Ақыретте Ислам Рисале-и Нұр

Жәһәннам қай жерде?

قُلْ اِنَّمَا الْعِلْمُ عِنْدَ اللّٰهِ ٭ لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ

Жәһәннамның қай жерде екені, кейбір риуаяттар бойынша жер шарының астында. Басқа жерлерде де айтқанымыздай, жер шары бір жылдық орбитасында болашақтағы махшар алаңын айналып, шеңбер сызып жүр. Жәһәннам, жердің сол жылдық орбитасының астында деген сөз. Ол перделі һәм нұрсыз от болғандықтан көрінбейді және сезілмейді. Жер шары саяхат етіп жүрген кеңістікте көптеген жаратылыс бар, бірақ олар нұрсыз болғандықтан көрінбейді. Айға нұр түспесе көрінбей қалатыны сияқты, көз алдымызда көптеген нұрсыз планеталар, жаратылыстар болса да, біз оларды көре алмаймыз. Әзірге Жәһәннам екеу, біреуі кішкентай, біреуі үлкен. Болашақта кішісі үлкенге айналады. Қазір кішісі үлкенінің шағын үлгісі, бейне бір тұқымы деуге болады.. Болашақта үлкен жәһәннамнан өз орнын алады. Кіші жәһаннам жердің ортасында. Геология ілімі бойынша әр бір отыз үш метр тереңдеген сайын жылу бір градусқа артатыны белгілі. Ал жердің радиусы алты мың шақырымнан астам. Демек ол жерде екі жүз мың градустық от бар деген сөз. Ол дүниелік оттан екі жүз есе ыстық. Яғни хадисте айтылған ыстыққа сәйкес келеді. Осы кіші жәһәннам дүниеде және берзах әлемінде үлкен жәһәннамға тиіесілі көптеген міндеттерді атқаруда. Ол туралы көптеген хадистерде ишара етілген. Ақырет күні жер шары өз тұрғындарын жылдық орбитасындағы махшар алаңына төгеді. Ішіндегі кішкентай жәһәннамды Аллаһтың әмірімен үлкен жәһәннамға тапсырады. Әзірге үлкен жәһәннам өз тұрғындарына лайық, толық қызмет көрсетіп тұрмағандықтан, кейбір Муғтазила имамдары: «Жәһәннам кейіннен жаратылады» дегені қате және ақылсыздық. Сондай-ақ, ақырет әлеміне тиісті көзге көрінбейтін ғайып пердесінің ар жағындағы нәрселерді дүниелік көзбен көріп, көрсету үшін не ғаламды кішірейтіп, екі ауыл сияқты қылып қою керек, не болмаса көзіміз жұлдыздай үлкен болуы керек, сонда ғана оларды көріп біле аламыз.

وَالْعِلْمُ عِنْدَ اللّٰهِ

Ақырет әлеміне тиісті орындар, бұл дүниелік көзімізге көрінбейді. Дегенмен кейбір риуаяттардың ишаралары бойынша, ақыреттегі жәһәннамның бұл дүниемен байланысы бар. Жаздың қатты ыстығына

مِنْ فَيْحِ جَهَنَّمَ деп айтылады.
Демек, мына дүниелік сығырайған, көмескі ақыл көзімен сондай үлкен жәһәннам көрінбейді. Бірақ Аллаһтың Хаким есімінің нұрымен қарауға болар. Ол былай: Жердің бір жылдық орбитасының астындағы үлкен жәһәннам, жердің ортасындағы кіші жәһәннамды, құдды бір өзінің уәкіліндей етіп, кейбір міндеттерін жүктеген. Қадир-і Зүлжәлалдің иелігі өте кең. Иләһи хикмет қай жерді қаласа, үлкен жәһәннам сол жерге орналасады. Қадир-і Зүлжәлал,

كُنْ فَيَكُونُ әмірінің иесі Хаким-і Зүлжәмал көз алдымызда кемел хикметпен жүйелі тәртіп бойынша айды жерге байлап қойған Ұлы Құдірет, кәміл жүйе арқылы жерді күнмен байланыстыруда. Рубубиетінің ұлылығы – Күнді де айналасындағы ғаламшарлармен қоса, жер шарының бір жылдық жылдамдығына жақын жылдамдықпен, Шәмсул шумуске (ең үлкен күн) қарай жылжытып бара жатқан болуы мүмкін. Сондай-ақ, безендіру үшін жасалған электр лампалары сияқты жұлдыздарды Рубубиетінің билігіне нұрлы дәлелдер етіп, сол арқылы Рубубиетінің билігі мен Құдіретінің ұлылығын көрсетіп тұр. Міне, үлкен Жәһәннамды, электр лампаларына жарық беретін станцияның қазандығы етіп, аспан әлемінің ақыретке қатысты жұлдыздарын сол арқылы жағып, қызу мен қуат беруі, яғни, нұр әлемі болған Жәннәттан жұлдыздарға нұр беріп, Жәһәннамнан от пен қызу беруі және Жәһәннамның бір бөлігін азапқа лайық күнәһарларға мекен және түрме жасауы мүмкін, мұны хикметінің кемелдігі мен құдіретінің ұлылығы және рубубиетінің билігі талап етеді десе болады. Фатир-ы Хаким алып ағашты, тырнақтай дәнге сиғызып, сақтап қоятыны рас. Жер шарының ортасындағы кішкене жәһәннамның дәніне де үлкен жәһәннамды сыйғызып қоюы, Зат-ы Зүлжәлалдың Құдіреті мен Хикметінің талабы деуге болады.

Қорытынды: Жәннат пен Жәһәннам – ғалам ағашының мәңгілікке қарай бет алып, иіліп бара жатқан бұтағының екі жемісі. Жеміс бұтақтың ұшында болады. Һәм, ғалам атты тізбектің екі ұшы, яғни нәтижесі. Нәтижелер тізбектің екі басында болады. Жаманы мен нашары астында, нұрлы әрі тәуірі үстінде. Сондай-ақ, Раббани істердің көріністері мен жер бетіндегі рухани жемістердің екі қамбасы. Қамбаның орны өнімдердің түріне байланысты: нашары астында, жақсысы үстінде. Һәм мәңгілікке қарай толқындана ағып бара жатқан жаратылыс ағысының екі тоғаны. Тоған болса – ағыстың тоқтап, жиналған жерінде болады. Яғни лас, қоқысы төменде, таза, мөлдірі жоғарыда. Сондай-ақ, мейірім мен қаһардың, рахым мен ұлылықтың көрініс табатын сахнасы. Бұл, кез-келген жерде болуы мүмкін. Рахман-ы Зүлжәмәл, Қаһһар-ы Зүлжәләл қалаған жеріне орнатады. Ал, Жәннат пен Жәһаннамның бар екендігі Оныншы және Жиырма сегізінші һәм Жиырма тоғызыншы Сөздерде нақты дәлелденген болатын. Енді сөзімді түйіндейтін болсақ: Ағаш болса, міндетті түрде жемісі де бар. Жемістің бар екендігі бұтақтың болмысынан анық, нәтиженің болатындығы тізбектің тұрпатынан көрініп тұр. Ғаламның бар екені рас, ендеше нәтиже де болады. Қамбаның болатынын оған келіп түсетін өнімнен, тоғанның болатынын оған ағып келетін өзеннен көреміз. Мейірім мен қаһар бар жерде олардың көрініс табатын жері де бар деген сөз. Бұған күмән жоқ.

1-мектуп,3-сұрақ

Leave a Comment

E-posta adresiniz yayınlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir

*