Ислам Рисале-и Нұр

Ұстаздың ғажайып бір түсі

(Һижри) 1335 жылдың қыркүйегінде, сол кездегі оқиғалардан түңіліп, қатты күйзелуде едім. Осы қою қараңғылықтан құтқарар нұр іздедім. Рухани жақтан көрген түстей болып жатқан өңімде ол нұрды таба алмадым. Шынтуайтында өңімдей болған түсімде бір жарық көрдім. Егжей-тегжейлі айтып жатпай-ақ, маған айтқызылған кейбір нәрселерді баяндай кетейін. Оқиға былай болды. Жұма күні түнде ұйқы арқылы мысал әлеміне кірдім.

Бір кісі келіп маған былай деді.

– Исламның тағдырына байланысты ашылған ұлы жиынға сені шақырып жатыр. Бардым. Нұрға толы, бұ дүниеде көрмеген жандар. Сахабалардан бастап, әр ғасырдың өкілдері жиналған жиынға тап болдым. Тартыншақтанып, есік жақта тұрдым. Араларынан бір кісі:

– Ей, пәлекеттер мен құлдырау ғасырының адамы! Сенің де сөз айтуға құқың бар. Өз ойыңды айт, деді. Түрегеп тұрған күйімде.

– Сұраңыздар жауап берейін, дедім. Біреу сұрақ қойды.

– Мына жеңілістердің нәтижесі не болады? Жеңгенде не болар еді?

– Басқа түскен ауыртпалықтар, мүлдем жаман нәрселер емес. Кейде бақыт дегенің бәлеге айналады. Пәлекеттерден де бақыт туындайды.

Баяғыдан бері Ила-и Келиметуллаһ пен Исламның азаттығы жолындағы жихадты өз мойнына алып, Ислам әлемі үшін жанын пида етуге дайын және халифаттың ту ұстаушысына айналған мына Ислам мемлекетінің басына келіп жатқан пәлекеттердің өтеуі, Ислам әлемінің келешек бақыты арқылы ғана өтелмек. Мына пәлекеттер, өміріміздің ұйытқысы, нәрі болған Ислам бауырластығының арта түсуін, өркен жаюын тездетіп жіберді.

Біз қиналсақ, Ислам Әлемі зар еңіреуде. Европалықтар қаттырақ тиіссе, дауыс салып жылайын деп тұр. Егер өліп кетсек, жиырма өліп, үш жүз тірілеміз. Ғажайыптар ғасырындамыз. Екі-үш жыл өліп жатып, қайта тірілгендер бар. Біз жеңілу арқылы уақытша бақытты ( عَاجِلَه ) жоғалттық, бірақ тұрақты бір бақыт ( عَاجِلَه) күтуде. Болмашы ғана өзгерістермен шектеулі осы шақты келешектің ұлы өзгерістеріне айырбастаған жан ұтады, деп жауап бердім.

– Түсіндіріп бер, деді.

Мемлекеттер мен ұлттар арасындағы соғыс, әлеуметтік таптар арасындағы соғысқа айналып барады. Өйткені адам баласы бұғауда жүре алмағанындай, жалдамалы адам да болғысы келмейді. Егер жеңіске жеткенімізде жаудың қолындағы диктатуралық жүйеге бар күшімізбен жармасуымыз мүмкін еді. Ал ондай жүйе зұлымдыққа толы жүйе және Ислам әлемін табиғатына қайшы. Мұсылмандардың басым бөлігінің мүддесіне керағар, уақытша және іріп-шіруге бет алып бара жатқан жүйе. Егер ондай жүйеге жабысқанымызда, Ислам әлемін өз болмысына, табиғатына керағар жолға салар едік. Мына жамандықтардың ұясына айналған мәдениеттен тек қана зиян шектік. Шариғат қабыл етпейтін жамандықтары, жақсылықтарынан асып кеткендіктен адамзат одан бас тартуға пәтуа шығарған, адамзаттың оянуының, көзі ашылуының арқасында күресінге тасталуына үкім шығарылған, азғын, өркөкірек, қатыгез мәдениетті қорғап, Азияда өркенін жаюын қамтамасыз етер едік.

