Сұрақ: Сахабалар Пайғамбарымызды (с.а.у) көрді, сосын иман етті.
Ал, біз боласқ көрмей-ақ иман келтірдік. Олай болса біздің иманымыз
әлдеқайда күшті. Әрі иманымыздың қуаттылығына дәлел болар риуаяттар
бар.
Жауабы: Сахабалар бүкіл ой-пікірлер, көзқарастар, дүниетаным
әбден қалыптасқан, діни нанымдар Ислам әкелген ақиқаттармен мүлдем үйлеспейтін, керағар тіпті дұшпан десе болатын ауыр кезеңде, адам
бейнесіндегі Пайғамбарымызды (с.а.у) ғана көріп, кейде мұғжизасыз иман
келтірді. Олардың иманы кәміл болғаны сонша жер бетіндегі бүкіл ой-
пікірлер, наным-сенімдер олардың имандарын әсте шайқалта алмайтын
еді. Күмән тұрмақ, уәсуәсе де бере алмайтын. Сендер болса, өздеріңнің
имандарыңды сол әз-сахабалардың имандарымен салыстырғыларың
келеді. Бүкіл Ислам жамағатының ой-пікірі имандарыңа күш-қуат беріп,
демеу болып тұрса да әрі Пайғамбарымыздың (с.а.у) пайғамбарлық дейтін
шежіресінің тұқымындай болған кісілігі, оның жеке адами тұлғасы ғана
емес, жалпы Ислам нұры мен Құран ақиқаттарымен бірлесіп нұрлы да
керемет рухани тұлғасын тамашалап, оны мыңдаған мұғжизасы арқылы
жанжақты ақыл көздеріңмен көре тұра, қайдағы бір Еуропалық философтың
сөзіне бола уәсуәсаға түсіп, күманданып қалатын имандарыңды кімдікімен
салыстырмақсыңдар? Бүкіл кәпірлер дүниесі және Насара мен Яхуданың
және философтардың қарсысында қаймықпай, тайсалмаған сахабалардың
имандары қандай дәрежеде!? Әрі иманның күшқұдіретін көрсететін және
иманнан бастау алған күшті тақуалықтары мен салиқалы, ізгі қасиеттері
қайда жатыр!?
Уа, ерегіскен қырсық! Тым әлсіздігенен парыздардың өзін
толық орындай алмай жүрген сенің көмескі иманың қайда? “Ақырзаманда
мені көрмей иман еткендер әлдеқайда артық” мағынасындағы риуаят,
жеке бастың өзіндік ерекшеліктеріне қатысты мәселе. Ол кейбір ерекше
жандардың белгілі бір мағынада ерекше қасиеттері туралы айтылған. Ал,
біздің көтеріп отырған мәселеміз жалпыға және көпшілікке қатысты.
Сөздер-553 бет