Демократиядағы еркіндікті біреулер былай түсіндірді. «Демократиялық қағидалар бойынша адамдар ойына келген арсыздықтар мен нәпсіқұмарлыққа барса да ешкім еш нәрсе демейді екен, біреуге зиян тигізбесе болды» – дейді ғой.Сол рас па?
Жауап: Ондайлар демократиялық еркіндікті емес, өздерінің нәпсіқұмарлықтары мен арсыздықтарын жариялауда. Баланың сылтау айтуы секілді сандырақ. Ал нағыз еркіндік – әдептілікті шариғаттан үйреніп, кемелдене түсу. Ал, азғындық пен арсыздыққа бастайтын еркіндік – еркіндік емес, хайуандық. Шайтанның жетегінде кетіп, нәпсіге құл болу. Еркіндік – өзіне де, өзгеге де зиян тигізбеу.
Ей көшпенділер! Сендердегі азаттық – жартылай азаттық. Екінші жартысы басқаның еркіндігіне қол сұқпау. Сендердегі азаттықөлмес тамақ табу мен жартылай жабайылық араласқан азаттық.
Мұндай азаттық өздерің осы тауда бірге өмір сүріп жатқан малда да бар. Бұл бишара хайуандарға рахат, ләззат сыйлайтын да осы еркіндік. Алайда, күндей жарқын, рухты тәнті етуші адамгершіліке лайық еркіндік – мәдениеттің бақыт сарайында біліммен сусындаған жоғарғы құндылықтарға қол жеткізіп, Ислами тәрбиемен безенген еркіндік болмақ.
Сұрақ: Тәуелсіз болу – имандылықтың белгісі дейді. Мұны қалай түсінеміз?
Жауап: Иман етіп, Аллаһқа қызметші болған адам басқаның зорлық-зомбылығына көніп, езгісіне түспейді. Сондай-ақ, имани мейірім басқа біреудің құқын таптауға жол бермейді.
Патшаның жөні түзу қызметкері, қойшыны басынуға бара қоймайды. Бір бейшараны басынбайды. Демек иман қаншалықты кәміл болса, азаттық та соншалықты жарқырай түседі. Бақытты ғасыр дегенің сол.
Сұрақ: Бір ұлы тұлғаның алдында, әулиенің шейхтің, ғұламаның алдында қалай еркін бола аламыз. Олардың жоғарғы қасиеттері біздің мысымызды басса несі сөкет. Біз олардың өнегесінің тұтқыны емеспіз бе?
Жауап: Әулиеліктің, пір болудың, ұлылықтың сәні – кішіпейілділік. Тәкәббарлық, басынушылық емес. Тәкәббарлық танытса үлкендік емес, білгендік емес балалық. Ондайларға сендер де ұлы тұлға деп қарамаңдар.
Сұрақ: Бізге жұбаныш сыйлаған мына асқақ үмітті, үмітсіздікке айналдырып жіберетін және өмірімізді улап, елімізді бөлшектеп жібергісі келіп, аузын арандай ашқан жыландарды қайтеміз?
Жауап: Қорықпаңдар, мәдениет, фазилет және азаттық адамзат әлемінде жеңіске жете бастағандықтан, таразының екінші басы қаласа да қаламаса да ақырын-ақырын жеңілдей береді. Аллаһ бетін аулақ қылсын, егер біздің бөлшек-бөлшегімізді шығарып, өлтіре қалған күннің өзінде, сенімді болыңдар, жиырмамыз өлсек, үш жүз болып тірілеміз. Басымыздан ұятқа қалдырар нәрселер мен алауыздықтың шаңын сілкіп тастап, нағыз зиялы, ауыз біршілігіміз мол жағдайда адамзаттың керуеніне көшбасшы боламыз. Біз ең әдемі, ең жоғарғы дәрежедегі өмірге жол ашар өлімнен қорықпаймыз. Біз өлсек те Исламият аман қалады. Сол қасиет дарыған халқымыз аман болсын!
Сұрақ: Мұсылман еместермен қалай тең боламыз.
Жауап: Теңдік, жоғарғы дәреже, даңқта емес, құқықта. Құқық бойынша, хан да қара да бірдей. Шариғатымыз «Біле тұра құмырсқаны да баспаңдар» деп, олардың өзін қиын жағдайда қалдыруға тиым салып тұрғанда, Адам баласының құқын қалай таптайсың? Құдай сақтасын біз ондайға бармаймыз.
Иә, Имам Алидің қарапайым бір яһудимен соттасуы және мақтанышымыз саналар Салахаддин Аюбидің жарлы христианмен соттасуы, сендердің мына қате түсініктеріңді түзетер деп ойлаймын. (Сілтеме*) Өйткені, демократия халықтың қамын ойлайды, билік халықтың қызметшісі. Егер демократия дұрыс жүретін болса, әкім мен уәли би емес, жалақыға жалданған қызметкер ғана болады. Мұсылман емес адам басшы, би болмайды, бірақ қызметкер бола алады. Мысалға мемлекеттік қызметкер белгілі бір дәрежеде бастық – би дейік. Мұсылман емес үш мың адамды бастық етіп сайлау арқылы Әлемнің түкпір-түпкірінде үш жүз мың мұсылманның әкім болуына жол ашылады. Бір жоғалтып, мың ұтқан зиян шекпейді.