Мәжілістен біреу,

– Шариғат неге бұл мәдениетті қабылдамайды, деді.

Өйткені ол бес болымсыз негізге орнатылған. Арқа сүйер жері қара күш. Қара күштің ісі зорлық. Көздегені пайда. Оның ісі басқа біреуге зиян беру. Өмірлік қағидасы күрес. Оның ісі қақтығыс. Адамдар арасындағы байланысы, басқаларды жұтудан нәр алатын нәсілшілдік пен болымсыз ұлтшылдық. Оның апарар жері осындай сұмдық соғыстар. Елітіп әкететін әдістері желіктіру, қоздыру арқылы құмарын қандыру. Ондай желігулер адамды періштелік дәрежеден иттен төмен деңгейге түсіреді. Адамның рухани құлдырауына себеп болады.

Мына мәденилердің ішін сыртқа айналдырсаң, көбісінен қасқыр, аю, жылан, шошқа, маймылдың кейпін көресің. Сондықтан да мына мәдениет адамзаттың жүзден сексенін қиыншылықтар мен әбігерге салып қойды. Он пайызын өтірік(қияли) бақытқа жеткізді. Қалған онын екі ортада қалдырды. Нағыз бақыт – баршаны немесе көпшілікті қамти алатын бақыт. Мыналар азғантай ғана топты қамтып отыр. Адамзатқа мейірім төккен Құран, баршаның немесе көпшіліктің бақытына негізделген мәдениетті ғана қабыл көреді.

Сондай-ақ, бетімен кеткен әуестіктің кесірінен, қажет емес нәрселер, аса қажет нәрселердің орнын басып отыр. Бұрын адам төрт нәрсеге ғана мұқтаж болатын. Мәдениет жүз нәрсеге мұқтаж етіп, пақырға айналдырды. Еңбек, шығындардың орнын баса алмаған соң, алдауға, харамға араласуға итермелеп, мінез-құлықты бұзды. Жалпыға берілген байлық пен атақтың орнына, жеке адамдарды кедей, арсыз етіп жіберді.

Ежелгі дүниенің бүкіл жабайлықтарын мына мәдениет бір реттеақ құсты. Ислам Әлемінің мына мәдениетті қабылдаудан бас тартуы, оған қарсы салқын қабақ танытуы, қабылдай алмай қиналуы назар аударарлық жағдай. Осылай қашқақтау арқылы ғана таза тұрған шариғаттағы Аллаһ көрсеткен тура жолға, Римдік философияның даналықтарын тықпалауға болмайды. Олар өз ара үйлесім таппайды. Тура жол бағынышты бола алмайды. Бір негізден егіз туғандай болып ортаға шыққан, Ежелгі Рим мен Грек, екі философия арқылы су менен майдай болып ғасырлар бойы мәдениет пен Христиандықты араластырып жібергісі келсе де өз тәуелсіздіктерін сақтап қала алды. Бұл екі рух, басқаға қонғандай болып, қазір басқа бейнеде өмір сүріп жатыр. Егіз туған екеуі оларды біріктірер қаншама себептерге қарамай біріге алмай тұрса, Шариғаттың рухы болған хидает нұры ондай қараңғы, лас мәдениеттің негізі болған Рим философиясымен ешқашан біріге алмайды. Оған сіңіп кетпейді, дедім.

