МАҢЫЗДЫ БІР СҰРАҚ: Махаббат пен сүйіспеншілік ықтиярмен болмайды. Жаратылысымнан мұқтаждығым бар тәтті тағамдар мен жемістерді жақсы көремін. Ата-анам мен балаларымды сүйемін. Өмірлік жолдасымды сүйемін. Қимас достарды сүйемін. Пайғамбарлар мен әулиелерге сүйіспеншілігім бар. Өмірді, жастық шақты сүйемін. Көктемнің сұлулығы мен дүниені сүйемін. Бұларды қалай сүймеске? Бұл махаббаттардың барлығын Аллаhтың сипаттары мен есімдеріне беру дегеніміз не? Бұл қалай болғаны?
Жауап: Иә, махаббат еріксіз болатыны рас. Бірақ, адам өз еркімен махаббатын бір сүйіктіден бұрып, екінші сүйіктіге арнауына болады. Мәселен, сүйіктісінің кемшіліктерін көру немесе ол шын сүюге лайық біреудің айнасы яки пердесі екенін білу арқылы махаббат нағыз иесін табады.
Жоғарыдағы айтқан сүйіктілерді “сүйме” демейміз. Оларды Аллаh ризашылығы үшін Аллаhқа деген махаббатпен сүюдің орны басқа. Мысал үшін, тәтті тағамдар мен жемістерді Хақ Тағаланың нығметі деп білу Аллаhтың “Рахман”, “Мүнғим” есімдерін сүю деген сөз. Мұндай махаббат тек қана нәпсі үшін емес, Аллаh үшін екендігін көрсететін нәрсе рұқсат еткен мөлшердегі адал еңбегің, қанағат пен шүкір. Әрі ата-анаға деген махаббатың және олардың саған деген мейірімі, сені аялап асырап өсіруі Аллаhқа деген махаббаттан бастау алуда. Бұл сүйіспеншіліктің Аллаh үшін болғандығына дәлел: олардың қартайған шағында, саған ешқандай да пайдасы қалмаған кезде, тіпті, сенің қолыңа қарап қалған күндерінде оларға деген құрметіңнің арта түсуінде.
Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Исра, 17: 23 аяты:
Баланың ата-анаға бес түрлі құрмет көрсетуі керектігін бұйыруы ата-ананың қаншалықты құрметке лайық, құқықтарының өте маңызды екендігін көрсетеді. Ал оларды құрметтемеу, қарсы келудің жат қылық екендігі баяндалады. Атаана балаларының өзінен де жақсы болғандығын тілейтіні белгілі. Баланың әкеге қарсы шығуға хақысы жоқ. Олай болса, атаана мен балалар арасында даудамай боларлықтай жаратылыстан келген себеп жоқ. Даужанжал қызғанушылық пен көре алмаушылықтан өрбиді. Ал атаана мен бала арасында ол жоқ. Не болмаса, әділетсіздіктен жанжал шығады. Ата-анаға қарсы шығуға баланың хақы жоқ.
Демек, ата-анаға қарсы келіп, оларды ренжітетін бала адам бейнесіндегі хайуанмен бірдей. Ал балаларды Заты Рахими Кәрімнің сыйы ретінде сүю, оларды мейірімге бөлеу, қызғыштай қорғау Аллаh үшін екендігін көрсететін дәлел: балалардың өліміне бет жыртып жылау орнына сабыр сақтап, шүкір ету.
“Жаратқанның менің қамқорлығыма берген сүйікті бір құлы еді, Аллаhтың берген уақыты да бітті, менен алып, бұдан да жақсы жерге жолдады. Менің бұл құлда азғана пайым бар екені рас. Негізгі жаратушысы Ол, бәрі де Аллаhтың қолында”, деп мойынсұну.
Өмірлік жарыңа деген махаббат: Жан дүниесінің сұлулығына, мейірімді мінезіне ғашық болып, Аллаhтың бір сыйы екендігін түсінсең, жарыңды шын көңіліңмен аяласаң, ол да саған аса құрмет көрсетіп, махаббатын саған арнайтын болады. Екеуің қартайған шағыңда махаббатарың арта түседі. Әйтпесе, тән сұлулығына қызығатын болсаң, ондай махаббат баянды болмайды. Отбасының шырқы бұзылады.
Ата-анаға деген махаббат: Хақ Тағала үшін болғандықтан, ол да бір құлшылық, ғибадат. Әрі олардың қартайған шағында құрмет пен махаббатыңды арттыра түсесің. Шын жүректен, жан сезіммен олардың өмірінің ұзақ болуына дұға етерсің. “Оларға деген қызметтерімнің арқасында сауап алайын” деп, шын көңілден көрсетілген құрмет рухани ләззат береді. Егер нәпсің үшін, дүние үшін жақсы көрген болсаң, олардың қартайған шағында саған ешқандай да көмегі тимей, қайта сенің қолыңа қарап қалған кезінде, қарағың келмейді. Ал, өмірге әкелген аяулы жандарға өлім тілеу барып тұрған хайуандық, рухани азғындық.
Балаларыңа деген махаббат: Хақ Тағаланың сенің бақылауың мен тәрбиеңе берген аманаттары деп білу бір нығмет. Олай болса, оларға қараудан ешқандай ауырлық шекпейсің, қайтыс болғанда да үмітсіз өкінішке қалмайсың. Жоғарыда баяндалғанындай, оларды Жаратқан Аллаһ hәм Хаким, hәм Рахим болғандықтан, “Олар үшін бұл өлім бір бақыт”, деп сабыр етесің. Оларды саған берушіні ойлап, қайғы мен өкініштен құтыласың.
Жақындарыңызға сүйіспеншілік: Аллаh үшін болғандықтан, олардың ұзақтығы, тіпті, өлімі де сіздің сүйіспеншілігіңізге бөгет бола алмайды. Мағынауи махаббат пен рухани жақындығыңыз жалғаса береді. Бірге отырып жасаған бір күндік сұхбатыңыздың ләззаты Аллаh үшін болмаса, жүз күндік кездесе алмаумен бірдей.
#32-сөз,3-нүкте