1. Ешкімнен ешқашан сыйлық алмау, жалақы да алмау. Кейіннен де қаншама рет қамалып жер аударылса да ешкімнен еш нәрсе алмағандығына тарих куә.
2. Ешбір ғалымға сұрақ қоймау. Тек өзіне қойылған сұрақтарға жауап беретін. «Мен ғалымдардың білімдерін жоққа шығармаймын. Олай болса, оларға сұрақ қою артық болады. Ал менің білімімнен күмәнданатындар болса, сұрақтарына жауап берейін» дейтін.
3. Өз шәкірттерін де зекет, сыйлық алудан тыятын. Оларды тек қана Аллаһ ризалығы үшін жұмыс істеуге баулитын. Тіпті олардың ас-ауқатын көбіне өзі көтеретін.
4. Дүниелік ешбір нәрсеге көңіл аудармайтын. «Бүкіл малмүлкімді бір қолыммен көтеріп кете беруім керек» дейтін. Мұндай жағдайдың себебін сұрағандарға «Уақыты келгенде, менің мұндай жағдайыма жұрттың бәрі қызығатын болады. Екіншіден мол байлық маған ешқандай ләззат бермейді. Мына дүниеге уақытша қонақ үй ретінде қараймын» дейтін.