Жауап: Өйткені, мәдени жетістіктер мен техника жаңалықтарының
Құраннан алар орны, тиесілі ақысы сол ғана болса керек. Себебі, Құранның
басты міндеті – Рубубиет алаңының кемелдігі мен Иләhи басқару істерінің сынсипатын түсіндіру және құлшылық алаңының атқарар қызметі мен
халахуалын үйрету. Енді, адамдар ойлап тапқан әлгіндей жаңалықтардың
осы екі алаңнан алар орны жәй бір рәміз, кішкене ғана ишара болмақ.
Өйткені олар, әлгі Рубубиет алаңынан өзіне тиесілі ақы сұраса, оларға өте
шағын, аз үлес қана тиеді.
Мәселен, ұшақ (Сілтеме 1 ) Құранға: “Мен туралы
да айтыңыз! Аяттардың арасынан орын беріңіз!” десе, әлгі Рубубиет
алаңынының ұшақтары, Ай, Жер, планеталар, Құранның атынан оған
былай дер еді: “Бізден қаншалықты кішкентай болсаң, саған соншалықты
орын тиеді“.
Егер, сүңгуір қайықтар Құран аяттарының қасынан орын сұраса, әлгі
алаңның тахтел бахрлары яғни әуе мұхиты мен одан да ұсақ эcир дейтін
теңіздің кемелері: Жер, Жұлдыздар, қысқасы аспан денелері оған былай дер
еді: “Біздің жанымызда алар орның көрінбейтін дәрежеде кішкентай“.
Егер, электрдің өте жарық үлкен лампалары сөз алып, аят қатарына
енгісі келсе, әлгі алаңның электр лампалары болып табылатын жай мен
найзағайлар және аспанды безендіріп тұрған жұлдыздар былай дер
еді: “Біздің қасымызда жарығың қанша болса сонша сен туралы
айтылады“.
Егер ғылым жетістіктері, өнер туындылары аяттардан өздеріне тиесілі
ақыларын сұрап, мақам талап етсе, онда бір түйір шыбын оларға былай
дер еді: “Үндерің шықпасын! Менің қанатым құрлы ақыларың жоқ. Неге
десеңдер, сендер аз ғана қалауерікпен табылған күрделі шеберлік пен
өнер құралжабдықтарың жаппай жиналса менің бойымдағы күрделі
шеберлікпен, нәзік сезім мүшелерімдей ғажап болмасы анық.
Мына аят ауыздарыңа қақпақ болады:اِنَّ الَّذِينَ تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللهِ لَنْ يَخْلُقُوا ذُبَابًا وَلَوِاجْتَمَعُوا لَهُ
Сендердің Алладан өзге табынғандарың, барлығы жиылса да әсте бір шыбын жарата алмайды. Сондай-ақ егер шыбын олардың бір нәрсесін алып қашса, одан оны құтқара алмайды./Хаж, 22: 73/
Егер, ол керемет өркениет құлшылық алаңына еніп ол жерден ақы сұраса
мұндай жауап алар еді: Сендердің бізге қатыстарың шамалы. Сондықтан
арамызға кірулерің қиын болар. Себебі, біздің бағдарламамыз мынау:
Дүние бір қонақ жай. Адам болса, ол жерде азғана ғұмыр кешетін, атқарар
міндеті басынан асатын қонақ. Қысқа өмірде мәңгі өмірге қажетті амал
жасап, сауап жинауға міндетті. Өте маңызды да аса қажетті игі амалдар
сарапқа түседі. Алайда сендер, көбіне мына баянсыз дүниені тұрақты
мекен етіп, ісәрекеттеріңде бейқамдық, дүниеге құмарлық байқалады.
Олай болса, ақиқатқа жетуге және ақыретті ойлауға негізделген құлшылық алаңынан алар үлестерің тым аз. Дегенмен, сауабы мол құлшылық бо
лып табылатын Алллаhтың құлдарына пайдалы болу, халықтың аман
есендігін, тыныштығын сақтау, әлеуметін жақсартуға үлес қосу секілді
қызметімен еңбегі сіңген, бірақ саны аз, қадірлі өнерпаздар мен иманды
ғалымдар араларыңда болса, ондай зиялы, зерек жандарға жоғарыда
аталған Құран ишарасы мен рәмзі оларды еңбекке ынталандыруға, өнерін
бағалауға толық жеткілікті.
Сілтеме :Осы маңызды да салмақты мәселені жазып отырғанда еріксіз түрде қаламым жазу тәсілін өзгертіп, жеңілдетіп қалжың араластырып жіберді. Мен де тиіспедім. Жазу тәсілі мәселенің маңыздылығына зияны тимес деп ойлаймын.
Сөздер-287 бет
/20-cөз/