Ескерту: Расул сөзіндегі ұлы сырдың баянында жүз алпыс аят жазылды.
Үшбу аяттардың қасиеті өте маңызды болумен қатар, мағына жағынан да
бірін-бірі дәлелдеп толықтыратындықтан және мағыналы болғандықтан түрлі
аяттарды жаттағысы немесе оқығысы келетіндерге Құрани хизб болуымен
қатар, Құран сөзіндегі үлкен сырдың баянында алпыс тоғыз аяттың шешендік
дәрежесі өте жоғары және тамаша жеткізілуде. Бұны да екінші бір Құрани
хизб ретінде бауырларымызға ұсынуға болады. Тек, Құран сөзі жеті Құран
тізбегінде бар, екеуі тыс қалған. Ол екеуі қырағат мағынасында. «Расул» сөзіне
келсек, ол сөзбен ең көп байланысты сүрелер Мұхаммед сүресі мен Фатх
сүресі болғандықтан сол екі сүремен шектелдік. Олардан тыс қалған Расул
сөзі әзірге енгізілмеді. Уақыт мүмкіндік берсе, мұндағы сырлар жазылатын
болады, иншаллаһ.
Бірінші Тұжырым: «Аллаһ» сөзі Құранда екі мың сегіз жүз алты рет айтылған. Бисмиллаһтағылармен қоса алғанда, «Рахман» сөзі жүз елу тоғыз рет, «Рахим» сөзі екі жүз жиырма, «Ғафур» сөзі алпыс бір, «Раб» сөзі сегіз жүз қырық алты, «Хаким» сөзі сексен алты, «Алим» сөзі жүз жиырма алты,«Қадир» сөзі отыз бір, «Лә Илаһа Илла һу» жиырма алты рет айтылған.
[Сілтеме: Құрандағы аяттардың жалпы саны алты мың алты жүз алпыс алты
болуы және мына сексен тоғызыншы бетте айтылған Әсмаи Хүснаның саны
алты санымен байланысты болуы маңызды бір сырға ишарат етеді].
«Аллаһ» сөзінің санында көп сырлар мен түйіндер бар. Мәселен, «Аллаһ»
және «Раб» тан кейін ең көп айтылған «Рахман», «Рахим», «Ғафур» және
«Хаким» сөздерімен бірге«Аллаһ» сөзі Құран аяттарының жартысына тең.
«Аллаһ» сөзінің орнына қолданылған «Раб» сөзімен бірге тағы да жартысы
болады. «Раб» сөзі сегіз жүз қырық алты рет айтылған, бірақ анықтап қараса,
бес жүзден астамы «Аллаһ» сөзінің орнына айтылған, ал екі жүзден астамы
олай емес.
«Аллаһ», «Рахман», «Рахим», «Алим» және «Лә иллаһа Илла Һу» дегі
«һу» санымен бірге тағы да Құран аяттарының жартысына тең болады.
Тоғыз айырмашылық, бар «Жәлал» сөзінің барлығында да көптеген сырлар
бар. Әзірге осы жетер.
Екінші тұжырым: Сүрелер тұрғысында. Мұнда да көптеген сырлар
бар. Арнайы жүйе мен арнайы түрде осылай болуын қалап сәйкестірілгені
көрініп тұр. Бақара сүресіндегі аяттардың саны мен «Аллаһ» сөзінің саны
бірдей. Төрт айырмашылық бар. «Аллаһ» сөзінің орнында төрт рет «һу» сөзі
айтылады. Мәселен, «лә иллаһа илла һу» дағы «һу» секілді. Сонда толық
сәйкеседі. Әл Имранда да аяттардың саны мен «Аллаһ» сөзінің саны тең
келеді. Тек, «Аллаһ» сөзі екі жүз тоғыз, аят екі жүз. Айырмашылық тоғыз.
Мұндай сөз көркемдігінде және шешендік өнерде азғантай айырмашылықтар
зиян бемейді. Шағын сәйкестіктер жеткілікті болады. Ниса, Маида, Әнғам
сүрелерінің жиынтығындағы аяттардың саны, ондағы «Аллаһ» сөзінің
санына сәйкес келеді. Аяттардың саны төрт жүз алпыс төрт, «Аллаһ» сөзінің
саны төрт жүз алпыс бір. Бисмиллаһтағы «Аллаһ» сөзімен бірге толық сәйкес
келеді.
