Бедиуззаман Саид Нурси Ислам Рисале-и Нұр

Алғашқы Нұр медресесі

Барла – иманды жандарға рухани күш ретінде жеткен Рисалей-
Нұр жинағының жазыла бастаған жері. Барла, мұсылман халықтың,
әсіресе, Анадолы халқының басына түскен сұмдық жағдайларға,
адасушылық пен дінсіздік деп аталатын қараңғылықтарға қарсы
Құраннан жеткен нұрдың құйылған жері. Бақыт таңының атқан жері.
Барла мына берекелі Анадолыға және мына мұсылман халықтың
ұрпағына, тіпті Ислам әлеміне Аллаһтың мейірімі түсіп, жарылқаған,
өлісінің де тірісінің де бақытына себеп болар туындының жарыққа
шыққан жері… Бәдиүззаман Барлада да қатаң бақылауға алынады.
Барлаға жер аударылуының себебі де үлкен қалалардан жырақта,
алыс ауылға орналастырып, Ислам дініне қызмет етуіне бөгет болу,
ешкіммен кездестірмеу, сөйлестірмеу.
Діни, имани шығармалар
жаздырмау, дінсіздермен күрестірмеу, Құранға қызмет еттірмеу
болатын. Бәдиүззаман бұл жоспарларға керісінше әрекет жасай алды.

Шалғайдағы шағын ауылдың өзінде Рисалей-Нұр тәпсірін жазып,
жасырын таратуда еді. Бұл табыстар, бұл жеңістер, ұлы жеңістер еді.
Осы бір дінсіздік белең алған тұста, ешқандай діни шығарма жазуға
рұхсат жоқ еді.
Діндарлардың үнін шығармай, көздерін жоюға
кірісілген кез еді. Дінсіздер Бәдиүззаманның көзін жоя алмады,
қарайып қалған жүректер мен ақылдарды қайта оятатын Ислами,
имани жазбаларын жалғастыра беруіне кедергі бола алмады.
Бәдиүззаманның дін жаю әрекеттері жиырма бес жылдық шектен
шыққан зұлымдықтар мен диктатуралық кезеңдегі ешкім жасай
алмаған істер еді. Осы бір дінсіздік белең алған тұста, ешқандай діни
шығарма жазуға рұқсат жоқ еді.

Бәдиүззаман Барлаға 1925-1926 жылдары жер аударылды.
Бұл кезең Түркияда жиырма бес жылға созылған диктаторлық
режимнің алғашқы жылдары еді.
Жасырын дін дұшпандары Ислами
нышандарды жеке-жеке жойып, Ислами рухты сөндіруді, Құранды
жинап алып, жойып жіберуді ойластырып жүрген. Бұл істердің
қолдарынан келмейтінін түсінген олар, отыз жылдан кейінгі ұрпақ
Құранды өз қолдарымен құртатын жоспар құрып, енді соны іске
асыруға тырысып жатқан еді.
Исламды жою үшін тарихта болмаған
бұзғыншылық пен зұлымдық жасалып жатқан еді.

Ұстаздың Барлада отырған жері екі бөлмелі үй. Бұл үй ең
алғашқы Нұр медресесі еді. Іргесінен сылдыраған бұлақ ағып
жататын. Алдында бұтақтары үш тарам болып көкке өрлеген алып
шынар ағашы бар. Сол ағаштың қалың бұтақтарының арасында
қолдан жасалған шағын үйшік болатын. Бұл жер Ұстаз көктем, жаз
айларында тәфәккүр етіп, (терең ой, толғаныс) құлшылық жасайтын
ең тамаша орын еді. Барла халқы «Ұстаздың таң атқанша сол үйшікте
зікір салып, тәсбих тартып отыратынын көретінбіз» дейді.

