اَلتَّحِيَّاتُ اَلْمُبَارَكَاتُ اَلصَّلَوَاتُ اَلطَّيِّبَاتُ لِلّٰهِ
Бірінші Сауал: Тәшәһһүдте яғни намазда отырған кезде
оқылатын дұғаның сөздері миғражда Хақ Тағала мен Расулуллаһтың
өзара сұхбаты бола тұра, оның намазда оқылуының хикмет-сырын
ашып берсеңіз.
Жауабы: Әрбір мүминнің намазы оның бір мағынада миғражы
боп есептеледі. Енді ол құзырға, сол жағдайға үйлесетін лайық сөздер
әрине Мұхаммед алейһиссалату уәссәламның ұлы Миғражында
айтылған сөздер болмақ. Оны айтқан кезде сонау құдси мағына, киелі
сұхбат еске түседі. Еске түскенде ол мүбәрак сөздердің мағыналары
тереңдеп күллі мағынаға ие болып манағы ауқымы кең, киелі терең
мағыналар ойға оралады, оралуы мүмкін. Осылайша жәй амалдың
қадір-қасиеті артып, нұры жарқырай түспек.
Мәселен, Пайғамбарымыз Мұхаммед Алейһиссалату уәссалам
Миғраж түнінде Хақ Тағалаға сәлем сөзінің اَلتَّحِيَّاتُ لِلّٰهِ
орнына (Аттахияту) деді. Яғни, «Барлық жандылардың тіршілік арқылы
жасап жатқан хаяти тәсбихаттары мен шебер Иесіне ұсынған
табиғи сый – сияпаттары уа, раббым тек саған арналады. Мен
дағы, осының бәрін қиялыммен әрі иманыммен өзіңе ұсынамын».
Иә, Ардақты Пайғамбарымыз اَلتَّحِيَّاتُ لِلّٰهِ деген кезде бүкіл
тіршілік иелерінің табиғи ғибадаттарын, олардың өздеріне тән төл
құлшылықтарын ниет етіп Жаратқанға ұсынған-ды.
Сондай-ақ, тахияттың өзегі, оның мазмұны болған اَلْمُبَارَكَاتُ
сөзі арқылы барлық берекеге себеп нәрселердің, құтты және
бәрекелді дегізетін, мүбарак саналған және тіршіліктің және
жанды мақұлықтардың мазмұны болған жаратылыс әсіресе дән-
тұқымдардың, жұмыртқалардың табиғи берекеттігін, олардың өзіне
тән құлшылықтарын ниет етіп осындай терең мағынада айтқан екен.
Және береке ұғымының мазмұны болған اَلصَّلَوَاتُ
сөзімен де жандылардың қорытындысы саналатын, олардың өзіндік
ғибадаттарын ойлап Иләһи дәргаһқа әлгі терең мағынада ұсынған.
اَلطَّيِّبَاتُ сөзі арқылы да рух иелерінің қорытындысы болған
кәміл адамдардың және мұқарриб періштелердің және салауаттың
қорытындысы болған «таийба» (әдемі, жақсы) деген мағынаны
білдіретін сөзбен нұрлы да терең мағыналы ғибадаттарын ниет етіп
өз мағбудына, Жаратушы Иесіне арнап ұсынған екен.
Сондай-ақ, сол түні Аллаһ Тағала тарапынан
اَلسَّلَامُ عَلَيْكَ يَٓا اَيُّهَا النَّبِىُّ деуінің сыры мынада: Болашақта
жүздеген миллион адамдардың әрбірі күн сайын ең болмаса он рет
اَلسَّلَامُ عَلَيْكَ يَٓا اَيُّهَا النَّبِىُّ деп айтуын әмір еткендей және ол Иләһи
сәлем әлгі сөзге үлкен нұр сыйлап мағынасын тереңдете түсетіні
рас. Дәл сол секілді Расулуллаһтың (с.а.у.) ол сәлемге жауап ретінде
اَلسَّلَامُ عَلَيْنَا وَعَلٰى عِبَادِ اللّٰهِ الصَّالِح۪ينَ ықтың көпшілігі және үмметінің
салих, ізгі жандары Иләһи сәлемнің тәмсілі, нұры – дін Исламды
қабылдауын қалаған. Және дін Исламның жалпы белгісі болған мүминдер арасында اَلسَّلَامُ عَلَيْكَ وَ عَلَيْكَ السَّلَامُ сөзінің кең таралып әрдайым үмметінің
айтып жүруін армандап, Раббысынан соны сұрағанын байқаймыз,
бұл соны білдіреді, соны мегзейді. Сондай-ақ, сол сұхбатқа
қатысқан хазіреті Жәбрайіл періште Аллаһтың әмірімен сол түні
اَشْهَدُ اَنْ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ وَ اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللّٰهِ деп айтуының мәнісі, бүкіл үммет қияметке дейін осылай шәһәдат ететінін және сол сөзді айтып өтетінін сүйіншілеп хабар береді. Және осы қасиетті әңгімені еске түсіру арқылы сөздердің мағынасы жарқын болып, тереңдей түседі.
سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ
#6-Шуақ