Бауыpлаpым! Менмендiктiң аpамыздағы ең қауiптi жағы қызғану, көpе алмау. Егеp іс тек Құдай үшiн атқарылмаса, қызғаныш аpаласады, бұзады. Мысалға, адамның бip қолы екiншi қолын қызғанбайды, көз құлақты қызғанбайды. Жүpек ақылмен бәсекелеспейдi. Сол сияқты бұл жамағатымыздың бірлескен бір ғана рухани тұлғасы баp. Әpкiм соның мүшелеpi ретінде. Бip-бipiмiзбен бәсекелесу былай тұрсын, кеpiсiнше, […]
Ay: Eylül 2024
Шайтанның бір айласы (Ұлтшылдық)
Ей, өтipiк ұлтшыл, алаяқ! Сенiң бауыpмалдығың нағыз ұлттық абыройды ұмыттыpатындай жасанды әpi уақытша, өтірік. Сен мынаған жауап берші: Осы отан тек қана жиыpма мен қыpық жас аpалығындағы бейқам, әуесқой жастаpдан ғана тұpа ма? Олаpға пайдалы ұлтшылдар ұсынып отырған қызмет, бейқамдығын аpттыpатын, мiнез-құлқын бұзатын, тиым салынған хаpамдаpға итеpетiн батыстың мәдениетi мен […]
Өмір формуласы
“Иа Иухи” яғни, өмірді берген – Ол. Азықпен қамтамасыз ететін де – Сол. Өмірді жалғастырып, қажеттіліктерін беретін де – Сол. Өмір сүрудегi басты мақсаттар Оған тиесілі, әрі маңызды нәтижелер Оның қолында, пайданың жүзде тоқсан тоғызы – Оныкі. Міне, бұл кәлима фәни, бейшара адамзатты былай деп сүйсіндіреді: “Ей, адам! өмірдің ауыр […]
Керемет бір мінәжат
О, Мейірімді де Рахымды! О, уәдесіне берік, өте Сенімді! О, қиямет күнінің әміршісі, дін күнінің иесі! Сенің Расулуллаһ ғалейһиссәлату Уәссәламыңның тағлымы және дана Құраныңның басшылығымен түсінгенім: Әлемнің ең таңдаулы нәтижесі тіршілік екен. Ал, тіршіліктің ең таңдаулысы, мәнісі рух екен. Және рух иелерінің де ең таңдаулысы саналы жандар екен. Және сол […]
Адамның 20 күлли ақиқаты
Мынаны көзімізбен көріп, ақылымызбен түсінеміз: * Адам баласы мына ғалам ағашының ең соңғы, өте мазмұнды жемісі және * Мұхаммедтің (аләйһиссалату уәссалам) ақиқаты жағымен ғаламның негізі дәнегі, және * ғалам бейне бір алып Құран десек адамзат оның аят-ул Күбрасы, немесе исм-і Ағзамды қамтитын аят-ул Күрсисі, * ғалам сарай десек ол оның […]
Тасаввуф (Сопылық)
Тариқат деген не? Тариқаттың түп мақсаты Аллаһты танып білу. Иман ақиқаттарының жан-жақты түсіндірілуі және Пайғамбарымыз Мұхаммед (С.А.У) ның миғражы саясында, қалб (жүрек) арқылы рухани самғаудың нәтижесінде Иман, Құран ақиқаттарын көзбен көргендей болып, көңіл шаттығына, ерекше сезімдерге бөлену. «Тариқат», «сопылық» деп аталатын асқақ имани сыр және адамның кемелденуі. Адам мына ғаламның […]
Ұстаздың ғажайып бір түсі
(Һижри) 1335 жылдың қыркүйегінде, сол кездегі оқиғалардан түңіліп, қатты күйзелуде едім. Осы қою қараңғылықтан құтқарар нұр іздедім. Рухани жақтан көрген түстей болып жатқан өңімде ол нұрды таба алмадым. Шынтуайтында өңімдей болған түсімде бір жарық көрдім. Егжей-тегжейлі айтып жатпай-ақ, маған айтқызылған кейбір нәрселерді баяндай кетейін. Оқиға былай болды. Жұма күні түнде […]
Әулиелер
Әулиелік – Пайғамбарлықтың бір дәлелі. Адам мына ғаламның жиынтық мазмұны болғандықтан адамның жүрегі мыңдаған әлемдердің рухани картасы іспетті. Адамның басындағы ми – көптеген сымсыз телеграф, телефондардың түйіскен орталығы және ғаламның өзіндік бір рухани орталығы екенін адамзаттың ғылыми жетістіктері көрсетіп отыр. Адамның өн бойындағы қалб (жүрек) те, әлемнің көптеген ақиқаттарының айнасы, […]
Әрбір өліктің рухын Хазреті Әзрейіл алейһиссәлам тікелей өзі ала ма? Әлде көмекшілері ала ма?
Бұл жөнінде үш ұстаным бар: Бірінші Ұстаным: Әзірейіл Алейһиссәлам барлығының рухын өзі алады. Бір іс екіншісіне кедергі болмайды, өйткені ол нұрани. Нұрлы бір нәрсе, сансыз айналар арқылы сансыз жерлерде тікелей өзі бола алады және шағылысып көрінеді. Нұрлы заттың шағылысқан бейнесінде сол нұрлы заттың өзі де бар, оның дәл өзі болып […]
Періштелерге иман
Періштелердің болмысына сену иман шарттарының біреуі. Періштелер мен рухани жаратылыстың бар екені адам мен хайуанның болмысы тәрізді анық деуге болады. Иә, жердің өзіне тән тұрғындары болғаны секілді аспанның да өзіне тән, сол жерге ыңғайлы тұрғындары болуын ақиқат та хикмет те талап етеді. Шариғат тілінде түрлері өте көп әлгі тұрғындарды “мәләикә” […]