Неге саясатқа осынша немқұрайлылық танытып отырсыз? Әлемде мұншалық өзгерістер болып жатса да сіз өз ұстанымыңызды өзгерткен жоқсыз. Осы өзгерістер дұрыс деп ойлайсыз ба, әлде, қорқасыз ба, неге үнсіз отырсыз? Жауап: Құран Хакимге қызмет, менің саясатқа араласуыма қатаң түрде тыйым салды. Тіпті, саясат туралы ойлаудың өзін мүлде ұмыттырды. Әйтпесе, басымнан өткен […]
Ислам
Жәһәннам қай жерде?
قُلْ اِنَّمَا الْعِلْمُ عِنْدَ اللّٰهِ ٭ لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ Жәһәннамның қай жерде екені, кейбір риуаяттар бойынша жер шарының астында. Басқа жерлерде де айтқанымыздай, жер шары бір жылдық орбитасында болашақтағы махшар алаңын айналып, шеңбер сызып жүр. Жәһәннам, жердің сол жылдық орбитасының астында деген сөз. Ол перделі һәм нұрсыз от […]
Жәннатта әркім өз сүйгенімен бірге бола ма?
Сұрақ: اَلْمَرْءُ مَعَ مَنْ اَحَبَّ сыры бойынша “Жәннатта әркім өз сүйгенімен бірге болады” делінген. Алайда қарапайым бір бәдәуи араб, әз Пайғамбармен бірақ минут сұхбаттасып Аллаһ үшін оған махаббаты оянған болса, енді сол махаббаты үшін жәннатта пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уасәлламның жанында болуға тиіс. Сонда қалай шексіз нұрға бөленген Расулі Әкрем саллаллаһу […]
Хазыреті Хызыр және 5 әлем
БІРІНШІ СҰРАҚ: Хазіреті Хызыр Алейһиссаламның тірі екені рас па? Рас болса кейбір мықты ғалымдар оның тірі екенін неге қабылдамайды? Жауабы: Тірі, бірақ ол біздікінен бөлек әлемде өмір сүруде. Ондай бес әлем бар. Ол екінші мәртебеде. Сондықтан кейбір ғалымдар оның тірі екеніне күмәнмен қараған. Ондай әлем бесеу дедік. Біріншісі: Біздің әлеміміз. […]
Дарулхикметте жүргенде сезінген рухани толғанысқа толы бір хат:
Осыдан отыз жыл бұрын, Бұрынғы Саидтің бейқам басына қатты соққылар тиді, «әл-мәуту Хаққун» үкімі жайлы ойлады. Ол өзінің ұйыққа батқанын көрді. Медет сұрады, жол іздеді, құтқарушы қалады. Байқаса, жолдар әртүрлі, абдырап қалды. Ғаус Ағзам Шейх Гейланидің (р.а.) «Футух-ул-Ғайб» атты кітабын ашып, бағдар іздегенде: اَنْتَ فِى دَارِ الْحِكْمَةِ فَاطْلُبْ طَب۪يبًا يُدَاو۪ى […]
Молла Саидтың принциптері
1. Ешкімнен ешқашан сыйлық алмау, жалақы да алмау. Кейіннен де қаншама рет қамалып жер аударылса да ешкімнен еш нәрсе алмағандығына тарих куә. 2. Ешбір ғалымға сұрақ қоймау. Тек өзіне қойылған сұрақтарға жауап беретін. «Мен ғалымдардың білімдерін жоққа шығармаймын. Олай болса, оларға сұрақ қою артық болады. Ал менің білімімнен күмәнданатындар болса, […]
Шам хұтбасы “6 дерттің 6 емі”
Бір күні Ваннан Шамға (Дамаскіге) келеді. Шам ғұламаларының өтініші бойынша Әмәуи мешітінде он мыңға жуық жамағатқа уағыз айтып, хұтба оқиды. Олардың арасында жүзден астам ғалым-ғұламалар бар еді. Бұл хұтба көпшіліктің көңілінен шығып, ризашылық тудырады. Кейінірек бұл хұтба «Хұтба-и Шамие» деген атпен жарық көрді. Хұтба-и Шамие Ислам әлеміндегі моральдық, материалдық кеселдердің […]
Бәдиуззаман Хұтба-и Шамиеде былай дейді
Ей, мына Әмәуи мешітінде отырған бауырларым және Ислам әлемі атты алып мешіттегі туысқандарым! Сіздер де ғибрат алыңыздар. Соңғы қырық бес жылдағы оқиғалардан ғибрат алыңыздар. Өздерін ақылды, зиялы қауым өкілдеріміз деп санайтын жандар естеріңді жиыңдар. Әңгіменің тоқ етері: Біз Құраннан дәріс алушы мұсылмандар дәлелдерді мойындаймыз. Иман ақиқаттарын ақыл-ойымызбен, жүрегімізбен қабылдай отырып, […]
Шиалық Мәселесі
Әhл-и сүннет уәл жамағаттың айтуы бойынша: Хазреті Али (р.а.) Ұлы төрт халифаның төртіншісі. Хазіреті Сыддық (р.а.) бірінші халифа болуға әбден лайық болғандықтан ең әуелгі халифа сол болды. Ал, Шиалардың ойынша: “Ең бірінші Халифа Хазіреті Али (р.а.) болуы керек еді. Оған әділетсіздік жасалды. Бәрінен бұрын Хазіреті Али (р.а.) лайық еді”. Келтіретін […]
Демократия һаққында сұрақтар:
Демократиядағы еркіндікті біреулер былай түсіндірді. «Демократиялық қағидалар бойынша адамдар ойына келген арсыздықтар мен нәпсіқұмарлыққа барса да ешкім еш нәрсе демейді екен, біреуге зиян тигізбесе болды» – дейді ғой.Сол рас па? Жауап: Ондайлар демократиялық еркіндікті емес, өздерінің нәпсіқұмарлықтары мен арсыздықтарын жариялауда. Баланың сылтау айтуы секілді сандырақ. Ал нағыз еркіндік – […]