Жауап: Бұл салыстырмаңның қисынсыздығы бірінші ишарадағы салыстырмаңнан да бетер. Өйткені, Христиан діні Хазреті Иса алейһиссаламнан діннің тек негіздерін ғана алды. Шариғаттың қоғамдық өмірге қатысты үкімдерін Иса алейһиссаламның шәкірттері мен рухани көсемдер қалыптастырды. Олардың көпшілігі бұрыңғы киелі кітаптардан алынды. Хазреті Иса алейһиссалам әмірші, сұлтан болмағандықтан қоғамдық өмір заңдарын қалыптастырған жоқ. Мәдени […]
Таухид
Табиғат жаратушы ма әлде жаратылған ба?
Уа, адам! Халық арасында күпірліктің лебі сезілетін қауiптi сөздер тараған. Оны қауiптілігінен бейхабар имандылар да пайдаланады. Сол қауiптi сөздердің ең қатерлi үшеуін баяндап берейін. Бiрiншi қауiптi сөз: «Әужәдәт-hүл әсбаб», яғни, себептердің ықпалымен пайда болады. Екiншi қауiптi сөз: «тәшәккәлә би нәфсиhи», яғни, «өздігінен пайда болады». Үшiншi қауiптi сөз: «иктизат-hүл табиат», яғни, […]
Зұлқарнайынның қорғаны қай жерде?
Жауап: Бұдан бұрын бұл мәселе жөнінде бір рисале жазғанмын. Сөйтіп, дінсіздердің аузына құм құйған едік. Қазір ол рисале жоқ, ол кездегі жазғандарым да есіме түсе қояр емес. Жиырма төртінші Сөздің Үшінші тармағында бұл мәселе біраз жазылғанды. Сондықтан, оның кейбір маңызды тұстарына ғана қысқаша тоқталып өтеміз. Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, әрі Зұлқарнайын […]
Исламият пен басқа діндер…
Шынтуайтына келгенде, тегі мұсылман бір адамның ақыл-ойы Исламияттан алыстап кетсе де, ішкі болмысы мен ар-ожданы Исламнан безбейді. Ең азғын-ақымақтың өзі арқа сүйер қорғанымыз болған Исламға бар болмысымен жақтасады. Әсіресе, саясаттан хабары барлар жақсы біледі… Сонау Бақыт ғасырынан бері бір де бір мұсылманның саналы, дәлелді түрде басқа дінді қабылдаған кезі болмаған. […]
Рақым, шәпқат кімде бар?
Уа, ғапыл Саид! Байқа! Сезім алданып фәни дүнияны мәңгі бақи деп ойлап қалма! Айналаңа, дүнияға қарағаныңда біршама тұрақтылық көргендіктен алданып, өзіңнің де фәни екеніңді ұмытып, мәңгі жа-сайтындай сезінесің. Сосын шығар қиямет күніне дейін өмір сүретін адамдай тек қиямет қайымнан қорқасың. Есіңді жи! Сен де, айналаңдағының бәрі де өтпелі дүние, лезде […]
Намаздағы тәшәһһүд дұғасының ақиқаты
اَلتَّحِيَّاتُ اَلْمُبَارَكَاتُ اَلصَّلَوَاتُ اَلطَّيِّبَاتُ لِلّٰهِ Бірінші Сауал: Тәшәһһүдте яғни намазда отырған кезде оқылатын дұғаның сөздері миғражда Хақ Тағала мен Расулуллаһтың өзара сұхбаты бола тұра, оның намазда оқылуының хикмет-сырын ашып берсеңіз.Жауабы: Әрбір мүминнің намазы оның бір мағынада миғражы боп есептеледі. Енді ол құзырға, сол жағдайға үйлесетін лайық сөздер әрине Мұхаммед алейһиссалату […]
Керемет бір мінәжат
О, Мейірімді де Рахымды! О, уәдесіне берік, өте Сенімді! О, қиямет күнінің әміршісі, дін күнінің иесі! Сенің Расулуллаһ ғалейһиссәлату Уәссәламыңның тағлымы және дана Құраныңның басшылығымен түсінгенім: Әлемнің ең таңдаулы нәтижесі тіршілік екен. Ал, тіршіліктің ең таңдаулысы, мәнісі рух екен. Және рух иелерінің де ең таңдаулысы саналы жандар екен. Және сол […]
Нәзік жандылар қауымына хат
Биыл қоғамнан қол үзіп, жалғыз жүрсем дағы кейбір нұршы достарым мен қарындастарымның өтініштерін қимай дүниеге назар салдым. Әңгімелескен көп достарымның отбасы үстiнен шағым айтқандарын естіп, “әттеген-ай” дедім. “Адамның, оның ішінде мұсылманның қорғаны, сондай-ақ, Жәннаты әрі шағын дүниесі – оның отбасы еді. Бұл да бұзылайын дегенi ме?” деп, қынжыла отырып, себептерін […]
Ризық
2 түрлі ризық бар. Біріншісі: Хақиқи (нағыз) ризық. Бұл, тіршілікке қажетті ризық. وَمَا مِنْ دَٓابَّةٍ فِى الْاَرْضِ اِلَّا عَلَى اللّٰهِ رِزْقُهَا Аяттың үкімі бойынша мұндай ризыққа Аллаһ кепілдік береді. Адамдар араласпаса, ол әрқашан табылады. Ол үшін дінін де, намысын да, абыройын да түсіру керек емес. Екіншісі: Мәджази (астарлы) ризық. Бұл, […]