Уахи екі түрлі болады.Біріншісі: «Сарихи Уахи». Расулуллаһ мұнда тек қана аудармашы, қосары жоқ. Оған Құран және кейбір құдси хадистер жатады.
Екіншісі: «Зымни Уахи». Мұның да негізі мен өзегі уахи мен илhамға
сүйенеді. Бірақ түсіндіріп баяндау Расулуллаһқа (с.а.у) байланысты.
Уахимен келген қысқаша оқиғаны суреттеп, баяндау үшін Расулуллаһ
(с.а.у) тағы да илhамға немесе уахиге сүйене отырып парасаттылығымен
жеткізеді. Өз сөзімен түсіндіру кезінде пайғамбарлық міндеті жағымен
иләhи қуатпен әрі көпшіліктің ұғымына сай түсінікті болуы үшін қарапайым
тілмен баяндайды.
Міне, сондықтан әрбір хадистің бүкіл жағына нағыз уахи ретінде
қарау шарт емес. Адам болғасын болуы міндетті пікірі мен амалдарынан
пайғамбарлықтың ұлы нышандарын іздеу орынсыз болар.
Кейбір хадистер жалпы мағынада уахи арқылы келген. Пайғамбарымыз
оны өз парасатымен көпшілік қауымға түсінікті тілде жеткізе білген. Мұндай
қысқа-нұсқа сөзбен айтылған немесе теңеумен жеткізілген түсініксіздеу
тұстарын тәпсірлеу, тіпті, жору қажет болады. Мысалға, бір күні
Пайғамбарымыздың құзырында өте зор тарсыл дыбыс естілді. «Бұл тарсыл
жетпіс жылдан бері домалап келіп, енді ғана Жаhаннамның түбіне түскен бір тастың дыбысы» деді. Бір сағаттан кейін жетпіс жасқа келген аты шулы бір мұнапық өлді деген хабар келді. Жаhаннамға түсіпті. Пайғамбарымыздың (с.а.у) шешен түрде тәмсіл-теңеумен жеткізген оқиғаның осылайша жоруы түсінікті болды.
/19-мектуб,809-бет/