Тағы да – Нұрлы шариғаттағы (Исламдағы) мәдениет қандай? деген сұрақ қойылды. Мұхаммедтің (с.а.у.) шариғатына орныққан және әмірлеріне мойынсұнған мәдениет, қазіргі мәдениетті жарып шығады. Оның болымсыз негіздерінің орнына болымды негіздер орнатады. Арқа сүйер жері күш емес хақ. Ал, ол атқарар іс, әділет пен жүйе. Мақсаты пайда емес, Иман арқылы даму. Оның ісі(сәні) сүйіспеншілік пен бауырластық. Бірігер жері нәсілшілдік пен ұлтшылдықтың орнына діни бауырластық, отан сүйгіштік, әлеуметтік бірлік бар. Бұлардың атқарар ісі шынайы бауырластық, бейбітшілік, сыртқы жауға қарсы қорғану. Өмірлік қағидасы күрес емес, көмек. Мұның ісі бірлік пен бір-біріне арқа сүйеу, желігудің орнына жалбарыну бар. Оның атқарар ісі адами даму, рухани кемелдік. Әуестікті шектейді, нәпсінің жеңілтектігінің орнына рухтың ұлы сезімдерін қанағаттандырады. Демек біз жеңілу арқылы екінші жолға түстік. Зұлымдыққа ұшыраған, жапа шеккен көпшіліктің жолына. Басқалардың сексен пайызы жапа шеккен болса мұсылмандардың тоқсан, тіпті тоқсан бес пайызы жапа шекті. Ислам Әлемі мына екінші жолға немқұрайлы қарап, сүйенішсіз қалып, бүкіл еңбегі еш кетуінің және өзгерістерге ұшырап қалудың орнына, ақылға келіп, оларды Ислами жолға бағыттап өзіне қызмет еткізуі керек. Өйткені жауыңның жауы қанша жауласса саған дос. Ал жауыңның досы саған жау. Бұл екі ағым бір-біріне керағар. Мақсаттары басқа болғандықтан біреуі «Өл» десе екіншісі «Тіріл» дейді. Біреуі зиян беріп, алауыз болуымызды, құлдырауымзды, әлсіреуімізді, ұйықтап жата беруімізді қаласа, екіншісі күш жинауымызды, ауыз біршілігімізді қалайды.

Шығысқа деген дұшпандық, Исламның өркендеуіне кедергі еді. Ол қазір жойылу үстінде, жойылуы керек. Батысқа деген дұшпандық мұсылмандардың бірігуіне, бауырластықтың артуына әсер етер бір себеп, оның қала бергені жөн…

Бірден мәжілістен мақұлдаулардың нышандары байқала бастады. Олар, Иә, үміт үзбеңдер, алда болатын төңкерістердің ішіндегі ең зор дауыс, Исламның даусы болады! деді. Тағы бір сұрақ қойылды.

– Басқа түскен ауыртпалықтар, кемшіліктердің нәтижесі немесе алда берілер жарылқаулардың бастамасы. Сендер тағдырға мынандай қиыншылықтар тартуға пәтуә бергізетіндей не істедіңдер? Қоғамда орын алатын пәлекеттер, көпшіліктің қатесінен туындайды.

Қазір алар сыйлықтарың не болмақ? Мен де былай дедім.

– Мұның басы Исламның үш негізгі шартын дұрыс орындамау. Намаз, Ораза, Зекет, Аллаһ бізден жиырма төрт сағаттың бір сағатын намаз оқуымыз үшін қалады. Жалқауландық. Бес жыл бойы жиырма төрт сағат жүгіртіп, машақат тартқызу арқылы намаз оқытқандай болды. Жылына бір ай ораза тұтуымызды қалады. Нәпсімізді аядық. Бес жыл өтеуін өтетті. Өзі берген малдың оннан бірін, қырықтан бірін зекет ретінде беруді қалады. Сараңдық жасадық, зұлымдық жасадық. Аллаһ та бізден (жиналып) қалған зекетімізді алды.
اَلْجَزَاءُ مِنْ جِنْسِ الْعَمَلِ

Қазіргі пайдамыз мынау: Пасық күнәһар халықтың бестен бірі болар төрт миллион адамды әулиелік дәрежеге шығарды. Ғази болды, шәйт кетті. Ортақ қателіктерден туындаған ортақ ауыртпалықтар, өткен шақтың күнәларын жуып жіберді. Біреу былай деді.

– Бір басшы қателесіп, елді пәлекеттердің ортасына тастап жіберген болса ше? – Жапа шеккен жан, сыйлық сұрайды. Не сол қателескен басшының игіліктерінен беріледі не ғайби қазынадан беріледі. Мұндай істерге ғайби қазынадан берілер сыйлық шәһидтік дәреже мен ғазилік. Қарасам, мәжіліс жақсы қабылдады. Өз толқуларымнан оянып кеттім. Терлеп кетіппін, екі қолымды алдыма ұстаған қалпымда төсекте отыр екенмін. Сол түнді осылай өткіздім.

                                                                               * * * * *

Leave a Comment

E-posta adresiniz yayınlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir

*