Ислам Рисале-и Нұр

Шешендігі туралы

Құранның шешендігі мұғжиза дәрежесінде керемет.
Оның шешендігі ұйқастыра айтылудағы айрықша кіршіксіздігінен,
болаттай беріктігінен, сөз саптаудағы теңдессіз тәсілінен, ерекшелігі мен
сұлулығынан, баяндауындағы теңдессіздігінен, ешкімге дес бермеуінен,
артықшылығы мен нақтылығынан, мағынасының қуаттылығынан әрі
мазмұндылығы мен ақиқаттығынан, сөзінің көркемдігі мен үйлесімді
һәм ұғынықты жатықтығынан бастау алады. Ол өзінің таңғажайып
шешендігімен адамзаттың ең адуынды әдебиетшілерін, ең марқасқа
сөзшең ділмарларын, ең данышпан ғұламаларын айтысқа шақырып, мың
үш жүз жылдан бері әлемге ұран тастап, олардың қытығына тиіп келеді.
Осылайша, ашықтан ашық айтысқа шақырса да, тәкаппарлығынан төбелері
көк тіреген әлгі данышпандар, қарсы келмек түгілі, жақтары қарысқан күйі
дәрмендері құрып, Құранның құдіретінің алдында бейшара күйде қол
қусыра бас иді.

Біріншіден: Құранның мұғжиза екені, яғни, таңғажайып екені рас әрі
оған шәк жоқ. Өйткені, ол кезде араб жазирасын мекен еткен халықтардың
көпшілігі оқу­жазу білмейтін. Жазу білмегендіктен тарихи оқиғаларын,
мақтануға тұрарлық ұлттық құндылықтарын, жақсы мінез­құлыққа негіз
боларлық мақал-­мәтелдерін жазбаша түрде емес, ауыз­екі түрде, өлең­ жыр, шешендік нақыл сөздер арқылы сақтайтын еді. Кейде нақышына
келтіріп, тауып айтылған бір ауыз сөз, өлең болып, жыр жолдарымен,
шешендіктің тамылжыған тартымдылығымен ұрпақтан­ұрпаққа ауыз­-екі
тарап, жыраулардың жадында жатталу жолымен жалғасын табатын.

Міне, осы табиғи қажеттіліктің талабы ретінде әлгі қауымның руханият
базарында ең қымбат құнды дүние ­ мағынаны анық жеткізе білу және
шешендік болатын. Тіпті, бір қауымның шешен ақыны ең үлкен батыр,
халық қаһарманы ретінде сол елдің бетке тұтар мақтанышы саналатын­ды.

Ислам діні келгеннен кейін әлемді ауызына қаратып, парасаттылығымен
билік жүргізген әлгі зерек қауым ­ манағы қымбат әрі мақтаныш
саналатын әрі өздері де аса мұқтаж шешендікті толық меңгерген, тіл
өнері дегенде алдына жан салмайтын ел болатын. Ол кезде шешендіктің
асқақтап тұрғандығы сонша, бір ақынның бір ауыз сөзі үшін екі ру
қырғын шайқасқа түсіп, бір ауыз сөзге тоқтап, бейбіт келісімге келетін.
Тіпті, Қағбаның дуалына орақ ауыз жеті ақынның өлеңдері “Муллақат-ы
Сәбға
” деген айдармен ілулі тұратын. Оны өздеріне абырой санап,
мақтан тұтатын. Міне, сол кезде яғни шешендік өнері шарықтап тұрған
кезде Аспаннан тілі өткір, сөз саптауы ғажап, әрі ерекше Қасиетті Құран
түсті. Солай болуы заңды еді.
Мұса пайғамбардың заманында сиқыр, Иса
пайғамбардың кезінде емшілік үрдіс болып, кең тараған­ды. Сондықтан
мұғжизаларының басым көпшілігі сол салада болатын.

Сондай­ақ, Құранға ұқсатып жазба жазуға немесе сол сияқты сөйлеуге
түрткі болар екі маңызды себеп те жоқ емес­ті. Біреуі, қас дұшпандардың
қасарысқан қара ниеті. Екіншісі, достарының аяттарға еліктеп, ақ ниетпен
қызығушылығы. Міне, осы екі себептің ықпалымен күні бүгінге дейін
араб тілінде миллиондаған кітап жазылды.
Олардың ешбіреуі оған тең
келмесі хақ.
Мұны ғалым болсын, надан болсын растап, сөзсіз былай
дейді: “Құран, бұлардың ешбіреуіне ұқсамайды. Ешқайсысы оған
теңесе алмайды!”. Олай болса, Құран я барлық кітаптардан төмен. Бұл
дос түгілі дұшпанның да мойындағанындай мүмкін емес жағдай. Ендеше,
“Құран дүниеде жазылған барлық кітаптардан жоғары, мерейі үстем!”.
Әлбетте, солай!


396-б

Leave a Comment

E-posta adresiniz yayınlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir

*