Егер былай десең: Жарайды, жанды нәрселерде ләззат бар дейік, ал жансыздарда қандай ләззат болуы мүмкін? Жауап: Иә, жансыздар міндетін өз пайдасы үшін атқармайды, өздерінде жарқырай көрінетін Иләһи есімдердің атынан, солардың әдемілігі, әсемдігі, реттілігі секілді кемел көріністерінің шағылысы үшін қызмет етеді. Осындай табиғи қызметі үшін бүкіл Нұрлы есімдердің бір үлгісі, айнасы […]
Ислам
Христиан дінінде көптеген өзгерістер болды.Әуелде төңкерісшілерді (Ватикан Протестанттарды) діннен шыққандар деп атады да,кейіннен олардыдың Христиан екенін мойындады.Ендеше Исламда да осындай өзгеріс реформалар жасалса ше?
Жауап: Бұл салыстырмаңның қисынсыздығы бірінші ишарадағы салыстырмаңнан да бетер. Өйткені, Христиан діні Хазреті Иса алейһиссаламнан діннің тек негіздерін ғана алды. Шариғаттың қоғамдық өмірге қатысты үкімдерін Иса алейһиссаламның шәкірттері мен рухани көсемдер қалыптастырды. Олардың көпшілігі бұрыңғы киелі кітаптардан алынды. Хазреті Иса алейһиссалам әмірші, сұлтан болмағандықтан қоғамдық өмір заңдарын қалыптастырған жоқ. Мәдени […]
Яхудилерге қатысты Құранның осы екі үкімі
يُذَبِّحُونَ اَبْنَۤاءَكُمْ وَيَسْتَحْيُونَ نِسَۤاءَكُمْ /Олар сендерді жаман қинаумен ұстап, ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қоятын еді.Бақара, 2: 49/ бұл аят Исраил ұлдарының басына түскен зобалаңды яғни дүниеге келген ұл балаларды сойып, әйел мен қыз балаларды тірі қалдыру оқиғасы жайлы баяндайды. Бұл бір Перғауын заманында болған уақиға. Аят осы арқылы яхуди халқының […]
Табиғат жаратушы ма әлде жаратылған ба?
Уа, адам! Халық арасында күпірліктің лебі сезілетін қауiптi сөздер тараған. Оны қауiптілігінен бейхабар имандылар да пайдаланады. Сол қауiптi сөздердің ең қатерлi үшеуін баяндап берейін. Бiрiншi қауiптi сөз: «Әужәдәт-hүл әсбаб», яғни, себептердің ықпалымен пайда болады. Екiншi қауiптi сөз: «тәшәккәлә би нәфсиhи», яғни, «өздігінен пайда болады». Үшiншi қауiптi сөз: «иктизат-hүл табиат», яғни, […]
Қалайша пенделердің түкке тұрмайтын іс-әрекеттері мен күнәлары бүкіл әлемнің ашуын келтіруі мүмкін?
Жауап: Алдыңғы рисалелер мен ишараларда қайталап айтқанымыздай, күпірлік пен адасушылық, өте үлкен зұлымдық, ол бүкіл әлемге қарсы жасалған жауыздық. Өйткені, жаратылыстың ең үлкен нәтижесі Иләһи Рубубиетке яғни Аллаһқа иман келтіріп, оған мойынұсыну, құлшылық ету. Алайда, адасқандар мен кәпірлер, өзінің күпірлік ниетімен жаратылыстың мақсаты мен себебін яғни құлшылықты жоққа шығарғандығы үшін […]
Неге Хазреті Әнәс, Жабир, Әбу Хүрейре көп хадис айтып, Хазреті Әбу Бәкір мен Омар аз риуаят еткен?
Һәм үлкен мұғжизалар, жүз жолмен жетуі керек еді, неліктен он – жиырма жолмен келді? Жауабы: Мысалы, адамға дәрі керек болса, дәрігерге барады. Құрылыс үшін құрылысшы инженерге жүгінеді. Шариғат мәселесін мүфтиден сұрайды. Дәл сол сияқты сахабалар арасында, Нәбидің хадистерін келешек ғасырларға дәріс беріп жеткізу үшін ғалым сахабалардың бір бөлігі сонымен шұғылданды. […]
Құран адамзатқа түскен. Олай болса, неліктен адамзат үшін маңызы зор ғылым жетістіктерін анықтап айтпаған? Неге тек жасырын рәмізбен, кейде мегзеп қана, жай бір ишарамен немесе астарлы ескертумен шектеледі?
Жауап: Өйткені, мәдени жетістіктер мен техника жаңалықтарының Құраннан алар орны, тиесілі ақысы сол ғана болса керек. Себебі, Құранның басты міндеті – Рубубиет алаңының кемелдігі мен Иләhи басқару істерінің сынсипатын түсіндіру және құлшылық алаңының атқарар қызметі мен халахуалын үйрету. Енді, адамдар ойлап тапқан әлгіндей жаңалықтардың осы екі алаңнан алар орны жәй […]
Ұстаз Кастамонуда
Бәдиүззман Саид Нұрси Ескішеһир түрмесінен шыққаннан кейін Кастамонуға жер аударылады. Біраз уақыт полиция бөлімшесінде тұруға мәжбүр болады. Кейінірек сол бөлімшенің қарсы алдындағы, әр дайым полицейлердің бақылауында тұрған үйге орналастырылады. Сол жерде сегіз жыл полицияның көз алдында қатаң бақылауда қиын күндер өткізеді. Бірақ мұнда да қарап отырмайды. Жасырын түрде Құранның нұрларын […]
Тағдырға иман
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. وَاِنْ مِنْ شَىْءٍ اِلاَّ عِنْدَنَا خَزَۤائِنُهُ وَمَا نُنَزِّلُهُۤ اِلاَّ بِقَدَرٍ مَعْلُومٍ 1-Өйткені, біздің қасымызда әр нәрсенің қорлары бар. Бірақ белгілі мөлшерде ғана түсіреміз./Хижр, 15: 21/ وَكُلَّ شَىْءٍ اَحْصَيْنَاهُ فِۤى اِمَامٍ مُبِينٍ 2-Әр нәрсені ашық бір Кітапта түгендеп қойдық./Иасин, 36: 12/ Тағдыр мен жүзи […]
“Неліктен Құран кейбiр мәселелердi қысқа қайырады. Кейбiреуiн көпшiлiкке түсінікті оларға жағымды, қарапайым халыққа жеңіл, ақылдарын қинамай өте анық та қарапайы тiлмен жеткiзедi?”
ЖАУАП: “Себебi, пәлсапа ақиқаттың жолынан тайған. Алдыңғы сабақтар мен сөздерден әлбетте мынаны түсiнген боларсың: Құран Хаким жаратылыс атаулыны Аллаhтың көркем есiм-сипаттарын түсiндiру үшiн тiлге тиек етедi. Яғни, мына әлем атты кiтаптың мағыналарын түсiндiрiп, оның жазушысын, Жаратушысын таныстырады. Демек, болмысқа оның өзi үшiн қарамайды, Жаратушысын таныстыру үшiн назар аударады. Сондай-ақ, сөзiн […]