Ұстаз көп ауыратын, мазасы кетіп, қатты қиналып отыратын
сәттері де көп еді. Тамақты өте аз ішетін. Түні бойы Құран Кәрімнің
таңдаулы жерлерін (вирд) және Пайғамбарымыз (С.А.У.)–ның атақты
мінәжаты болған Жәушан-ул Кәбирді және Шаһы Гейлани, Шаһы
Нақшибенди сынды атақты әулиелердің хизбтері мен мінәжаттарын
оқитын.
Салауат-ы Нуриелерді, әсіресе Рисалей-Нұрдың бұлағы
саналар «Хизбун Нуриені» және Құран аяттарының нұры, тәфаккүр
силсиесі болған жиырма тоғызыншы лемада жинақталған хизбтер
мен мінәжаттарды оқып отыратын. Олар біткен соң қайтадан
Рисалей-Нұрмен шұғылданатын. Күндіз Рисалей-Нұрды талқылап,
тексерумен болатын. Рисалей-Нұрға қызмет етуді барлық нәрседен
артық көретін.
Рисалей-Нұрға қатысты бір шұғыл шаруа шығып
қалса, басқаның бәрін ысырып қойып, әуелі соны бітіретін.
Саид Нұрси көктем шыға есік алдындағы алып шынар ағашының
басындағы ұяшыққа шығып алып, жұмыстарын сол жерде атқаратын.
Рисалей-Нұрдағы ақиқаттарды, олардың қайнар бұлағы саналар
жоғарыдағы рухани әлемнен тамашалап, тәфәккүр ететін. Ұстаздың
осы алып шынардың үстіндегі ұяшықта немесе Чам тауындағы қарағайдың басында отырып жасаған тәфәккүрлері мен толғаныстарын айтып жеткізу мүмкін бе?

Аллаһ Тағала өзінің аса мейрімімен ол кісіге адам баласының
бойында кездесер бүкіл кемелдіктер мен қабілеттерді жиып берген,
солай жаратқан. Сол қабілеттердің мейлінше ашыла түсуіне де
жағдай туғызған. Осы бір ерекше жанды Исламият деп аталатын алып ағаштың соңғы ғасырларына жайып, бұтақ салған Рисалей-
Нұрдың рухани тұлғасы болуы жағымен, барлық ақиқаттар жөнінен
«Жалпылық Ұстаз» етіп қойған және бүкіл Ислам ақиқаттарының бір
сәулесінің, бір көрінісін Рисалей-Нұрдың рухани тұлғасының бойына
сіңіріп жіберген.
Ақиқатты тапқан кәміл жандарды таң қалдыруда.
Осылайша Мұхаммед(с.а.у.)-ның Пайғамбарлығы мен ол жеткізген
ақиқаттардың бір айнасы болған Рисалей-Нұр мен Саид Нұрси, бір
Саид ретінде біте қайнасып, сіңісіп кеткен, бірақ рухани жақтан
Ислам әлемі болып қайта туып, қайта жалғасып келеді. Рисалей-
Нұр қияметке дейін қала бермек, дами бермек
. Шыбынның қанатын
жаратқан кезде оған аса мән беріп, сол қанаттағы молекулалардың
өзінде көптеген хикметті пайдалы істер атқартып тұрған
Жаратушы Аллаһ, Рисалей-Нұрға және оның жазылған жерлерімен,
авторына, аса маңызды рольдер ойнаған орындарға мән бермеуі
мүмкін бе? Ондай киелі қызметтер атқарылған орындар мен Нұр
дәрісханалары және берекелі ағаштар, оларды белгілі бір мақсатта
жұмсап отырған Аллаһтың мейірімінен тыс қалуы әсте мүмкін бе?

Бәдиүззаман Барлаға жақын маңдағы Чам тауына жиі шығатын.
Сол таудың биік шыңдарының бірінің ұшар басына біткен екі
алып қарағайдың басында да, Барладағы шынар ағашының
үстіндегідей ұяшықтары болатын. «Мен бұл ұяшықтарды Хан
сарайына да айырбастамаймын»
деп, сол ұяшықтарда Рисалей-
Нұрмен шұғылданып отыратын.


rebrand.ly/omirtarihi

141-бет

Leave a Comment

E-posta adresiniz yayınlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir

*