Мәселен, бастағы бес сүредегі «Аллаһ» сөзінің саны Ағраф, Әнфал,
Тәубе, Юнүс, Һуд сүрелеріндегі «Аллаһ» сөзінің санынан екі есе келеді.
Демек, бұл соңғы бесеу, әуелгі бесеудің жартысы. Одан кейінгі Юсүф, Рағд,
Ибраһим, Хижр, Нахл сүрелеріндегі «Аллаһ» сөзінің саны, сол жартының
жартысы, одан кейінгі Исра, Кәһф, Мәриям, Таха, Әнбия, Хаж сүрелері әлгі
жартының жартысы, одан кейін де бес-бестен өлшеммен кете береді. Кейбір
аздаған артықшылықтар бар. Бұл деңгейдегі сөз өнеріне зиян бермейді.
Мәселен, бір бөлігі жүз жиырма бір, бір бөлігі жүз жиырма бес, бір бөлігі
жүз елу төрт, бір бөлігі жүз елу тоғыз. Зуһруф сүресінен басталған бес
сүре, сол жарты, жартының жартысының жартысы болады. Нәжм сүресінен
басталатын бесеуі әлгі жартының, жартысының, жартысының, жартысының жартысы. Аздаған айырмашылықтар зиян бермейді. Олардан кейінгі бестерде
тек үш үштен «Аллаһ» сөзі бар. Сонымен бұл жағдай (Сілтеме 25 ) мынаны
көрсетеді: «Аллаһ» сөзінің санында кездейсоқтық жоқ, бұл сандар хикмет
пен тәртіп бойынша шығып отыр.
Аллаһ сөзінің үшінші Түйіні: Беттердегі сәйкестіктерге байланысты.
Бір беттегі «Аллаһ» сөзінің саны, сол беттің оң жағына және орта бетіне,
кейде солдағы беттің арғы бетіне сәйкес шығатын. Мен өзімдегі Құран
нұсқасынан бұл сәйкестікті тексердім. Көбіне өте әдемі өлшеммен берілген
сәйкестік көрдім. Өзімдегі нұсқаға ишараттар да қойдым. Көп ретте тең
келеді. Кейде жарты лай, кейде үштен бірге тең келеді. Хикметпен тәртіпті
сездіретін бір жағдай бар.
Төртінші Түйін: Бір беттегі сәйкестіктер. Бауырларыммен бірге үш, төрт
бөлек-бөлек нұсқаларды салыстырдық. Барлығында сәйкестік барына көзіміз
жетті. Тек, баспахана көшірмешілері басқа мақсаттарды көздегендіктен,
біршама сәйкестік тәртібі бұзылған екен. Аздаған тәртіпке келтірілсе, бүкіл
Құранда екі мың сегіз жүз алты «Аллаһ» сөзінің санынша сәйкестіктер
көрінетін болады. Мұнда бір мұғжизалық сәуле жарқырауда. Өйткені,
адамзаттың миы мұндай ауқымды қамти алмайды. Ал кездейсоқтықтың қолы,
бұл мағыналы, хикметті жағдайға жете алмайды.
Төртінші Түйінді біршама аша түсу үшін, жаңа бір Мұсхаф жаздырудамыз,
Ол мұсхаф, ең көп сәйкестіктердің бетін, жолдарын дәл сол күйінде
сақтауымен қоса, хаткерлердің мән бермеулері кесірінен тәртібі бұзылған
тұстарды тәртіпке келтіріп, иншаллаһ сәйкестіктің шынайы жүйесін,
көрсететін болады.
Сілтеме25. Осы бес бестен бөлуде бір сыр ашылған еді. Ешқайсымыздың
хабарымыз жоқ, сол жердегі алты сүре тіркелмепті. Ықтиярымыздан тыс
алтыншысы кіргеніне шүбәміз қалмады, осылайша бұл жартылардың маңызды сыры жоғалмады.
Мектубат-396 бет