубақшасында,егін алқабында кіріс-шығысына жауапты, өнімін қадағалаушы сондай-ақ,

* жүздеген пән мен мыңдаған өнер үйретілген, жүрген жері айқайшу, аса жауапты бақылаушы қызметші,

* "ғалам" елінің жер шары өңірінде Әзәл мен Әбәд Патшасының жіті бақылауындағы тексеруші дейтін жоғары мәртебелі халифа,

* аз-көп бүкіл амалынан сұраққа тартылатын билеуші және

* аспан мен жер, таудың өзі тартынған ұлы аманатты мойнына алған,

* алдында екі ғажайып жол жатқан, біреуімен жүрсе тіршілік иелерінің ең сорлысы, ал екіншісімен кетсе ең бақыттысы және

* мағынасы терең құлшылық жасауға міндетті абд-ы күлли, яғни жан-жақты құл, һәм ғалам Иесінің исм-і Ағзамына яғни ең ұлы есіміне бөленген және

* Оның бүкіл есімдерін қамтитын мазмұнды айна,

* Субханның сөзі мен үндеуін ұғатын ерекше тұлға және

* тірі жандардың ең мұқтажы, өзі өте пақыр әрі әлсіз бола тұра шексіз арман, тілектері бар, сонымен бірге

*сансыз дұшпандары мен тиісіп, аяқтан шалатын жаулары көп бейшара тіріжан,

* өте қабілетті, өмірдің ләззатын ала алмайтын мұңлық, алса да онысы өкінішке айналатын,

* мәңілікке құштар әрі аса мұқтаж әрі оған лайық, бақилықты, соңсыз бақытты жан-жақты шексіз дұғалармен сұрайтын,

* жалынып жалбарынған, тіпті оған бүкіл дүние қызығы берілсе оның әлгі мәңгілікке деген арманына жетпейтін

* және өзіне жақсылық жасап жарылқағанды табынатындай қатты жақсы көрген, сүйкімді де сүйікті өте таңғажайып Сәмедани Құдіреттің мұғжизасы, керемет жаратылыс болып табылатын,

* Және кейбір сезімдері ғаламды қамтитын, өзінің мәңгілік үшін жаратылғанына бүкіл сезім-мүшелері куәлік ететін...


#Аса-й Мұса #34


814 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Алғашқы Нұр медресесі

Барла – иманды жандарға рухани…

Görüntüle

Христиан дінінде көптеген өзгерістер болды.Әуелде төңкерісшілерді (Ватикан Протестанттарды) діннен шыққандар деп атады да,кейіннен олардыдың Христиан екенін мойындады.Ендеше Исламда да осындай өзгеріс реформалар жасалса ше?

Жауап: Бұл салыстырмаңның қисынсыздығы…

Görüntüle

Түстер әлемі

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ…

Görüntüle