Сұрақ: اَلْمَرْءُ مَعَ مَنْ اَحَبَّ сыры бойынша
“Жәннатта әркім өз сүйгенімен бірге болады” делінген. Алайда қарапайым
бір бәдәуи араб, әз Пайғамбармен бірақ минут сұхбаттасып Аллаһ үшін
оған махаббаты оянған болса, енді сол махаббаты үшін жәннатта
пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уасәлламның жанында болуға тиіс. Сонда
қалай шексіз нұрға бөленген Расулі Әкрем саллаллаһу аләйһи уасәлләмнің
нұры, оның жоғары мәртебесі жәй қарапайым бір бәдәуидің нұрымен,
дәрежесімен қалайша тең болады.
Жауабы: Бұл терең ақиқатқа мына бір мысал арқылы ишара қыламыз:
Өте тамаша, керемет бір баубақшада абыройы үстем жомарт біреу үлкен қонақасы беріп, өте тамаша бір демалыс орнын әзірлеткен екен. Дастархан тіл үйірер саналуан тәтті тағамдармен жайнап тұр, неше түрлі ләззаттың бәрі бар һәм көрерге көзі барларға арнап таңтамаша әшекеймен безендірілген һәм қиялойды рахаттандырар бүкіл таңғажайыпқа толы, тағысын тағы… ішкісыртқы сезімді толық қанағаттандыратын, көңілді жайлайтын бәрі барау бәрі. Енді, екі дос бір бөлмеде, бір дастархан басында бірге отырады. Бірақ біреуінің дәм сезу қабілеті нашар болғандықтан азғантай ғана қызық көріп, шамалы ләззат алады. Көзі де нашар көреді екен, мұрны да иісті дұрыс сезбейді. Таңғажайып өнерден көп түсіне бермейді екен. Кереметтерге аса мән бермейді. Сол бір керемет әсем саябақтағы серуен жайдан, манағы берекелі дастарханнан мыңнан тіпті миллионнан бір бөлігін ғана қабілетінің шамашарқынша қызықтап пайдаланады. Қасындағы адам болса, бүкіл ішкісыртқы сезімдері, ақылы, ойөрісі, көңілі, сыры, мөлдір сезімдері толық жұмыс істеп, кемелденгені сонша әлгі әсем жайдағы барлық нәзіктікті, көз тоймас сұлулықты, көркем сұлу таңғажайыптарды жаппай жекежеке тамашалап, толық сезіне түрлітүрлі ләззатына бөленсе де бағанағы досынан бір елі ажырамай қасында отыр.
Демек, мына аласапыран әрі тар қапастай дүниеде осындай жағдайлар болып, ең үлкен мен ең кішкентай нәрсе бір қатарда тұрса да араларында жер мен көктей айырмашылық болады екен. Олай болса, әлбетте мәңгі бақыт мекені болған жұмақта да жоғарыда айтылғандай, досдосымен бірге бола тұра әрқайсысы қабілетіне қарай Рахманур Рахимнің дастарханынан қабілеттерінің шамасына қарай өз үлестерін алатын болады. Жәннаттағы тұратын мекені бөлек болса да бірге болуларына ешқандай кедергі туғызбайды. Өйткені, жәннаттың сегіз қабаты бірбірінен биік, біріненбірі асып түссе де барлығының ортақ төбесі, яғни, шатыры Аршы Ағзам болып табылады.
Мысалға, төбесі шошақ пішіндес яғни конус тәрізді бір таудың айналасында бірбірінің ішіне орналасқан, бірақ бірбірінен биік, етегінен бастап сонау ұшар шыңына дейін қорған іспеттес бітіскен шеңберлері болса, бұл шеңберлер бірбірінің үстіне орналасқанымен өзара Күннің сәулесін алуға бірбіріне кедергі болмайды, біріненбіріне өту оңай, бірбірімен тығыз байланысты. Дәл сол секілді жәннаттар да осы тәріздес екенін хадистердегі түрлі риуаяттар ишара қылады.
28-сөз 3-сұрақ.