Осыдан отыз жыл бұрын, Бұрынғы Саидтің бейқам басына қатты соққылар тиді, «әл-мәуту Хаққун» үкімі жайлы ойлады. Ол өзінің ұйыққа батқанын көрді. Медет сұрады, жол іздеді, құтқарушы қалады. Байқаса, жолдар әртүрлі, абдырап қалды. Ғаус Ағзам Шейх Гейланидің (р.а.) «Футух-ул-Ғайб» атты кітабын ашып, бағдар іздегенде: اَنْتَ فِى دَارِ الْحِكْمَةِ فَاطْلُبْ طَب۪يبًا يُدَاو۪ى […]
Бедиуззаман Саид Нурси
Молла Саидтың принциптері
1. Ешкімнен ешқашан сыйлық алмау, жалақы да алмау. Кейіннен де қаншама рет қамалып жер аударылса да ешкімнен еш нәрсе алмағандығына тарих куә. 2. Ешбір ғалымға сұрақ қоймау. Тек өзіне қойылған сұрақтарға жауап беретін. «Мен ғалымдардың білімдерін жоққа шығармаймын. Олай болса, оларға сұрақ қою артық болады. Ал менің білімімнен күмәнданатындар болса, […]
Бәдиуззаман Хұтба-и Шамиеде былай дейді
Ей, мына Әмәуи мешітінде отырған бауырларым және Ислам әлемі атты алып мешіттегі туысқандарым! Сіздер де ғибрат алыңыздар. Соңғы қырық бес жылдағы оқиғалардан ғибрат алыңыздар. Өздерін ақылды, зиялы қауым өкілдеріміз деп санайтын жандар естеріңді жиыңдар. Әңгіменің тоқ етері: Біз Құраннан дәріс алушы мұсылмандар дәлелдерді мойындаймыз. Иман ақиқаттарын ақыл-ойымызбен, жүрегімізбен қабылдай отырып, […]
Тариқат және Рисалей Нұр
Сырт көріністердің арғы жағындағы ақиқатқа өтудің екі жолы бар.Біріншісі: Тариқатқа кіріп, сәйр-сүлік арқылы әр түрлі мәртебелерден асып барып, ақиқатқа жету.Екіншісі: Тариқат жолына соқпай-ақ, тікелей Иләһи жарылқау арқылы ақиқатқа жету. Сахабалар мен Табиғиндерге тән болған жоғарғы және қысқа жол осы. Демек, Құран ақиқаттарынан түскен нұрлар және сол нұрларға тәржіман болған Сөздер, […]
Рисалей-Нұрдың ұстанымы
тек қана тәуһид пен иманның негіздерін шын ықыласпен жеткізу. Іші, Құран мен Исламның ақиқаттарына толы. Аллаһтың мейірімімен мұсылман халықты рухани да, материалдық та пәлекеттерден құтқарар Құран мен Иманның берік қамалы қызметін атқаруда. Рисалей-Нұр, Иман, Құран ақиқаттарына қарсы шыққандармен күресу барысында күш қолдану немесе айтысып-тартысу жолын емес, дәлелдермен көз жеткізу, түсіндіру […]
Кітапшалар
Рисалей-Нұр тәпсірінің авторы Бәдиүззаман саид Нұрси кім?
1877 жылы Түркияның Битлис облысына қарасты Нұрс ауылында дүниеге келген.Пікір таласта, іліми сайыста зеректігімен үнемі жеңіске жететін жас жеткіншек замандас ғалымдары тарапынан “Бәдиүззаман” яғни заманның озығы деген атқа ие болады. Саид Нұрси бүкіл өмірін халыққа Иман ақиқаттарын түсіндіру, иманды сақтап қалу жолына арнаған. Сол жолда мемлекеттік, саяси қайраткерлермен де етене […]
Рисалей Нұр қандай кітап ?
«Рисалей-Нұр» Құранның заманауи тәпсірі. Тәпсір екі түрлі болады. Біреуі; көпшілікке белгілі тәпсір. Олар Құранның сөз бен сөйлемдерінің мағынасын қысқаша баяндап қояды. Екіншісі; Құранның имани ақиқаттарына бұлтартпас дәлелдер келтіріп жан-жақты түсіндіреді. Міне, тәпсірдің бұл түрі өте маңызды. Көпшілік білетін тәпсірлер бұл жағын кейде қысқа қайырады. Рисалей-Нұр болса екінші топқа жатады. Ол, […]